Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

070003, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4,
тел.: 8(7232)76-50-82, е-mail: kense.vko@kyzmet.gov.kz
Жұмыс кестесі: 09.00 – 18.30 сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті

Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жанна Қабдолдақызы  
Қабылдау бөлмесі   76-50-29
Басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы 76-50-26

070004, Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің тел.: +7 (7232) 29-88-80, факс: 25-27-31, е-mail: vko@nab.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті

Потанин Сергей Александрович    
Қабылдау бөлмесі   29-88-02

Жұмыс кестесі:09.00 – 18.30 сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

kn Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ақпарат *.doc 29 КБ
kn «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салаллық бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы №218 қаулысы Бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Е.К. Аймұқашевқа жүктелген *.doc 63 КБ
kn Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы *.doc 31 КБ
kn Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары *.doc 62 КБ
kn Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы
*.doc 50 КБ
kn Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ
*.doc 292 КБ
kn Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы (2013.03.07 берілген өзгерістер мен толықтырулар)
*.doc 151 КБ
kn Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы
*.doc 343 КБ
kn Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы *.doc 154 КБ
kn Шемонаиха ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша анықтама *.doc 58 КБ

Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспарын орындау аясында ауданда белгілі жұмыстар атқарылды. Шемонаиха ауданының Ішкі саясат бөлімімен Шемонаиха ауданы әкімдігінің  Жастар ресурстық орталығымен, «Нұр Отан» Шемонаиха аудандық филиалымен,  Шемонаиха АІІБ жол полициясы  қызметкерлерімен бірлесіп,  аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта насихаттау материалдары таратылды (материалдар  Жастар ресурстық орталығымен ұсынылды).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға жататын материалдарды орналастыру бойынша ЖК «Есенбекова Г.К.», «Издательский Дом «Регион» ЖШС,  шарттар жасалды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік істері жөніндегі министрлік Департаментінің, Солтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі Ауданаралық бөлімнің сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы материалдары  тұрақты негізде жарияланып тұрады. 
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын аудандық газет парақтарында 8 мақала және аудан әкімінің сайтында 13 мақала жарияланды. 
ШҚО бойынша талдау және болжау институтымен тығыз байланыс орнатылған.  Жыл көлемінде аудан бойынша   әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп тұрады, ауданның тұрғындары қоғамдық-саяси жағдайды, діни жағдайды, жастар саясатын, үкіметтік емес ұйымдар қызметін,  Президент Жолдауы, «100 нақты қадам» ұлттық Жоспары  бойынша ақпараттандыру  деңгейіне, сыбайлас жемқорлық сияқты мәселелерге қатысты көзқарасын білдіріп, жағдайға баға берді.
2016 жылғы маусымда азаматтардың  сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне көзқарасын анықтауға  сауалнама жүргізу жоспарланып отыр  (аумақтық бірліктердің әкім аппараттарының және ішкі саясат мамандарының  қатысуымен   -200 респондент,  нәтижелері  2-тоқсанда дайын болады) .   
Іс-шаралар,   семинарлар, акциялар, дөңгелек үстел, отырыстар,  кездесулер, құқытық жалпы оқытулар жүргізілді:
- "Жолда қабылдау" Республикалық  акциясы аясында ағымдағы жылдың 18 мамырында «Нұр Отан» Шемонаиха филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде   азаматтарды жеке мәселелер жөнінде қабылдау  ұйымдастырылды;
- «Нұр Отан» Шемонаиха филиалы, «Жас Отан» жастар қанаты, Жастар ресурстық орталығымен автокөлік иелерімен жол полициясының жұмысын арттыру  тақырыбына жасырын сауалнама жүргізілді;
- Мемлекеттік мекемелерде және аудан ұйымдарында жалпы оқыту сабақтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын  түсіндіру бойынша  жұмыстар жүргізілді.
- «Мәңгілік ел» тәрбиелеу орталығының негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша «Нұр Отан» Шемонаиха  филиалы төрағасының  бірінші орынбасарын, құқық қорғау органдарының, жастар ұйымының өкілдерін   шақыра отырып, «Мүлдем төзбеушілік жоқ» отырысы өткізілді;
- Білім беру бөлімімен аудан мектептерінде ата –аналар арасында «Тұтынушылардың білім беру қызметтерінің сапасымен қанағаттануы» тақырыбында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.  Жартыжылдықта бір рет мұғалімдер, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты проблемалар бойынша суалнама өткізіліп тұрады;
- прокуратураның өкілдерімен бірге Шемонаихха колледжінің, Гуманитарлық-техникалық  колледждің оқушыларымен  нормативтік негідің, жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды түсіндіру бойынша кездесулер өтті, оған 110-нан астам адам қатысты;    
- барлық деңгейдегі тұрғындар арсындағы ақпараттық топтардың мүшелерінің жұмысымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бойынша 548 адам қамти отырып,   18  кездесу  (сұхбаттар, дәрістер) өткізілді.
Есептік кезеңде елді мекендерде  сыбайлас жемқорлық тақырыбында 9 баннер дайындалып, орнатылды (2015 ж. -5,    2016 ж.-4).
жылы бюджеттен    66100 теңге бөлінді, оның ішінде:
- 6  баннер дайындауға-50 000 теңге;
-  Листовкалар шығаруға– 15000 теңге;
-  сыбайлас жемқорлық тақырыбын жариялайтын үздік журналистерді грамотамен марапаттауға  - 3000 теңге.

