Аппарат басшысы

Марченко Лариса Евгеньевнакн Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының басшысы (жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі өкілі) – Лариса Евгеньевна Марченко.

1970 жылы 20 қаршада Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Алтай мемлекеттік университетінің тарих және қоғам тану оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылдан бастап Шемонаиха ауданы тарихи-өлке тану мұражайының кіші ғылыми қызметкері лауазымынан бастаған. 1993 жылдан бастап мемлекеттік қызмет құрылымында еңбек етеді, 6 жыл Шемонаиха ауданының мәдениет, спорт және туризм бөлімінде қызмет атқарды. 2008 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы 16 қыркүйек аралығында Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс атқарды. 2013 жылғы 16 қыркүйектен 31 қазан аралығында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2015 жылғы 25 ақпаннан бастап ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2015 жылғы 15 наурыздан бастап Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету. Ауданның атқарушы органдарының аудандық әкімдік мәжілісіне мәселелерді дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру және жоспарлау, аудан әкімдігінің жұмыс жоспарының және қаулыларының орындалуына бақылау жасау.
Ауданның қала, кенттер, ауылдық округтері әкімдері, аудандық бөлімдердің Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік кесімдерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру.Аудан әкімінің облыс әкімі аппаратымен байланысын қамтамасыз ету және олардың тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру.
Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, республикалық басқару органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен өзара қызметін қамтамасыз ету.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс, қаржы-шаруашылық, кеңсе бөлімдерінің, құпия іс жүргізу бөлімшесінің, аудандық мемлекеттік мұрағат бөлімінің қызметін үйлестіру.
Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету, қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, тәртіпті сақтау мәселесінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Аудан әкімінің қызметін жарықтандыру мәселесі бойынша ауданның бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Шемонаиха ауданының «Электрондық әкімдігін» құру Бағдарламасын, ауданның мемлекеттік органдарында ИСО-9000 іске асыру.
Аудан халқына орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Ауданның мемлекеттік органдарында бірыңғай ақпараттық кеңістік және ақпараттандыру процестерін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Аудан халқының, ауданның қала, кенттер, ауылдық округтері әкімдерінің әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі ұсыныстарын зерделеуді ұйымдастыру.
Аудан әкімімен тағайындалатын кадрлар бойынша ұсыныстар, аудандық бөлімдер басшыларын және ауданның қала, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар дайындау.
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін, аудан әкімінің аппараты мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар басшыларын тағайындау және қызметтен босату.
Аудандық наградалар, конкурстық және аудан әкімі аппаратындағы тәртіптік комиссиялардың жұмысына басшылық ету.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасымен, Орталық сайлау комиссиясымен, аумақтық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

кн Қабылдау күндері:
Апта сайын, жұма 10.00-ден 17.00-ге дейін
Байланыс телефоны: 8-72332-3-25-12

Әдеп жөніндегі уәкілінің 2016 жылға мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі

Лауазымы Тегі, аты, әкесінің  аты Қабылдау  күні және  уақыты Қызметтік  телефоны Әкімдіктің   орналасқан жері
Аудан әкімі аппаратының басшысы Марченко Лариса Евгеньевна Әр ай сайын, айдың бірінші сәрсенбісі
сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін
3-25-12 Шемонаиха қ.
Советская көшесі, 59

«Ұлт жоспары-100 нақты қадам» алғашқы 15 қадамы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған, Елбасының ерекше назарында тұр. Белгіленген іс-шараларды іске асыру аясында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік менеджменттің сапалы моделін құру жолына мүмкіндік береді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне - мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен әдеп кодексін  бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету кіреді. Жаңа саланың функциялары Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Лариса Евгеньевна Марченкоға жүктелген.
Л.Е.Марченко атқарушы билік органдарында 1993 жылдан бастап, аудан әкімінің аппаратында, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады, өз қызметінің нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға есеп береді. Мемлекеттік қызметші тарапынан құқық бұзушылық байқалған жағдайда, әрбір азамат Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

Шемонаиха ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Л.Е.Марченко, азаматтарды айдың бірінші сәрсенбісінде сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін аудандық әкімдіктің ғимаратында № 209 кабинетте қабылдайды, жұмыс телефоны: 3-25-12

Б. Сегизбаева, Шемонаиха ауданы әкімі
аппаратының бірыңғай кадрлық қызмет басшысы

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017