ТЖ ескертеді

Пештен жылыту кезіндегі иіс газы

Пешпен жылыту кезеңі басталғаннан бері Шемонаиха ауданында үй иелерінің салу және пайдалану ережелерін бұзғандығынан пешпен жылытудан болған тұңшықтырғыш газбен улану оқиғалары жиіленіп кетті. Жуырда Шемонаиха ауданында оқыс оқиға орын алды. Басым көпшілігінде иісті газбен улануға үйді жылытатын пешті салу және пайдалану талаптарына мән бермей, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзатын үй иелері кінәлі, ал ата-аналарының салғырттығынан балар зардап шегеді.
Егер пешті дұрыс пайдаланып және оның дұрыс жұмыс істеуіне көңіл аударып отырса, отынның жану кезінде пайда болатын иіс газдың мөлшері соншалықты қауіп төндірмейді. Сергектік – иіс газымен уланудың алдын алу кепілі.
Төбесі жабылған және ішіндегі отыны жанбай қалған пеш иіс газының көзі және байқаусыз уландырғыш болып табылады. Отын түгелдей жанып кетті деп ойлап, үй иелері жылуды сақтап қалу үшін түтіндіктің жолын жауып тастайды. Бықсып жанып жатқан көмір ауа жетпегендіктен иіс газы түзіп, ол пеш құрылғысының саңлаулары арқылы бөлмеге таралады.
Түтіндіктің тартымы және ауаның келіп түсуі нашар болған жағдайда да, отынның жанбай қалып, соның салдарынан, иіс газы түзіліп, оның жинаулына әкеліп соқтырады. Түтіндікті күтіп-ұстау сондай жалықтыратындай жұмыс емес – тек 1 жылда 2 рет пешпен жылыту кезеңінің алдында және одан кеін пештің тартымын, кірпіш қалауларының немесе модульдарының қиысқан жерлерінің саңлаулары жоқтығын тексеріп, қажетті кезде пештің ішкі беттерін күйеден тазарту жеткілікті. Пеш пен тұтіндіктің қосылған жерін бақылауына аса көңіл аударыңыз.
Көп қолданбай тұрған пешке от жағар алдында түтіндік жолының бітеуішін ашып, мұржа арқылы қарап, түтіндіктің күйемен, жапырақтармен толып қалмағанына және құс ұяларының пайда болмағанына (осындай жағдайлар да болады) көз жеткізу қажет.
Сондықтан егер ақаулық тапсаңыз – оны бүгін жойыңыз, ертең кеш болуы мүмкін.

Шемонаиха ауданы ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты  Г.И. Халилова 

Суға түсу кезінде абай болыңыздар!

Көптен күткен жаз кезі қызып, жаппай демалыстың мезгілі басталды және адамдар өзінің демалысын жиі судың маңында жасайды. Бірақ жиі қуанышты жылы күндер қайғыға айналады. Осындай оқиғалар негізі, демалыс және балық аулау барысында су айдындарда мас күйінде болып жатады. Барлық ескертулерге қарамастан, адамдар көбіне сергекті, керек кезінде межелі ықыласты жоғалтады.
Жыл сайын су құрбанына айналғандардың көбі суға түсуге тиым салынған аумақта шомылғандар құрайды. Шомылу орындар, пайдалануға беру үшін алдынала қарайды және ашылымға әзірлейді. Өзеннің және су айдынның түбі ұқыпты сүңгушілермен зерттеліп тексеріледі. Кейін қараудың шешімі қабылданады, бұзушылық болса жою үшін уақыт беріледі. Суға түн уақытында түсуге қатаң тыйым салынады. Осыған қарамастан, құлақ аспай жүзетіндер аз емес. Сол тәуекел. Ыстықтан және спирттік сусындардан бастың миы тамырлары қысылып, адам аз уақытқа есінен айрылады. Организм әрдайым сіңір тартылулармен оншама ауыз толтырып айтарлық «суық» күйзеліске мән беріп, адам денесінің ең маңызды бұлшықеттерін тоқтатады. Осындай мас күйінде өз өмірін тәуекелге қойып суға түсетін азаматтар құтқарушыларға аз емес әуре әкеледі.
Су маңындағы демалысты жағымды өткізу үшін Шемонаиха ауданының ТЖБ судағы маңызды ережелерді сақтауды ұсынады. Өзіңіздің және балалардың кауіпсіздігін сақтау. Сақтау демалыс арнайы арнайы құралдармен жабдықталған жерлерде рұқсат етіледі. Суда жарық кезінде қаупсіз болады. Судың температурасы +18, ауа температурасы +24 желсіз күндері түсуге рұқсат етіледі.

