Әдеп жөніндегі уәкіл

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Арыстанбек Ринат АрыстанбекулыАрыстанбек Ринат Арыстанбекұлы - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі.

Мекенжай:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
М.Горький көшесі № 40, 127 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7232) 71-31-78.
Электронды мекен-жайы: r.arystanbek@akimvko.gov.kz.

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі

Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен  уақыты

Қабылдау орны

Байланыс телефоны

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы

Шығыс Қазақстан облыс әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Апта сайын сейсенбі күндері
сағат 16.00-ден
18.00-ге дейін

Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40, 127 кабинет

8(7232)
71-31-78

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Марченко Лариса ЕвгеньевнаШығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі - Марченко Лариса Евгеньевна

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы,
Советский көшесі, 59, 209-кабинет.
Байланыс телефоны: 8(72332) 3-25-12.
E-mail: L.Marchenko@akimvko.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілінің
мемлекеттік қызметшілерді және өзге де азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік қызметшілерді және өзге де азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә. Қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Қабылдау орыны

Байланыс телефоны

Марченко
Лариса Евгеньевна

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Апта сайын сәрсенбі күні
сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

Шемонаиха қ., Советский к., 59, 209-кабинет

8(72332) 3-25-12

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 14-08-2018