Әкімдіктің құрылымы

Горьковой Дмитрий Анатольевичкн Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары – Дмитрий Анатольевич Горьковой,

1983 жылы туған,  ұлты орыс, білімі жоғары, 2007 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Юриспруденция» факультетін аяқтап, заңгер мамандығын алған. 
Д.А.Горьковой еңбек жолын 2007 жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында қаржы полициясы органдарында бастады. 
2015 жылдың 08 маусымында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Үйленген, бір бала тәрбиелеуде.

кн Лауазымдық міндеттері:
Аудандық: экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметін үйлестіру.
Салық басқармасымен, қазынашылық бөлімімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясымен, «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» ӨМК аудандық филиалымен, Халыққа қызмет көрсету орталығымен, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалымен, аудандық екінші деңгейдегі банктер, ауыл шаруашылық құрылымдармен, шағын бизнес субъектілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету, жоспарланған бюджеттік бөлінген қаржыны сапалы және тиімді пайдалану, инвестициялар тарту, ауданның сыртқы экономикалық қызметі, ауданның шаруашылық субъектілерінің қаржы жағдайларын талдау мәселелерін шешу.
Агроөнеркәсіп кешені мен қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, аудан халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Жерге орналастыру және жер пайдалану мәселелеріне жедел басшылық ету.
Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесіне басшылық ету, аудан кәсіпкерлерінің қоғамдық кеңесімен өзара әрекеттестікте болу.
Аудандық: ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік жүйесі жөніндегі, жерге орналастыру және жер пайдалану мәселесі жөніндегі; ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету; бюджетке қарыздарды төмендету жөніндегі комиссияларға басшылық ету.
Кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою жөніндегі; «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» байқауын өткізу жөніндегі; дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жұмыс топтарына басшылық ету.
Бірінші кезекте мемлекеттік қолдауға мұқтаж салаларды айқындау, осындай қолдауларды ұйымдастыру бойынша жоспарларды әзірлеуді үйлестіру.
Шемонаиха ауданында «Электрондық әкімдікті» құру бағдарламасын үйлестіру.
Басқару бағытындағы бөлімдермен әкімдіктердің және облыс пен аудан әкімдірінің кесімдерін орындауға және олардың орындалуы бойынша облыс және аудан әкімі аппараттарының кеңсесіне ақпаратты уақытында беруге бақылау жасауды қамтамасыз ету.

кн Қабылдау күндері: Апта сайын, дүйсенбі 10.00-ден 17.00-ге дейін
кн Байланыс телефоны: 8-72332-3-24-00

Молдаханов Бакытжан Кенесарыевич кнШемонаиха ауданы әкімінің орынбасары - Молдаханов Бакытжан Кенесарыевич

1987 жылыдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Шұғылбай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
2004 жылы Шұғылбай ауылындағы І.Жансүгіров атындағы жалпы білім беру орта мектебін бітіріп, Семей көлік колледжіне оқуға түсті. 2006 жылы колледжді тамамдағаннан кейін оқуын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жалғастырды. 2009 жылы оқуын «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша аяқтап, «Көлік бакалавры» біліктілігін алды.
Еңбек жолын 2006 жылы «Семей тамақ өнімдері комбинаты» ЖШС-де ұн тартатын кәсіпорын цехында жұмысшы болып бастады. 2007-2011 жылдары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлімшесінің «Шығыстүстімет» ӨБ (өндірістік бірлестігі) Мыс-химиялық комбинатында жұмыс істеді. Жұмысын БелАЗ өзі аударғыш көліктерін жөндеу бойынша темір ұстасынан бастап, кейін көлік жөндеу бойынша кезектің шебері болып тағайындалды, технологиялық көліктерді жөндеу бойынша аға шебері лауазымында қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметке 2011 жылдың мамыр айынан бастап келіп, «Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы  қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың наурыз айында Шемонаиха ауданы әкімінің бас инспекторы қызметіне ауыстырылды. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдың маусым айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон селолық округінің әкімі болып тағайындалды.