Шемонаиха ауданының ТЖБ инженері
өртке қарсы қызмет лейтенанты Г.Халилова  

Балалардың қауіпсіз демалысы  – бұл  маңызды!

Оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы каникулда күш жирауға демалысқа аттанды.  Демалыс демалыспен, алайда осы уақытта балалар әртүрлі күтпеген оқиғаларға тап болу мүкіндігін ұмытпаған жөн. Ең ұзақ мектеп каникулы ата-аналардың түрлі сезімдерін шақырады. Ұлын немесе қызын қайда жіберсе? Жарақаттардан қалай сақтау? Дәл сондықтан балалардың демалысы кезінде қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылады.  Су айдындарда балалар өмірінің қауіпсіздгі көптеген жағдайларда үлкендерге тәуелді! Мысалы, 2015 жылғы сәуір айында Шемонаиха ауданы Красная Шемонаиха ауылы шетінде орналасқан «Протока» бұлағында ойнап жүрген 2011 ж.т. бала суға тайып, батып кетті.
Ыстық ауа-райының басталуына байланысты және жазғы кезеңде су айдындарда балалардың өлімін болдырмау мақсатында Сіздерден су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде өтінеміз. Үзілді-кесілді шомылуға тыйым салынады: үлкендердің қадағалаусыз балаларға; таныс емес орындарда; үрлемелі матрастарда, камераларда және басқа жүзу құралдарында. Табиғи су айдындарында шомылу кезінде орнатылған бөгет белгілерінен ары жүзіп баруға болмайды, моторлы қайықтарға және басқа жүзу құралдарына жақын жүзіп баруға болмайды. Балалардың жарақаттануы арасында отқа және электр құрылғыларына байқаусыз қарау соңғы орынды алмайды. Кең таралған өрттер жағдайы туралы балаға ескерту жасау және оны күні бұрын сақтандыру қажет. Осы сияқты отпен балалардың ойнауынан шығатын өрттер пайызы тұрақты биік және мұндай өрттердің салдары жиі қайғылы болып келеді. Көбінде балалар сіріңкемен ойнайды, алау, факел жағады және т.б. Осы секілді «ерлікті» жасау үшін олар жиі ең жарамсыз орындарды таңдайды: пәтерлер, шатырлар, аулалар, саты алаңдары, жертөлелер. Балаңызды үйде қалдырып кетерде міндетті түрде оған өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін еске салыңыз және балаңызға өрт болған жағдайда өзіні қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. Электр қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарау әртүрлі ауырлық дәрежедегі күйіктерге және ең қайғылысы өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен, 2015 жылдың мамыр айында Шемонаиха ауданы Кенюхово аулында 1-сыныптың оқушысы зақымданған электр желісімен жанасудың нәтижесінде электр тоғына соғылып, сол жерде қаза тапты. Ересек адамның организміне қарағанда баланың организмі төмен электрлік жанасуға бейім. Сондықтан, баланың орнанизміне электр тоғының әсер ету күші ересек адамға қарағанда біршама жоғары.
Ойын ойнайтын жер көбінде шұңқыр, ор, белгісіз аумақтар болып табылады. Балалардың көзқаорасымен қарағанда бұл ойын үшін таптырмайтын жер, ал ата-аналар үшін – қауіп-қатарге толы алаң мен тек бас ауруы. Балалардың жаз кезінде демалуы мен денсаулықтарының мықты болуы үшін, Сіз балаға жиірек қиын емес жүріс-тұрыс ережелерін еске салсаңыз, сондайлық оның оларды еске сақтап, орындау мүмкіндігі жоғары болатындығын есте сақтаңыз. Балаларыңыздың демалысы сәтті өтуіне және жарақаттанбауы үшін барлық жағдайды жасаңыз.

