Спорт

2015 жылғы Шемонаиха ауданындағы дене шынықтыру және спорт жағдайына талдау

Ауданда 2011-2015 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша аймақтық бағдарлама және аудандық іс-шаралардың жоспары әзірленіп,  кезең - кезеңімен орындалуда.
Дене тәрбиелеу бойынша оқу сабақтарын жүргізу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу үшін ауданда 100 спорттық құрылыстары бар, оның ішінде: 3 стадион, 26 спорт залы, 2 спорт кешені, 4 шаңғы тебу базалары, 3 ату тирі, 22 футбол және шағын футбол алаңдары, 3 хоккей қорабтары. Ауданда 13558 адамды қамтумен 67 дене шынықтыру ұжымы өз жұмыстарын жалғастырып жатыр, ол жалпы аудан халқы санынан 29,3% құрайды.  
Шемонаиха қаласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған «Қызығушылық клубы» бар. Оның өкілдері шахмат, шашка, пауерлифтинг бойынша аудандық, облыстық жарыстарға қатысады.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы: 39 дене шынықтыру мұғалімінің – 33 жоғары дене шынықтыру білімі бар.
Ауданда «Шемонаиха аймағы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» ММ өз жұмысын жалғастыруда, ауданның елді мекендерінде 7 спорт түрі бар: волейбол, акробатика, дзю-до, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарыстары, еркін күрес; жаттығушылар саны –371, жаттықтырушылар саны - 14. Барлық жаттықтырушы – оқытушылардың жоғары білімдері бар.
Усть-Таловка кентінде «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жұлдыз» спорт клубы» КМҚК спорттың 12 түрі жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, футбол, хоккей, армрестлинг, қазақша-күрес, еркін күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, шаңғы жарыстары, президенттік көпсайыс, үстел теннисі.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың кестесіне сәйкес ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі білім беру бөлімімен, БЖСМ және басқа әлеуметтік сала бөлімдерімен бірлесіп 2015 жылдың ағымдағы аралығында жалпы 6000 астам адамды қамтумен 53 спорт іс-шараларын дайындап, өткізілді. Барлық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мадақтау грамоталары және сыйлықтар табысталды.
Облыстық деңгейдегі жарыстарға спорттың әртүрі бойынша шамамен 600 спортшы қатысты.
2015-2016 оқу жылы оқушылар спартакиадасы аясында мына спорт түрлері өткізілді: жеңіл атлетика, шағын-футбол, шахмат.
Аудан мемлекеттік қызметкерлерінің құрама командасы жыл сайын спорттың 9 түрі бойынша облыстық мемлекеттік қызметкерлерінің спартакиадасына қатысады: шағын-футбол, шаңғы жарыстары, бильярд, үстел теннисі, шахмат, тоғыз-құмалақ, президенттік көпсайыс, жүзу, волейбол. Ағымдағы жылы Шемонаиха ауданының командасы шаңғы жарысынан жалпы командалық 5 орынға және шағын футболдан 7 орынға ие болды. 2014 жылы ауданның мемлекеттік қызметкерлері облыстық спартакиадада жалпы командалық 12 орынға ие болды.
Жерлес - жазушы А.Ивановқа, Убинка шаруашылық директоры В. Касьяненкоға арналған ерлер командалары арасында волейбол бойынша турнирлер, ауған соғысының батыры В.Зубконың естелігіне арналған шаңғы бойынша жрыстар және шаруа қожалықтары басшылары жүлдесіне атты спорт түрлері бойынша жарыстар дәстүрлі өткізіледі.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Республикалық спорт акциялары -«Денсаулық фестивалі», «Олимпиада күні», «Спорт күні»., мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелерге қатысады.
Жыл сайын Шемонаиха ауданы әкімінің жүлдесіне халық спорт ойындары өткізіледі.
2015 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында аудан спортшылары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне өңірлік жарыстарын және ХІХ Халық ойындарын өткізу аясында әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты.
Бөлек спорт түрлерінде команда жақсы нәтиже көрсетті:
Президентттік көпсайыста Максимова Татьяна – 2 орын, тоғыз-құмалақ –3 орын, коляскамен желіс аттары –3 орын, волейбол, баскетбол – 4 орын.
Сондай-ақ 2015 жыл ағымының аралығында облыстық және Республикалық аренасында ерекшеленген жас спортшылар:

