Спорт

Шемонаиха ауданында дене шынықтыру және спорттың 2017 жылғы жағдайына талдау

Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша 2016-2020 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама және аудандық іс-шаралар жоспары әзірленген және кезең-кезеңмен орындалуда.
Дене шынықтыру бойынша оқу сабақтарын жүргізу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу үшін өңірде 115 спорт ғимараттары бар, оның ішінде: 3 стадион, 30 спорт залы, 2 спорт кешені, 5 шаңғы тебу базасы, 1 ату тирі, 28 футбол және шағын футбол алаңдары, 4 хоккей қорабы. Ағымдағы жылы Верх-Уба селосында және Шемонаиха қ. жасанды жабуы бар 2 футбол алаңы Верх-Уба с.о. хоккей қорабы және Первомайский кентінде шағы-роллер трассасы салынды.
2015 жылы спорттық нысандар саны 100 бірлікті құраған, 2016 жылы – 110 бірлік. Нысандардың пайыздық ара салмағы 2015 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға, 2016 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артты.
73 дене шынықтыру ұжымында 13733 адам жаттығады, ол аудан тұрғындарының жалпы санынан 30,8% құрайды. 2015 жылдан бастап айналысатындар саны 2,5%, 2016 жылдан 1,6% ұлғайды.
Дене шынықтыру және спорт саласында 109 қызметкердің 78-нің жоғары дене шынықтыру білімі бар.
Ауданда «Шемонаиха ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ өз жұмысын жалғастыруда, 7 спорт түрі бойынша қызмет жасайды: волейбол, акробатика, дзюдо, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарыстары, еркін күрес; жаттығушылардың саны – 518, бапкерлердің саны - 12. Барлық жаттықтырушы-мұғалімдердің жоғары білімдері бар. Жаттығушылардың саны 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 20,3% ұлғайды, 2015 жылдан 24,1%.
Усть-Таловка к. «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жұлдыз» спорт клубы» КММ-де 11 спорт түрі жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, футбол, хоккей, еркін күрес, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, президенттік көп сайыс, дзюдо, тоғызқұмалақ, ОФП (пауэрлифтинг). Жаттығушылардың саны 591 адам, оның ішінде мектеп жасындағы 350 бала. Жаттықтырушылардың саны - 14, оның 10 - жоғары және 4 арнайы орта білімдері бар. Жаттығушылардың саны 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 0,8% ұлғайды, 2015 жылдан 4,6%.
Жеке кәсіпкерлердің қолдауымен келесі спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді: атлетикалық гимнастика, фитнес, кроссфит, пауэрлифтинг, шахмат, спорттық би, бокс, киокушинкай-кан каратэ. Пауэрлифтинг және жеңіл атлетика бойынша секцияларда облыстық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі спортшылар жаттығады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қызығушылықтары бойынша клуб» жұмыс істейді. Оның өкілдері шахматтан, шашкадан облыстық және аудандық жарыстарға қатысады.
Аудандағы спортты-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлімі білім беру бөлімімен, БЖСМ және басқа да әлеуметтік саланың бөлімдерімен бірлесіп, 2017 жылғы ағымдағы кезеңінде 29468 адам қатысушыларды қамтумен 658 спорттық іс-шара даярлап өткізді, оның ішінде 110 аудандық деңгейде және 57 облыстық іс-шараға қатысты. Барлық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
2017-2018 оқу жылы оқушылардың спартакиадасы аясында жеңіл атлетикадан (ойлы-қырлы жерлер бойынша кросс), шағын футболдан жарыстар өткізілді. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан, бозбалалар мен қыздардың арасында волейболдан және баскетболдан, президенттік көпсайыстан (қысқы, жазғы), шаңғы жарысынан, жеңіл атлетикадан, спорттық бейімделуден жарыстар өткізу жоспарланып отыр.
2017 жылғы 23 маусымда ауданда 4 спорт түрінен мемлекеттік қызметшілер арасында жыл сайынғы спартакиада өтті: жағажай волейюолдан, шағын футболдан, кроссфиттен, атудан. Сонымен қатар, 2017 жылғы 04 қарашада мемлекеттік қызметшілер арасындағы Шығыс Қазақстан облысының 16-спартакиадасы аясында іріктеу жарыстары өтті.
Жазушы-жерлесіміз А.Ивановқа, Убинка совхозының директоры В.Касьяненкоға арналған ерлер командалары арасында волейболдан дәстүрлі турнирлер өткізіледі; Ауған батыры В.Зубконың естелігіне шаңғы жарыстары, шаруа қожалықтары басшыларының сыйлықтарына ат спорты түрлерінен жарыстар өткізіледі.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі республикалық “Денсаулық фестивалі», “Олимпиада күні”, “Спорт күні” республикалық спорт акцияларына, мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелерін өткізуге қатысады.
Барлық ауылдық округтерде, кенттерді және Шемонаиха қаласында тұрғындардың дене дайындықтарына президенттік тест өткізілді. Қыстық тестке – 4175 адам қатысты, қамтылу тұрғындардың жалпы санынан 9,2% құрады, жазғы президенттік тесті 4834 адам тапсырды, бұл халықтың жалпы санынан 10,7% құрады. 2016 жылы қыстық тестілеуге 2299 адам қатысты, жазғыға – 2233 адам, қамту халықтың жалпы санынан 5% құрады.
Жыл сайын Шемонаиха ауданы әкімінің сыйлықтарына Халық спорт ойындары өткізіледі.
Спорттық оқиғалар мен салауатты өмір салтын насихаттау туралы мақалалар үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Шемонаиха ауданында барлық мемлекетке тиесілі спорт ғимараттары ақысыз негізде жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлермен аз қамтылған отбасылар балалары бокс, карате спорт түрлерінен секцияларға тегін қатысу үшін меморандумдар жасалды. 2017 жылғы ағымдағы кезеңге меншік секцияларға 16 адам тегін қатысады.

Бөлім басшысы Р. Ахметов

Парақтар өзгертілді: 11-06-2018