Шемонаиха ауданының ТЖБ инженері өртке қарсы лейтенанты Г. Халилова

Су басу кезіндегі әрекеттер

Су басу қар еру мен қатты жауған жауын-шашын, көтерме желдің әсері (желдің су бетіне әсер етуінен, су деңгейінің көтерілуі), мұз кесектері (көктем кезіндегі сең жүру кездерінде өзен арнасының жіңішкерген және тіке бұрылыстарындағы мұз үйінділерінің пайда болуы), қар астындағы су (қыс басталған кезде мұз пайда бола бастағанда өзен арнасының жіңішкерген және тіке бұрылыстарында мұздың жиналуы), бөгеттердің жарылу нәтижесінде мол судың келіп құйылуынан өзендердің, су қоймаларының, көлдер мен теңіздердің су деңгейі көтеріліп елді-мекеннің көп бөлігін су басу.
Жүйелі түрде су басатын аймақтардағы тұрғындар аталған қауіп-қатер туралы алдын-ала құлағдар болуы тиіс, су басу кезінде және қауіп-қатер төнген кезде орындалатын іс-әрекеттерге дайын болуы керек. Су басу жайлы болжам келіп түсе салысымен тұрғындарға радио байланыс және теледидар арқылы хабар таратылады. Өкінішке орай, төнген қауіп-қатер туралы жиі су басатын аудан тұрғындарын күні-бұрын ескертуге мүмкіндік бола бермейді.
Сіз айтылған төтенше жағдайға тап болсаңыз, не істеу керек? Кенеттен су басу жағдайы орын алғанда пәтерден тездетіп бірінші қажеттіліктегі заттарды жинастыру қажет: құжаттарды, медициналық қобдишаны, сіріңке (оттық), нан, ішетін су. Маңайдағы қауіпсіз биік жерлерге орналасу қажет, сондай-ақ қолдан жасалған суда қалқыма құралдардың көмегімен суда жылжып көшуге дайын болу. Осындай жағдай орын алған кезде үрейге бой алдыруға болмайды, суда қалған және көмекке мұқтаж адамдарға құтқарушылардың дер кезінде көмек көрсетуіне шаралар қолдануға көмектесу.
Егер су басу тәуліктің күндізгі мезгілінде болса, онда құтқарушылардың назарын аудару үшін биік жерге үлкен көлемді ақ немесе түрлі-түсті кенеп матасын ілу керек, ал түнгі уақытта ең тиімдісі жарық белгілерін беру - шам, прожектор, алаулатып от жағу т.с.с.
Су басу аудандарында қалған адамдар арнайы көмек келгенге дейін, ғимараттың бірінші қабатында немесе шатырларда, ағаштар және басқа да биік жерлерде қалу керек. Көбінесе адамдардың су басу аудандарында қалуы су деңгейінің төмендеуіне дейін немесе қауіпсіз ауданға көшіру үшін берік құралдармен жабдықталған құтқарушылар жақтан көмек келгенше созылады. Су баспаған ауданға тұрғындардың өз бетімен көшуі науқастарға шұғыл көмек көрсету жағдайында, азық-түлік қорының азаюы мен таусылғанда, жағдайдың нашарлау қаупі немесе сырттан көмек келетініне сенімнің жойылуы кезінде жүзеге асырылады. Суда өздігінен орын ауыстыру кезінде жеке қайық немесе кішкене кемелер, бөренеден және басқа материалдардан жасалған салдар пайдаланылады.
Су бетінен құтқарылған адамдарға құрғақ киім, тыныштандыратын дәрі берілуі қажет, ал судан немесе су айдынының түбінен құтқарылған адамдарға, жасанды тыныс алдыруды жүргізу қажет. Су деңгейі төмендеген кезде адамдар өз пәтерлеріне асығады. Алайда барлық ескерту шараларын естен шығармау қажет.
Ғимаратқа кірместен бұрын оның құрылысы қандай, қирау байқала ма және адам өміріне қандай қауіп тудыратынын анықтап алған жөн. Пәтерге қайта қоныс аудармас бұрын, бөлменің барлық есік терезесін айқара ашып желдету және 30 минуттай уақыт шамасында кірмеген жөн. Ғимараттың (үйдің) ішкі бөлмелерін бақылау кезінде сіріңке немесе оттықты жарық сәулесі ретінде пайдалануға болмайды, себебі ауада газдың болуы мүмкін. Мұндай жағдайда электр шамдарын пайдаланған жөн. Үзілген немесе ілініп тұрған электр сымдарынан абай болған жөн. Электр жүйесін мамандар тексермей электр энергиясы көзін пайдалануға тыйым салынады. Су құбыры, газ және кәріз магистралінің ақауларын немесе бүлінгенін байқасаңыз дереу коммуналдық қызметтерге немесе ұйымдарға хабарлаңыз.

