Аппараттың бөлімдері

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлім

Руспаев Руслан Сайлаубаевич kn Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы – Руслан Сайлаубайұлы Руспаев

Руслан Сайлаубайұлы Руспаев 1982 жылы 3 мамырда Шемонаиха қ. дүниеге келді. 2005 ж. "Құқықтану" мамандығы бойынша Шығыс гуманитарлық институты (Өскемен қ.) бітірді, 2009 жылы "Есеп мен аудит" мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бітірді. 2003 – 2008 жылдар аралығында "ҚТЖ "ҰК" АҚ 37-ші жол дистанциясында жұмыс істеді. 2008 – 2009 жылдары Шемонаиха ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы. 2009-2010 жж. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының сарапшы-талдаушысы. 2011 – 2013 жж. Шемонаиха ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы. 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі. 2016 жылғы қараша айынан бастап Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы. 2018 жылғы 03 қаңтарда Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Байланыс телефоны: 8(72332)33534

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады; бөлімге басшылықты жүзеге асыру; бөлімге жүктелген мәселелерді шешу үшін жеке жауапкершілік жүктеледі. Облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, аудандық мәслихатпен, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерімен аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық байланысын қамтамасыз етеді. Бөлімде міндеттерді бөледі. Басшылыққа келісімге беру үшін бөлім, аудан әкімі аппараты, аудан әкімінің жұмыс жоспарларын дайындайды, оның орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. Аудан әкімінің аппараты, аудандық бөлімдер, округтер әкімдері өткізетін аудандық іс-шараларды жоспарлайды, олардың орындалуын бақылайды, аудандық кеңестерге дайындық және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, ШҚО әкімінің ауданға келу бағдарламасы жобасын дайындайды, аудан дамуының барлық өзекті мәселелері бойынша деректер банкін, ірі және орта шаруашылық субъектілерінің паспорттарын жаңартады. Аудан әкімінің қызметін жарықтандыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз етеді, аудан әкімдігінің жұмысын бағыттайды. Әкімшілік-аумақтық құрылғы мәселелері бойынша аудан халқының, ауданның қала, кенттер, ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстарын зерделеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, жоғарғы органдарға тиісті құжаттарды дайындайды. Облыс, аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары мен актілерін орындаудағы жұмыстарын ұйымдастырады және кешенді тексерулер жүргізеді. Аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулерін ұйымдастыру, дайындау. Ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді, өз құзыретінің шегінде аудан аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, әкімдігімен, ауданның мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет жасайды, бөлімдегі номенклатуралық іс құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпия режімін сақтайды, ауданның сайлау органдарын жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуін, референдумдар мен сайлауды өткізуді ұйымдастырады. Аудан әкімінің аппаратында, қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында, аудандық бөлімдерде орындаушылық тәртібі деңгейін арттыру, ауданның мемлекеттік қызметшілері қызметінің тиімділігі бойынша жұмысты ұйымдастырады; аудан әкімімен өткізілетін аудандық іс-шараларды жоспарлауды, аудандық әкімдікпен өткізілетін аудан деңгейіндегі іс-шараларды жоспарлау мәселелерін үйлестіруді қамтамасыз етеді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарына сайлауға дайындық және өткізуге көмектеседі және жұмысты ұйымдастырады; сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына, дербес бөлімдерге осы мәселе бойынша көмек көрсетеді және қызметін үйлестіреді. Бөлімге түсетін азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды. Өзінің және бөлім мамандарының қызметтік міндеттерін орындаулары бойынша аппарат басшысына ай сайын қызметтік жазбалар, есептер дайындайды; аудан әкімі берген өзге өкілеттікті жүзеге асырады. Шығыс Қазақстан облысы «электрондық әкімдігін» құрудың өңірлік бағдарламасын енгізу, облыс тұрғындары арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ауданның мемлекеттік мекемелері арасында бірыңғай көліктік ортаны құру бойынша жұмысты бақылауға алады.Ауданның «Электрондық әкімдігін», ауданның мемлекеттік органдарындағы ИСО 9001-2008 құру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты бағыттайды. Бөлімдермен, әкімдермен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің орталықтандырылып көрсетілуін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді зерделейді, кері байланысты жүзеге асырады, басшылыққа ақпарат дайындайды. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келісу. Аудан әкімі аппаратының басшысына ауданның мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық технологияларды енгізу барысы туралы аналитикалық ақпараттарды дайындайды. «ЖТТ» ДБ жұмысын және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына сайлаушылар саны бойынша есепті уақтылы тапсыруды бақылау, ұйымдастыру. Шемонаиха қаласы, Усть-Таловка кенті әкімдері жұмысын бағыттайды.