 

Қазақстан Республикасындағы 2013-2015 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөніндегі салалық бағдарламаны Шемонаиха ауданында жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған аудандық ісшаралар жоспарын орындауда мына жұмыстар атқарылды:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға жататын материалдарды орналастыру бойынша ЖК «Есенбекова Г.К.», «Эвиал» ЖШС, «Литер ЛТД» ЖШС шарттар жасалды. Матералдар, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының тәртіп комиссиясының жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдары тұрақты негізде жарияланып тұрады. Есепшілік кезеңде БАҚ 20-дан астап мақалалар жарияланды. «Қазақстан жолы» тәрбиелеу орталығының негізінде ардагерлер Кеңесі мен қоғамдық Кеңестің бірлескен жұмысы аясында, оның ішінде жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша «Нұр Отан» Шемонаиха ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасарын, құқық қорғау органдарының, жастар ұйымының өкілдерін шақыра отырып, «Мүлдем төзбеушілік жоқ» отырысы өткізілді.
-елді мекенжерде жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 5 баннер дайындалып, орналастырылды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспарды жүзеге асыру аясында жемқорлыққа қарсы насихаттау материалдарын тұрғындары арасында тарату бойынша ішкі саясат бөлімі мен Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар орталығының, «Нұр Отан», «Жас Отан» ХДП Шемонаиха филиалымен, Шемонаиха АІІБ аудан бірлескен жұмысы жүргізілді (материалдар құқық қорғау органджары мен «Нұр Отан» партиясының жастар қанатымен ұсынылды).
Шемонаиха ауданының аудандық газеттерінде «Қазақстан жолы» тәрбиелеу-білім беру орталығының Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050»: біртұтас мақсат, біртұтас мүдде, біртұтас болашақ» Қазақстан халқына Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына негізделген, жастарға, ауданның барлық тұрғындарына үндеуі жарияланды;
Мемлекеттік органадар туралы оң қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында Шемонаиха ауданының басшыларының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәжірибесі жалғасып отыр;
Аудан аумағында жемқорлықты анықтау бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ ҮЕҰ болмауына, әлеуметтік тапсырыс аясында жоспарланған қаражаттардың көлемі аз болуына байланысты, 2015 жылы ҮЕҰ күшімен осы бағыттағы жұмыс жоспарланған жоқ.
Ішкі саясат бөлімімен, Жастар орталығымен, және ЖҚҰ өкілдерімен бірге 2014 жылы осы салада құқықтық білімдерін, жастар арасында азаматтық белсенділігін артыруға мүмкіндік беретін, қоғамда жағымсыз жағдайларға, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылықтарға шыдамаушылықтың берік қағидаларын қалыптастыратын, мына ісшаралар өткізілді:
«Ретсіздікке шыдамау қағидасы-Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына үндеуі ретінде» тақырыбындағы аудан мектептерінің көшбасшылары арасындағы дөңгелек үстелдің отырысы.
Прокуратураның өкілдерімен бірге Шемонаихха колледжінің, Гуманитарлық-техникалыұ колледждің оқушыларымен нормативтік негідің, жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды түсіндіру бойынша кездесулер өтті, оған 110-нан астам адам қатысты.
Журналистер Күнін мерекелеу аясында «ЛЗ Сегодня» газетінің бас редакторы Черепанова Вера Григорьевнаны марапттау жоспарланып отыр.
«Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №303-III Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, оның ішінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік және аудандық бағдарламаны орындау барысы туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша тауар, жұмыс. қызметтердің тізбесі белгіленді.
ШҚО бойынша талдау және болжау институтымен тығыз байланыс орнатылған. Жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 30-дан астам әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Ауданның тұрғындары қоғамдық-саяси жағдайды, тілдік, қлтаралық қатынастар, үкіметтік емес ұйымдар қызметі, медицина жағдайы, жастар және т.б мәселелерге қатысты көзқарасын білдіріп, жағдайға баға берді.
Ұсынылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бағасы сапаға сәйкес болмағандықтан, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, мемлекет тарапынан бақылауды арттыру.
Апта сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингісі апта сайын жүргізіліп тұрады, есепшілік кезеңде жемқорлық бұзушылықтар бойынша сыни жарияланымдар болған жоқ.
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық ісшаралар Жоспарының 11-тармағын жүзеге асыру аясында жемқорлыққа қарсы бағыттағы стендтер бар, азаматтардың өтінішіне арналған жәшіктер орнатылған;
Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне, азаматтардың ауызша өтінішіне арналған журналдар, ар-намыс кодексі бойынша өтініштерді есепке алу кітабы бар, бөлім басшысы жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіліп отырады;
Ағымдағы жылдың есепшілік кезеңінде ішкі саясат бөліміне лауазымдық тұлғалар тарапынан бұзушылықтар мен лауазымын теріс қолдану деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініші түскен жоқ;
Іішкі саясат бөлімінің сенім телефондары бұқаралы ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып тұрады;
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқытық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер мүлкі туралы декларацияны дер кезінде тапсырады;
Есепшілік кезеңде жергілікті орындарда қоғамдық –саяси жағдайды анықтау бойынша сауалнамалық сұрау өткізілді (аумақтық бірліктердің әкім аппараттарының және ішкі саясат мамандарының қатысуымен -50 респондент, шілдеде- 50 респондент), оның ішінде жемқорлық және мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі, Шемонаиха ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту Бағдарламасының көрсеткіштерінің жетістік деңгейін анықтау, ол респонденттердің белсенділігін, азаматтардың қызығушылығын көрсетіп отыр (сауалнамадан бас тарту жағдайлары болған жоқ). «Жемқорлыққа қарсы әрекеттер» Бағдарламасын жылжытуда және қоғамдағы жағымсыз жағдайларға шыдамаушылыққа тәрбиелеу, жемқорлық әрекеттерге қатысушалар анықталған жоқ. 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БАРЛЫҒЫМЫЗ БІРГЕ ЖЕҢЕ АЛАМЫЗ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың, сонымен қатар коммерциялық және өзге де мекемелерде басқару функцияларын  атқаратын адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.

