Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу керек?

Негізгі ұйымдық-құқықтық формалар
ҚР бизнесті жүргізудегі негізгі және таратылмалы формалар:
1) заңды тұлға   Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ЖШС»;
2) жеке тұлға  Жеке Кәсіпкер  «ЖК»;
3) басты заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу «Бөлімше немесе Басқарма» болып табылатындар.
Бұдан басқа қызығушылықтары аз, кейбір жағдайларға қажетті немесе қолайлы өзге де формалар бар. Жоғарыда аталған үш форманың қолайлы жағдайлары. 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Көбірек таратылған, тіптен қатысушылар енгізілген жинақтар құнының шегінде серіктестіктің жұмысына тікелей байланысты  міндеттерге жауап қайтармайды және оның шығынға ұшырауы қауіпіне жол береді.
ЖШС құрылтайшылары жеке нормативтік-құқықтық актілермен белгіленбеген жағдайда кез-келген үлес қатынасында оның жеке және заңды тұлғасы, ҚР резиденті бола алады немесе резиденті болмайды. Тіркеуші орган – ҚР әділет органдары және салық органдары.

Жеке кәсіпкерлер
Жеке тұлға жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлігін ресімдей  және арнайы салық режимдерін таңдай отырып өзінің кәсіпкерлік қызметін салық органында тіркей алады.
Арнайы салық режимдері – кейбір жағдайларда ерте енгізілуі мүмкін екі төлем жүргізу кезіндегі негізгі салық түрлерін төлеуді айқындайтын біржолғы талондар, патент, қысқартылған негіздегі декларацияларды тапсыру. Мұнда салық салу режимін таңдау таңдауда көптеген мүмкіндіктер мен бөлшектері бар, ЖК формасындағы жұмыс негізінен ең қысқа және негізгі жағдайларда салық уақыты жеңілдетілген, шағын және микро бизнестер ЖК формасына жатқызылады.

 «ЖШС» және  «ЖК»  жұмыс артықшылықтарына қарай статус таңдалады
ЖШС шағын, орта және ірі бизнес субъектілері бола алады.  ЖК шағын және орта бизнес субъектілері бола алады. Шағын бизнесте - жұмысшылар саны 50 адамнан артық емес, активі жылына 60 000 АЕК  жоғары болмау, орта бизнесте – жұмысшылар саны 250 адамға дейін, актвиі жылына 325  000 АЕК жоғары болмау, ірі бизнес – шектелмеген.  Шағын бизнес келесі әрекеттерді: наркотикалық, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатуға; акцизсіз өнімдерді өндіруге және топтап сатуға; нан қабылдау пунктерінде астық сақтау қызметтерін; лоторея ойнатуға; ойын және шой-бизнес саласының қызметтерін; қазба жұмыстарын жүргізуге, мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергияларын  өндіруге және сатуға; радиоактивті материалдарға қатысты қызметтерді атқаруға; 
банктік қызметтерді (немесе жеке банктік операцияларды) және сақтандыру нарығы қызметтерін жүзеге асыруға (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); аудиторлық қызметтерді; құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтерді, несиелік бюро қызметтерін, қорғау қызметтерін іске асыруға құқығы жоқ. Шағын бизнес субъектілерінің минималды жарғылық капиталы 100 теңге, орта және ірі бизнес субъектілерінің минималды жарғылық капиталы 100 АЕК.

Бөлімшелер мен Басқармалар
Бөлімшелер мен Басқармалар  бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері, олар заңды тұлға болып табылмайды, заңды тұлғаның мүддесін қорғайды, оның атынан келісімдер және басқа да құқықтық әрекеттер жасайды. Шетел компанияларының бөлімшелері мен басқармалары қазақстандық компаниялар құрылымы сияқты осындай режимде ашылады. Бөлімшелер мен Басқармалардың жеке мөрлері, есептік шоттары болады және жергілікті салықтарды есептейді.

Салық салу
ЖШС үшін келесі салық түрлері қаралған. Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік есеп, үстеме баға салығы, қоршаған ортаның ластануына арналған төлем. Тоқсан сайын салық  төлемдері мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу және есеп беруі қажет.  Жыл қорытындысы бойынша есеп беріп, корпоративтік табыс салығын, көлік салығын, жер салығын, мүлік салығын төлеуі қажет. 2011 жылдағы базалық ставка:
АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 1512 тг
МЕТ (минималды еңбек төлемі) 15 999 тг
Қаржыландыру ставкасы 7,5% (2011 жылдың 09 наурызынан бастап, өзгертілуі мүмкін)
КТС (корпоротивті табыс салығы) таза табыстан 20%
ЖТС (жеке табыс салығы) бір жұмысшының еңбекақысынан 10%, белгіленген формула бойынша есептеліп алынады.
Әлеуметтік салық бір жұмысшының еңбекақысынан 11%, белгіленген формула бойынша есептеліп алынады.
Әлеуметтік есептеме бір жұмысшының еңбекақысынан 5%, белгіленген формула бойынша есептеліп алынады.
ҮҚС (үстеме құн салығы) тауар немесе көрсетілетін қызмет бағасынан 12 %.
Бөлімшелер мен Басқармалар
Осыған байланысты бөлімшелер мен басқармалар заңды тұлғалар болып табылмайды, негізгі салықтар тек бөлімшелер мен басқармалар құрған заңды тұлғалардан алынады.

Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның бөлімшесі мен басқармасы төлеушілер сапасында қаралады:
- жеке табыс салығы;
- әлеуметтік салық;
- көлік құралдарының салығы;
- жер салығы;
- жылжымайтын мүлік салығы.
Бөлімшелер мен басқармаларға арналған жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар төлемі бөлімше мен басқарманың орналасқан орны бойынша тиісті бюджеттерге төленеді. Жер және жылжымайтын мүлік салығы бөлімше мен басқарманың мүліктері мен жер телімдерінің орналасқан жерлері бойынша тиісті бюджетке төленеді. Бөлімшелер мен басқармалардың салықтары жөніндегі ақпарат ақпараттық жүктемеге жауап бермейді, сондай-ақ салық салу қызметтік ерекшелігі мен таңдалған режим бойынша қызмет түріне байланысты болады.

Лицензиялар мен өзге де рұқсат беру құжаттары  
Лицензиялауға «Лицензиялау туралы» ҚР Заңына сәйкес қызметтердің белгілі түрлері ғана жатады. Лицензиялар келесі саладағы жұмыс түрлеріне беріледі:
1) өнеркәсіп;
2) атом энергиясын пайдалануға;
3) улы заттар айналымына;
4) техникалық қауіпсіздікке;
5) көлікке;
6)наркотикалық, психотроптық заттарға, прекурсоровтарға;
7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
8) жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға;
9) қару-жарақтарға, әскери техникалар мен қарулардың жеке түрлеріне, жарылғыш заттарға және ол қолданылатын заттарға;
10) космостық кеңістікті пайдалануға;
11) байланысты ақпараттандыруға;
12) білім беруге;
13) бұқаралық ақпарат құралдарына;
14) ауыл, орман шаруашылығына, жерге орналастыру, геодезия және картографияға;
15) денсаулық сақтауға;
16) туристік қызметтерге;
17) ойын бизнесіне;
18) ветеринарияға;
19) сот-сараптамаларына;
20) мәдениетке;
21) қаржы ресурстарын концентрлеуге қатысты қызметтер мен қаржылық салағады қызметтерге;
22) сәулет, құрылыс және қалақұрылысына;
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жасауға;
24) кеден ісіне;
25) этил спиртін және алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін шығаруға;
26) валюталық құндылықтарды пайдалануға қатысты қызметтерге;
27) тауарларды экспорттауға және импорттауға.

Лицензиялардың ресімделу түрлері – бас – әрекет ету мерзімі шектелмейтін қызметтердің кейбір түрлеріне; - біржолғы – рұқсат берілген шектеуде, көлемде, салмақта немесе санында (табиғи немесе ақшалай) белгілі шаруашылық операцияларымен айналысуға; - операциялық.

Лицензиялардың формалары мен олардың қосымшалары Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалады.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған ҚР Үкіметімен жүзеге асырылады. Осы бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар мен қарыздарды беру, кредит бойынша пайызды төлеуді төмендету, кредиттерге кепілдік беру және кәсіпкерлерді оқыту жүргізіледі.

Бағдарламаның мақсаты
: экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру.

Қатысушылар:
экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері – бизнесті ашқан немесе бар бизнесті кеңейтуге тілек білдірген кәсіпкерлер.

Бағдарламаның төрт негізгі бағыты бар:

  1. Мыналарды қосқанда жаңа бизнес-бастамаларды қолдау:
    Жаңа өндірістерді жүзеге асыруға, сонымен қатар әрекеттегіні жаңартуға және кеңейтуге бағытталған кредиттер бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялау;
    Жобаларды жүзеге асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша бөлшекті кепілдеме беру;
    Өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту.
  2. Мыналарды қосқанда кәсіпкерлік секторын сауықтыру:
    Банктердің қолда бар кредиттері бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялау;
    Өсімақыны есептеусіз салықтарды төлеу бойынша (ЖТС басқа) мерзімін ұзартуды ұсыну.
  3. Мыналарды қосқанда кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету:
    Сәйкес қаржы жылына ақшалай түсімнің жалпы көлемінен 10%-дан кем емес көлемде валюталық түсімі бар кәсіпорындар кредиттері бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялау.
  4. Мыналарды қосқанда кәсіпкерлік әлеуетті нығайту:
    Жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау;
    Сервистік қызметтерді ұсыну;
    ШОБ топ-менеджментіне оқыту;
    «Іскер байланыстар» жобасы.

Бөлім басшысы М. Байжуменов

 

Парақтар өзгертілді: 15-08-2017