Тасқын кезінде тұрғындардың іс-қимылы

Наурыз бен сәуір айлары қауіпті су тасқыны туындауының мазасыз кезеңдері. Сондықтан су тасқыны кезеңінде сіздің тұрағыңызға жақын орналасқан су айдындарындағы су деңгейін қадағалаңыз.
Өзіңіздің жеке аулаңызда судың кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:
- жақын жердегі бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз;
-өзіңіздің аулаңызда су ағатын орларды қазыңыз;
-  үйдің аумағында суды бөгеу үшін қол материалдарын дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз балшық). БАҚ ақпараттарын мұқият қадағалаңыз.
Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, біраз мөлшерде ауыз су мен азық-түлік қорын дайындаңыз. Міндетті түрде құжаттар мен ақшаны, медициналық аптечканы, қосымша жылы сырт киім мен аяқ-киімдер жинағын салыңыз. Бағалы заттарды, жер қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
Егер де су тасқыны кенеттен болса:
- ең бастысы судан шығыңыз және тасқынға тап болмауға тырысыңыз.
- жақын жердегі биік жерді табыңыз (төбе, биік берік ағаш, үйдің шатыры) және тасқын сізді ағызып кетпес үшін соған жетуге тырысыңыз.
- ұялы телефон арқылы ТЖ бөліміне өзіңіздің тұрған жеріңіз туралы хабар беріңіз немесе кез келген қол құралымен апат белгісін беріңіз (ашық түсті мата, от, дыбыстық белгі). Ашық қауіпсіз жерде от жағып, баспана жасаңыз. Су деңгейі көтерілген жағдайда дереу  101, 112 телефондарына немесе жергілікті атқару органдарына хабарласыңыз.

Аудан әкімінің жұмылдары дайындығы, АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісі Е.Пищальников 