Құрметті азаматтар!

Біздің қызметіміз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын туғызуға бағытталған.
Сондықтан біз Сіздермен бірлесе отырып, екіжақты тиімді, ұзақ мерзімді және ашық қызмет етуге аса көңіл бөлеміз.
Егер Сізге лауазымдық адамдардың заңда көзделмеген әркеттері туралы, заң бұзушылықтары мен теріс қылытары туралы белгілі болған жағдайда төменде көрсетілген байланыс телефондарына бірден хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ақпараттарды алу барысында толығымен жасырындылық режімі сақталады.
23.08.2012 жылғы №1077 Үкімет қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес бір реттік ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қолдау көрсеткен жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ТУРАЛЫ СІЗ ҚАЛАЙ ХАБАРЛАЙ АЛАСЫЗ:
Сall-center – 1494 хабарлау.
(7232) 25-26-77 сенім телефонына немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне хабарлау: Өскемен қаласы, Лихарев, 2 көшесі. Хабарламаны anticorruption@kyzmet.kz электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады.

 

 

2016 жылға жария декларация

Суслякова Ольга Петровна – «Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы, 2016 жылға 2 718 130 теңге еңбекақы түрінде кірісі бар.
Мүлігі:
- 2007 жылғы «Kia Sorento» автокөлігі;
- гараж;
- 0,0024 га жер телімі;
- 0,0036 га жер телімі.

Самойлова Альбина Мауткановна – экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы, 2016 жылғы кіріс 2393035 теңге, меншігінде Шемонаиха қ., 4-ықшам аудан, 10-үйдегі пәтердің ½ бөлігі, Шемонаиха қ., Повстанческая көшесі, 117-үйдің 1/3 бөлігі, Шемонаиха қ., Повстанческая көшесі, 117-үй жер телімінің 1/3 бөлігі.

 

2015 жылға ашық декларация

Шемонаиха ауданының әкімі – Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров, 2015 жылға еңбекақы төлемі түріндегі кіріс 4537000 теңге. Мүлкім жоқ.

 

Парақтар өзгертілді: 10-10-2017