кн Лауазымдық міндеттері:
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
Шемонаиха ауданы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметтерімен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық инспектормен, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектормен, Шығыс Қазақстан облысын төтенше жағдайлардан және өнеркәсіптік қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармамен, техникалық реттеу және метрология комитетімен, ҚР агенттігінің табиғи монополияларды реттеу жөніндегі басқармасымен, энергетика, теміржол көлігі, байланыс, телекоммуникация, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, инфрақұрылымдық кешен, көліктік бақылау, орман және аң шаруашылығы, өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, коммуналдық меншік және көркейту, энергетика, байланыс және телекоммуникация қызметін, халықты отын және газбен қамтамасыз ету мәселелері. Теміржол көлігі, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының қызметін үйлестіру.
Аудандық: төтенше жағдайлар жөніндегі; әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйді қабылдау жөніндегі; көліктегі қауіпсіздік жөніндегі комиссияларға басшылық етеді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жөніндегі жұмыс тобына басшылық етеді.
Басқару бағытындағы бөлімдермен әкімдіктердің және облыс пен аудан әкімдірінің кесімдерін орындауға және олардың орындалуы бойынша облыс және аудан әкімі аппараттарының кеңсесіне және басқару бағыттары бойынша облыстық басқармаларға ақпаратты уақытында беруге бақылау жасауды қамтамасыз ету.

кн Азаматтарды қабылдау: апта сайын сейсенбіде  10.00 –ден  17.00-ге дейін 
кн Байланыс телефоны: 8-72332-3-24-02

Лисина Вика ВладимировнакнШемонаиха ауданы әкімінің орынбасары - Вика Владимировна Лисина.

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласында 1978 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің психолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. 2009 жылы білім беру бөлімінде кәмілеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау және мүддесін сақтау бойынша бас маман болып қызмет істеген. 2010 жылы ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет істеген.
2014 жылғы 14 қаңтарда Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
Шемонаиха ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 қарашадағы өкімімен аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

кн Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары міндеттері:
Аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Шемонаиха филиалымен, «Шемонаиха ауданы медициналық бірлестігі» КМҚК қызметтерін үйлестіреді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментімен, Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Шемонаиха аудандық бөлімімен, қорғаныс істер жөніндегі аудандық бөліммен, көші-қон полициясының бөлімшесімен, аудандық газеттердің редакцияларымен, қайырымдылық қорларымен, қоғамдық, саяси ұйымдар мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Әлеуметтік-саяси процестерді зерттеуді, саяси жағдай мен аудан дамуының маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру.
Әлеуметтік саланы дамыту, білім, ғылым, жастар саясаты реформаларының мәселелері, кадрларды дайындауды, жұмыспен қамтуды, әлеуметтік қорғау, халықтың көші-қоны мен демографиясын жүзеге асыратын ауданның оқу орындарының, кәсіпорындары мен мекемелері қызметінің мәселелерін шешу.
Ономастикалық, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, қылмыстық жазаны жүзеге асыруды атқаратын мекемелер қызметіне жәрдемдесу, отбасы және гендерлік саясат, жастар саясаты, ақпараттық саясат, діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 09 мамырға дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияға, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеуге және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияға, мәдениет, дене шынықтыру және спорт жөніндегі; Үйлестіру кеңестері: идеология жөніндегі, Қазақстан Республикасына қайта келген отандастармен және оралмандармен жұмыс жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық ету. 
Басқару бағытындағы бөлімдермен әкімдіктердің және облыс пен аудан әкімдірінің кесімдерін орындауға және олардың орындалуы бойынша облыс және аудан әкімі аппараттарының кеңсесіне ақпаратты уақытында беруге бақылау жасауды қамтамасыз ету.

кн Қабылдау күндері: Апта сайын, сәрсенбі 10.00

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017