  1. Ступин Андрей (футбол) 2003 ж.т. ШҚО спорт академиясына іріктелген финалисі;
  2. Сайфуллин Даниэль (карате киокушинкай-кан) 2009 ж.т. ШҚО Чемпионы;
  3. Симонов Филипп (карате киокушинкай-кан) 2009 ж.т. Алтай өлкесінің Чемпионы;
  4. Иванов Марсель (карате киокушинкай-кан) 2009 ж.т. ШҚО Чемпионы;
  5. Чензе Владислав (карате киокушинкай-кан) 2002 ж.т. СШК, ҚР чемпионы, ҚР құрамасының мүшесі;
  6. Картавцева Софья (карате киокушинкай-кан) 2003 ж.т. СШК, ҚР чемпионы;
  7. Потапов Захар (шаңғы жарыстары) 2003 ж.т. ШҚО Чемпионы, ҚР жүлдегері;
  8. Хлюпина Ольга (шаңғы жарыстары) 2005 ж.т. ШҚО Чемпионы;
  9. Зеленин Максим (шаңғы жарыстары) 2007 ж.т. ҚР жүлдегері;
  10. Умурзакова Назия (карате киокушинкай-кан) 1999 ж.т. СШ, ҚР чемпионы, ТМД Чемпионы;
  11. Курятков Ростислав (карате киокушинкай-кан) 2001 ж.т. СШК, ҚР чемпионы;
  12. Қенесханов Адайхан (еркін күрес) 2007 ж.т. ШҚО Чемпионы;
  13. Зарецкая Кристина (акробатика) 2004 ж.т. халықаралық жарыстарының жүлдегері;
  14. Грислит Надежда (шаңғы жарыстары) 2002 ж.т. ҚР Чемпионы
  15. Казбекқызы Дильназ (карате киокушинкай-кан) 2003 ж.т. СШК, ҚР жүлдегері.
  16. Раимханов Адиль (карате киокушинкай-кан) 2004 ж.т. СШК, ҚР жүлдегері.

Мүмкіндіктері шектеулу тұлғалардың арасында ерекшеленгерлер:

  1. Фоминцев Игорь Валерьевич (пауэрлифтинг) ШҚО паралимпиада ойындарының Чемпионы;
  2. Микрюков Роман Сергеевич (пауэрлифтинг) ШҚО паралимпиада ойындарының Чемпионы;
  3. Леонтьева Галина Эдиковна (шахмат) ШҚО ардагерлерінің арасында спартакиада жүлдегері;
  4. Другов Петр Никитович (шахмат) ШҚО ардагерлерінің арасында спартакиада жүлдегері.

Ауданда жасөспірімдерге арналған 3 клуб жұмыс істейді: «Смена», «Олимп» (хоккей, футбол, үстел ойындары), «Самсон» (атлетикалық гимнастика).
Шемонаиха ауданында барлық спорт құрылғылары тегін жұмыс істейді.

Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушысы А. Сельтеева

ШҚО құрылғанына 80-жылдығына арналған, департаменттер, облыстық және территориялық басқармалар, қалалар және аудандар арасында өтетін мемлекеттік қызметшілердің ХШ облыстық спартакиадасы

ШҚО құрылғанына 80-жылдығына арналған, департаменттер, облыстық және территориялық басқармалар, қалалар және аудандар арасында өтетін мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасының мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкердің  позитивті имиджін қалыптастыру, мемлекеттік органдар  мен мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым- қатынас орнату, Елбасының жоспарын іске асыру. 
Шемонаиха ауданының құрама командасы 9 спорт түрінен, жалпыкомандалы 11 орынды иеленді. 2012 жылдың 6-8 желтоқсанындағы спартакиаданың бірінші кезеңінде спорттың мына түрлері өткізілді: үстел теннисі, бильярд және тоғыз-құмалак. Шемонаиха  командасы үстел теннисінен 11- орын, бильярдтан 11- орын, тоғыз-құмалактан 1- орынды иеленді.
2013 жыл 10-12 қаңтарда шахмат бойынша және президенттік көпсайыстан жарыс өткізілді.Шемонаиха командасы шахматтан 10 орынға, президенттік көпсайыстан 11 орынға ие болды. 21-22 ақпанда волейбол бойынша жарыс және жүзу бойынша эстафета өткізілді. Біздің команда волейбол бойынша 9-12орынға, жүзу бойынша 3 орынға ие болды.  15-16 наурызда Риддер қаласында шаңғы жарысы бойынша жарыс өткізілді.  Команда 10 орынға ие болды. 28-31 наурызда Өскемен қаласында шағын футбол бойынша жарыс өткізілді. Біздің команда  9-12 орынға ие болды.

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының форумы

2013 жылдың 23 қаңтарында Өскемен қаласында дене шынықтыру- сауықтыру кешенінде  туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «2012 жылғы  туризм және спорт саласындағы іс - қызметтің қорытындысы. 2013 жылға арналған міндеттер» атты форум өткізді. Форум бірнеше секцияда жұмыс атқарды. Бірінші секцияда Шығыс Қазақстан облысы туризмін дамыту кластерлік бағдарламасының шебер- жоспарын іске асыру мәселелері қаралды. «Бұқаралық спортты дамыту» №2 секцияда негізгі 2 тақырып болды: «Ел Қайраты» қоғамдық бірлестігінің тұсаукесері және спорт ғимараттарын төлқұжаттандыру. Салауатты өмір салты қағидатын бекіту, ауыл тұрғындарының денсаулығын дене шынықтыру және спорт арқылы нығайту,  балалар, жасөспірімдер, жастар, егде және орта жастағылар, мүгедектерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі  шұғылдануға тарту,  халықтық және ұлттық спорт түрлерін, жаңа бұқаралық спорт түрілерін енгізу және тарату, ауылдың материалдық -техникалық базасын нығайту, қолда бар нысандарға  жөндеу жүргізу және жаңа спорттық нысандар салу,  оларды тиімді пайдалану бойынша шаралар қолдану мақсатында, «Бұқаралық спортты дамыту» секциясы шеңберінде,  «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалын құру жоспарланған.

«Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы орнына ШҚО ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Дүйсембай Мақзұмұлы Селихановтың кандидатурасы ұсынылды. Барлық форумға қатысушылар бірауыздан ұсынысты қолдады. №3 секцияда Жеңіл атлетикадан халықаралық федерацияның ресми лекторы А.Н. Кругликов «Жаттықтыру теориясы» дәрісін жүргізді. №4 секцияда мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлері кәсіби одағы облыстық комитетінің заңгері Н.С.Пшеничная «Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасының мәселелері» атты тақырыпта сөз сөйледі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың алдында, Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ә.Б. Дөңбаев « 2012 жылғы іс-қызметтің нәтижесі және «Мемлекет Басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы 2013 жылға арналған міндеттері туралы есеп беру» жөнінде баяндады. Форумның соңында туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, спорт ұйымдарының көрмелері өткізілді, сонымен қатар БЖСМ, қала және аудан әкімдіктерінің жаттықтырушылары, спорт шеберлері марапатталды.
Көрме спорттық композицияның сүйемелдеуімен өткізілді (көркем гимнастика, спорттық акробатика, таэквондо, қазақ күресі, боксшылар, семсерлесушілер).

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017