kn Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Е-3 санаты (№ 01-03-01)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің, аудан әкімдігінің актілерін және тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру, дайындау және бақылау. Оларды есепке алу, бақылауды жүргізеді, жинақтау материалдарын қалыптастырады. Аудандық іс-шаралар жоспарын дайындау. Аудан активіне және салтанатты іс-шараларға, семинарларға шақыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, қатысушылар тізімін дайындау. Аудан әкімі аппаратының жанындағы аппараттық кеңесті қамтамасыз ету, хаттама жүргізу. Әділет басқармасымен, қала, кенттер, ауылдық округтермен ЖТТ-2 сайлаушылар базасын қалыптастыру және түзету бойынша өзара қарым-қатынас бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен сайлауға дайындық және өткізу жөнінде сайлау органдарының жұмысын ұйымдастыру және көмек көрсету. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Грамоталар, аудан әкімінің алғыс хаттарын дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аудан әкімінің, орынбасарларының ауданға жұмыс барысымен шығуларының бағдарламаларын дайындау. Аудан әкімінің жанында аппараттық кеңестерді дайындау, қатысушылардың тізімін дайындау, хаттама жүргізу. Селекторлық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және ақпараттар жинау. Қалалар мен аудандар әкімдіктерімен байланысты жүзеге асыру. Аппарат басшысына өз қызметінің бағыты бойынша ақпарат дайындау. Ауданның мемлекеттік органдарына әдістемелік көмек көрсету. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына өз құзыреті шегінде ақпараттар, есептер дайындау. Волчанка, Октябрьский, Разин ауылдық окрігтер әкімдерінің жұмысын бағыттайды.

kn  Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Е-3 санаты (№ 01-03-02)

Функционалдық міндеттері: Шемонаиха ауданы әкімінің ресми сайтының қызметі, уақтылы толықтырылуы және жаңартылуы бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. Ауданның мемлекеттік органдарының электрондық қызмет көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырып, бақылайды. Ақпараттандыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындау. Бөлім басшысына ауданның мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық технологияларды енгізу барысы туралы аналитикалық ақпараттарды дайындайды. Ауданның мемлекеттік мекемелері арасында бірыңғай көліктік ортаны құру бойынша жұмысты ұйымдастыру. «Электрондық әкімдік» бағдарламасын жетілдіру және енгізу, ақпараттық теңсіздікті төмендету Бағдарламасы мәселелері бойынша кеңестер мен семинарларды өткізу мен даярлығы бойынша жұмысты зерделеу және ұйымдастыру. Өз құзыреті аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына ақпараттарды, есептерді даярлау және жіберу. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін іс-шаралар туралы БАҚ және аудан әкімінің сайтына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттарды дайындау. «Электрондық әкімдік» Бағдарламасын, аудандағы ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын енгізу. Жергілікті және корпортативті желілерді әкімшіліктендіру. ХҚО мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша байланысты қамтамасыз ету. Аудандық бөлімдермен және округтер әкімдерімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ауданның мемлекеттік органдарына әдістемелік көмек көрсету. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына есептер, ақпараттар дайындау. МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттарының сапасы, талаптары, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттары саласында саясат пен мақсаттарды іске асыру және сапа саласында саясатты қолдану. Көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіру бойынша жұмысты жүргізу. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы департаментіне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептерді дайындап, өткізу. Ауданның мемлекеттік органдарымен ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетуге ай сайын мониторинг жүргізу. Аудан әкімі аппаратының АДБ бағыты бойынша тиісті мемлекеттік органдарына ақпараттар, есептер ұсыну.

kn  Телефон: 3-28-75

 

Парақтар өзгертілді: 30-01-2018