Аппараттың бөлімдері

Шемонаиха ауданы қаржы-шаруашылық бөлімі

Алёна Александровна Райн kn Алёна Александровна Райн – қаржы-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы 1988 жылғы 19 ақпанда Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында туған, 2011 жылы Алтай Мемлекеттік техникашлық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2008 жылы Шемонаиха ауданының «Заря» ШҚ бухгалтер лауазымында бастаған. 2012 жылдың қаңтар айынан «Шемонаиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ статистигі болып қызмет атқарды, 2012 жылдың шілде айында бас экономиста- бухгалтер лауазымына ауыстырылды. 2014 жылғы 21 қаңтардан «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

kn  Байланыс телефондары: 8-232-3-16-69
kn  факс: 8-232-3-20-78
kn  Мекен-жайы: Шемонаиха қ., Советская көшесі, 59.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Нормативті құқықтық кесімдер туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алуалар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, 1998 жылғы 27 қаңтардан №30 «Мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулықты», 2002 жылғы 25 шілдеден №832 «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджетті орындау және есеп беру (кезеңдік және жылдық) нысандарын енгізу бойынша қаржы рәсімдер ережелерін», 2005 жылғы 05 ақпаннан №110 «Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережелерін», 2000 жылғы 21 қаңтардан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет этикасы ережелерін» және Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің басқа да заңнамалық және нормативті құқықтық кесімдерін, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің кепілдемелері және нұсқаулықтарын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін, әкімдік қаулыларын, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын басшылыққа алады.
Бөлім қызметкерлерінің құрылымы мен саны аудан әкімі аппаратының штаттық кестесімен анықталады. Бөлімге аудан әкімі тікелей басшылық жасайды.

kn  Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары болып мыналар табылады:
бюджетті орындау бойынша жергілікті уәкілетті органдарымен, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен, қаржы бөлімімен, Қазынашылық бөлімімен, статистика бөлімімен, салық комитетімен және аудан әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен ұйымдастырушылық байланыстарды жүзеге асыру; барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету, бухгалтерлік есепті орнатылған мерзімде құру; аудан әкімі аппаратын ұстауға, жалпы әскери міндет шеңберіндегі шараларға бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындаудың есебін жүзеге асыру; банк құжаттарына және жалпы әскери міндетті орындау шеңберіндегі шараларға арналған тауарлы-материалдық құндылықтарды және ақшалай қаражатты қабылдау және беруге негіз болатын құжаттарға қол қою; әкімшілік ғимаратты, гараждарды және қызмет жеңіл көліктерін ағымдағы жөндеу мен ұстау бойынша шаруашылық мәселелерді шешу; еңбек ақы қорын дұрыс шығыстауға, лауазымдық еңбек ақыны орнатуға, штатты, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтауға бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік бюджетке төлемдерді есептеуге және уақтылы аударуға, табыс және әлеуметтік салықтар бойынша салық комитетінеесептер мен декларацияларға, зейнетақы қорлары мен әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына міндетті зейнетақылық аударуларға және міндетті әлеуметтік аударуларға бақылауды жүзеге асыру; төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржылық есептерді, төлқұжаттарды, жоспарларды, аудан әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламалар бойынша және жалпы әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар бойынша  анықтамаларды, тапсырыстарды құрастыру; еңбек және еңбек ақы бойынша, қуат ресурстары бойынша, көлік және активтер бойынша аудандық статистика бөліміне есептерді құру және тапсыру; ақшалай қаржыларды, тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу бойынша бақылауды жүзеге асыру, оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету және олардың қозғалысымен операциялар; аванс есептерін, жжм бойынша, материалдар бойынша есептерді қабылдау және тексеру; хаттауды жүргізу және тауарлы-материалдық құндылықтарды, активтерді есептен шығару; әкелушілермен шарт жасасуға бақылау жасау, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуге, коммуналды қызметке, байланыс қызметіне, электр қуатына, жылытуға және басқа да қызметтерге шарт жасау, олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; төлеуге шоттарды құрастыру, жол парақтарын беру, жжм бойынша есептерді құрастыру, оларды уақтылы орындауды қамтамасыз ету; есептерді, мемориалдық ордерлерді, жеткізушілермен есеп айырысу актілерін, баланстарын құру; шарттар бойынша міндеттемелерді тіркеуге тапсырыстар мен реестрлерді құру және Қазынашылыққа тапсыру; мемлекеттік сатылымдар бойынша есептерді құру және тапсыру; аудан әкімі, аудан әкімі аппараты қызметтерінің материалды-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру.
Бөлім аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен қызметкерлерінен бөлім жұмысына, ақпараттарды, есептерді және басқа да мәселелерді даярлауға қажетті ақпараттарды, анықтамаларды және басқа да материалдарды сұрауға; өз құзіреті шегінде мемлекеттік мекемелерге және лауазымдық тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмаларды беруге; өз қызметі мәселелері бойынша аудан әкімінің қарастыруына ұсыныстар енгізуге құқылы.
Бөлімді бөлім бастығы басқарады (оны аудан әкімі лауазымына тағайындайды және босатады, әкімнің тікелей қоластында жұмыс жасайды), ол бөлімнің жұмысын ұйымдастырады.Бөлімді жүргізуге қатысты мәселелерді шешуге жеке жауапкершілікте. Бөлім қызметкерлерінің қызмет міндеттерін орнатады, олардың басшылық тапсырмалары мен өз лауазымдық міндеттерін орындауға бақылау жасайды. Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, ынталандыру мен жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді. Оған аудан әкімі берген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Парақтар өзгертілді: 07-06-2017