Аппараттың бөлімдері

Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының бірыңғай кадрлық қызметі бөлімі

Сегизбаева Бахыткуль Темирхановнакн Аудан әкімі аппаратының бірыңғай кадрлық қызметінің басшысы - Бақыткүл Темірқанқызы Сегізбаева

Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылында 1961 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. Шығыс Қазақстан аймақтық университетін құқық тану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер жүйесінде атқарды: зертханашы, кадрлар бөлімінің бас инспекторы, Алматы қ. мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты кадр бөлімі меңгерушісінің м.а. 1989 жылғы қаңтардан 1992 жылғы маусымға дейін Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласындағы «Ромашка» балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 1993 жылғы науырыздан 1996 жылғы тамыз аралығында ШҚО, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы ОППО-4 өрт сөндіру қызметінің кадрлар жөніндегі испекторы қызметін атқарды. 2009 жылдан мемлекеттік құрылымда қызмет істейді. 2011 жылғы 1 желтоқсаннан 2013 жылғы 16 қыркүйек аралығында Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. 2013 жылғы 16 қыркүйектен бастап Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының бірыңғай кадрлық қызметінің басшысы болып тағайындалды.

кн Функционалдық міндеттері
:Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге басшылықты жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген мәселелерді шешу үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.
Облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен, аудандық мәслихатпен, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерімен аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық байланысын қамтамасыз етеді. Бөлімде жұмысты бөледі және басшылардың тапсырмасы мен лауазымдық міндеттерін орындауды бақылайды.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату, ынталандыру және жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Аудан әкімі аппаратының, аудандық мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты заңнамалық актілерді іске асыруды қамтамасыз етеді.
Төменгі ұйымдарда заңнаманы қолдану тәжірибесін толықтырады, ұсыныстар әзірлеп, оларды атқарушы орган басшылығының қарауына енгізеді, аудан әкімі аппаратының, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық бөлімдері мамандарының жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді және қызметтерін үйлестіреді. Басшылыққа келісімге беру үшін жұмыс жоспарын дайындайды оның орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудандық дербес бөлімдердің басшыларын жұмысқа қабылдау бойынша тиісті құжаттарды дайындайды.
Аудан әкімі аппараты, округтер, аудандық бөлімдер мемлекеттік қызметшілерінің арнайы тексеруден өтулерін ұйымдастырады, материалдарын дайындап, жібереді.
Бірыңғай аудандық конкурстық комиссия хатшысы болып табылады, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарды өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Өткізілген конкурстар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне есеп беру.
Конкурстық, аттестация, тәртіптік, наградтау комиссиялары жұмыстарын үйлестіреді.
Персоналды басқаруды бағалау әдістемесі жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жауапкершілік жүктеледі.
Аудан әкімінің аппаратында, мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді, уәкілетті органмен келісуді және бекітуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөліміне жылсайынғы статистикалық есепті дайындап, өткізеді.
Аудан әкімінің аппаратында, қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында, аудандық бөлімдерде орындаушылық тәртібі деңгейін арттыру, ауданның мемлекеттік қызметшілері қызметінің тиімділігі бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Кадр резервінің тізімін дайындап, келісуге ұсынады, аудан әкімі тағайындайтын басшы лауазымдардың кадр резервімен жұмысты ұйымдастырады.
Қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына, дербес бөлімдерге осы мәселе бойынша көмек көрсетеді және жұмысты ұйымдастырып, үйлестіреді.
Салтанатты іс-шаралар аясында мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу. Аудан әкімі аппаратының, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық бөлім басшыларының еңбек демалыстары кестесін жасайды. Өткізілген конкурстар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне есеп беру.
Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік қызметті өткерудің және бөлім құзырына кіретін өзге мәселелеріне қатысты тапсырмаларын орындайды.
Верх-Уба, Выдриха, Вавилон ауылдық окрігтер әкімдерінің жұмысына басшылық етеді.

кн  Тел. 8 (72332) 3-31-64

кн  Аудан әкімі аппаратының бірыңғай кадрлық қызметінің бас маманы

кн Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының қала, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен ақпараттық байланысын жүзеге асыру, кадрлық мәселелер бойынша олардың жұмысын зерделеу.
Бірыңғай аттестация комиссиясының хатшысы болып табылады, аудан әкімі аппаратында, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттарында, аудандық бөлімдерде мемлекеттік қызметшілерін аттестациядан өтуді ұйымдастырады және өткізеді. Бірыңғай тәртіптік комиссия хатшысы болып табылады, тәртіптік комиссия отырысына материалдарды даярлау және жинау.
Әкім аппараты, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс өтілдерін белгілеу жөнінде комиссия жұмысын ұйымдастыру.
Кадрлық мәселелер жөнінде әкім аппаратына, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына, аудандық дербес бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
Жеке істерді, еңбек кітапшаларын қалыптастыру және жүргізу. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне кадрлық мәселелер бойынша ақпараттар, есептер дайындау және беру.
Тәртіптік жазаға тарту, теріс қылықтары бойынша жұмыстан босатылғандар, бос орындар бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне есептер дайындайды.
Персоналды басқаруды бағалау әдістемесі жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Жұмысқа қабылдау және босату, іссапарлар және жылсайынғы еңбек демалыстарын беру бойынша өкімдер мен бұйрықтар дайындайды.
Еңбек шарты бойынша қабылданатын қызметкерлер бойынша бұйрықтар дайындайды.
Аудан, қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің еңбек демалыстары кестесін жасайды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

 

Парақтар өзгертілді: 01-02-2019