Қарлы боран кезіндегі тұрғындардың әрекет ету ережесі

 Қыс кезіндегі табиғаттың апатты күші қар жауу кезіндегі қарлы бұрқасын. Ұзақтығы 16 сағаттан 24 сағатқа дейін созылатын қар жауу тұрғындардың шаруашылығына, әсіресе ауылды жерлерде қатты әсер етеді. Осы табиғи құбылыс боранмен (қатты қарлы боранмен)  жалғасады, көру бірден қиындайды, көлік байланысы тоқтатылады. Дауыл кезінде жауған қар электр, байланыс желілеріне, ғимарат жабындарына, әртүрлі тіректер мен құрылымдарға мұздың қатуына, бұзылуына әкеп соғады.
2015 жылғы 06-08 қаңтар аралығында Шемонаиха ауданы ТЖБ қызметкерлерімен 304 адам (оның ішінде 9 бала) және 71 бірлік техника күртік қардан қауіпсіз жерге көшірілді. Дауылды алдын-ала ескертуді хабарлау – қарлы бұрқасын туралы ескертуден бастап әсіресе ауылдық жерлерде қозғалысты шектеу қажет, үйде қажетті азық-түлік қорын, су және оттын жинау, жануарларға қажетті жемін және суын дайындау қажет.  
Жекелеген аудандарда қыс түскеннен бастап көшелерде, үйлердің арасына қатты боранда жол жүрушілерге бағыт көрсетуге және  қатты желде көмектесетін арқан тарту қажет.
Қарлы боран адамдар тұратын жерлерден алыстаған адамдарға қауіпті. Қармен жабылған жолдар, нашар көрініс толық бағытты көрсетпейді. Автокөлікпен жол жүрген кезде қар үйіндісінен өтудің қажеті жоқ, тоқтап, машинаның жалюзін толық жауып, радиатор жағынан қозғауышты жабу қажет. Мүмкіндік болса, автомобильді қозғауышты жел жағына қаратып орналастыру қажет. Автомобильден шығып, қардың астында қалмау үшін қарды тазалау қажет. Қармен жабылмаған автомобиль – іздеу тобы үшін жақсы бағдар. Автомобиль қозғауышын уақытылы жылыту қажет. Машинадан  шыққан газдың салон ішіне жайылуын болдырмау керек, осы мақсатпен шығу құбыры қармен жабылып қалмауын қадағалау қажет. Егер жолда бірнеше адам бірге қалса (бірнеше автомобильдерде), барлығына бір жерде жиналып, паналау орны ретінде бір машинаны қолдану қажет. Паналау орнын – автомобильды қалдыруға болмайды, қатты қар жауғанда (боранда) бағыт бар сияқты көрінгенмен, бірнеше он метрден кейін көрінбеуі мүмкін.
Көк тайғақ кезінде апат көлемі жоғарлайды. Көк тайғақ  жолдардағы қозғалысты қиындатады, ал күрделі қиылысқан жерлерде автомобиль көліктерін толықтай тоқтадады. Жүргіншілердің қозғалысы қиындайды, ал әр түрлі құрылымдардың және заттардың құлау қауіпі бар. Осы жағдайларда ескі құрылыстардың, электр және байланыс желілерінің астында және тірек қасында, ағаштардың жанынан алшақ жүру керек.

Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Судағы балалар қауiпсiздiгiне  шомылу орнын дұрыс таңдау мен жабдықтау, суға түсудi жақсы ұйымдастыру, балалармен суда сақтану шаралары мен ережелерiн орындау туралы жүйеленген түсiндiру жұмысы арқылы жетуге болады.
Су қоймалары жағасында немесе оларға жақын орналасқан балалардың еңбек, демалыс лагерлерiнде және басқа да балалар мекемелерiнде суға шомылу орындары мүмкiндiгiнше құмды жатық жағада, ағынды су ағызу орындардан өзен ағыны бойынша 500 метрге және одан да жоғарыда орналасуы қажет, айлақтар, кемежайлар, бөгеттер және басқа да гидротехникалық құрылыстардан өзен ағыны бойынша 100 м төмен және де кемелер жүретiн жолдардан алшақ болуы керек. Бұл жердегi өзен ағыны жылдамдығы секундына 0,5 метрден артық болмауы тиiс.
Балалар шомылатын су айлағының түбі ойықсыз, кемерсiз, қауiптi заттарсыз (тастар, қадалар, шыны, тырбиған ағаштар) 2 м тереңдiкке дейiн бiртiндеп еңiс болуы қажет. Лагерь мен шомылу маусымының ашылу  кезеңінде су айлағының түбін сүңгуiрлер тексерiп және қауiптi заттардан тазалану керек.
Сүңгу жұмыстарын жүргізуге келiсiм шарт жасау жолымен судың түбін тексеру, жағажай, шомылатын орындар бекiтiлген мекеме, кәсiпорындардың   мiндетiне кiредi.
Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайларында суға түсетiн жерлерде 9 жасқа дейiнгi балаларға тереңдiгi 0,7 метрден аспайтын, сондай-ақ тереңдігі 1,2 метрге дейін (балалардың кеуде тұсына дейін) жүзе білмейтін, нашар жүзетін 9 - 12 жастағы және одан ересек балаларды суға түсiрiп, жүзуге үйрету үшін су айлағының учаскелері жабдықталуы тиіс.
9 жасқа дейiнгi балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетiне шығып тұратын биiктiгi 0,8 м кем емес қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшiн, темiр арқанға бекiтiлген бiр-бiрiнен 3 м кем емес қашықтықта орналасқан қалтқы желiмен тартылып тасталады.
Тереңдiгi 2 метрге дейiнгі жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе бiлетiн балаларға рұқсат етiледi. Бұл тереңдiктер бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта орналасқан белгiлермен қоршалады. Балалардың шомылуына арналған жерлер нұсқаулыққа сәйкес белгiлермен көрсетiлуi тиiс.
Су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, суды ластайтын орындар болмауы тиiс.
Балалар лагерiнiң, мекемесiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға сай қолайлы жағдай жасалып, жан-жағы  қоршалып, көлеңке қалқалармен жабдықталуы керек.
Су кесiндiсiнен 3 м қашықтықта әрбiр 25 м сайын «Александров» түйiндерi iлiнген қалқандар орнатылуы тиiс.
Балалар лагерi аумағында суда сәтсiз жағдайларды ескерту бойынша стендтер  орналастырылуы керек. Көрінетін жерлерде «Шомылу ережелерi», су мен ауа температурасын, желдiң күшi мен бағытын көрсететiн тақтайша орнатылуы қажет.
Жағажай аумағы медициналық пункт пен күннiң көзiнен қорғау үшін көлеңке қалқалармен жабдықталуы тиiс.
Балалар жағажайын ашу суда құтқару қызметi өкiлдерiнiң қатысуымен жергiлiктi ауданның органдары шешiмi бойынша арнайы құрылған комиссияның тексеруінен кейін рұқсат берiледi. Тексеру жөнiнде арнаулы акт жасалады.
Су маңында орналасқан әр лагерь мен балалар мекемесi, осы лагерь немесе мекеме иегерi болған ұйымдар құрған ведомстволық құтқару күзеттерi болуы тиiс.
Балалардың шомылуы немесе судағы басқа да шаралар өткiзу кезiнде, құтқару шеңбері және «Александров» түйiнiмен жабдықталған құтқару қайығының күзетшілерімен қамтамасыз етiледi.
Ведомстволық күзеттерге көмектесуге жасақшылар да тартылуы тиiс.
Балалардың суға түсуiне арнаулы жабдықталған шомылу орындары және ведомстволық құтқару күзеттерi болғанда ғана рұқсат етiледi.
Суға шомылу кезiндегi балалар қауiпсiздiгiнiң жауапкершiлiгi жүзу және құтқару жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi.               
Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бiрге, жүзе алатын ересектердiң қадағалауымен 10 минутке рұқсат берiледi. Суға түсушiлер сапқа тұрып, өз алдарына киiмдерiн жинақтап қояды. Киiнiп болғасын, жетекшi киiмдердiң барлығының алынуын қадағалайды.
Суға түсушi балаларды медициналық қызметкерлер мен тәрбиешiлер үздiксiз қадағалап отыруы тиiстi. Шомылуда әдiстемелiк басшылықты құтқару және жүзу жөнiндегi нұсқаушы жүргізеді.
Жүзе бiлмейтiн балалардың шомылуы жүзе бiлетiн балалардан бөлек өткiзiлуi керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар мекемесiнiң жетекшiсi ұйымдастырып, бақылау жасайды.
Балалардың шомылуының алдында жағажайдың келесi дайындығы өткiзiледi:
- отрядтың (топтың) суға түсу орнының шекарасы жағалау сызығы бойынша жалаушалармен белгiленедi;
- қалқандарға кұтқару шеңберлері, «Александров» түйiндерi және басқа құтқару құралдары iлiнедi;
- құтқарушы отырған құтқару қайығы малту сызығының сыртқы жағына шығып, одан 2-3 м қашықтықта орналасады.
Осы шаралардың аяқталуымен отрядтар өздерiнiң шомылу учаскелерiне шығарылады, судағы тәртiп ережелерi туралы нұсқаулар алады.
Шомылу ұйымдасқан түрде, жүзе бiлетiн және суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Шомылушы балаларға қанаттардан суға сүңгуге және малту сызығы белгiлерiнен асуға тыйым салынады.
Сабақ жүргiзу ыңғайлы болуы үшiн жағалаудың суға енiп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады.
Алаңда келесi жабдықтар мен құралдар болуы керек:
- жүзу тақтайлары;
- үйренушiлер санына сәйкес резеңке шеңберлер;
- жүзе бiлмейтiндердi үйрету кезiнде қолдану үшiн 2-3 сырық;
- су үстiнде ұстайтын жүзу белдiктерi;
- 2-4 ватерполды және резеңке доптары;
- 2-3 рупор (мегофон) немесе электр мегофоны;
- үйрету әдiстемесi және жүзу техникасы бойынша оқулық плакаттары мен сабақ кестесiн көрсететiн арнаулы стенд болуы керек.
Балалар суға түсiп жатқанда бүкiл жағажай аумағында:
- бөгде адамдардың болуы мен шомылуына;
- катерлер және қайықтарда тебу;
- спорттық шаралар мен ойындарды өткiзуге тыйым салынады.
Жорық, серуен және экскурсия кездерiнде балалардың шомылуы үшiн түбi жайпақ, дiңгек, түбiртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза таяз тұстар таңдалып алынады. Ондай жерлердi сүңги бiлетiн, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдiстерiн игерген ересектер тауып, тексеруден өткiзедi. Шомылу аймағының шекарасы белгi, сайғақ сырықпен және өзге де бейiмделген нәрселермен белгiленiп қойылады. Шомылу ересектердiң бақылауымен, барша сақтық шараларын сақтай отырып жүргiзiледi.
Ескектi және өзi жүретiн (моторлы) шағын кемелермен серуендеуге, оларды шағын кемелерді бақылау органдары тiркеп, нөмiр берiп және техникалық байқаудан өткiзген соң, рұқсат берiледi. Өзi жүретiн (моторлы) шағын кемелердi басқаруға, орнатылған тәртiп бойынша  оларды жүргiзу кұқығы куәлiгiн алған адамдарға рұқсат беріледі. 16 жасқа дейiнгi балалар ескектi шағын кемелерде тек қана ересектердiң басшылығымен серуендетiледi. Шағын кемелермен серуендеуге тыйым салынған орындар осы нұсқаулыққа сәйкес  арнаулы белгiлермен қоршалуы қажет.
СЕРУЕНДЕУ КЕЗIНДЕ:
- есiрткiмен уланған немесе мас күйiндегi адамға кеме басқаруға;
- жүргiзушiлердiң кеменi басқару кезiнде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шағын кемелерді бақылау органдарының шарттары мен мөлшерлерiн және техникалық талаптарын орындамауға;
- кемеге белгiленген мөлшерден артық жүк алуға;
- ересектердiң ерiп жүруiнсiз 16 жасқа дейiнгi балаларға ескектi кемелердi пайдалануға;
- құтқару кеудешелерінсіз 10 жасқа дейiнгi балаларды қайыққа алуға;
- кемеден суға секiруге;
- кеме жүрiп келе жатқанда оның жиегiне отыруға, орын ауыстыруға, өзге кемелерге ауысып отыруға;
- шомылу мен жағажай үшiн белгiленген су айлағына кiруге, сонымен қатар, кемежайлардың белгiлерiне жақындап тоқтауға да тыйым салынады.
Шағын кемелер ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге құралдар мен жабдықтар болуы тиiс.
Ұйқыға жатқызар алдында жағажай әкiмшiлiгi жағалауды сүзiп шығу үшiн, патруль бөлуге мiндеттi.

Шемонаиха ауданының
ТЖБ инженері Г. Халилова  

Жағажайларды және су жағасындағы көпшілік демалатын орындарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралар

Жағажайлар және су жағасында көпшiлiктiң демалуы үшiн бөлiнген орындар төмендегi қойылатын талаптарға жауап беруi қажет.
- суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аумағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келiп, сазды және ластанған болмауы қажет;
- су обьектiсiнiң түбі тығыз, жағадан бастап бiрте-бiрте еңiс тарта беретiн болуы, 1,75 м тереңдiкке дейiн және жағадан бастап есептегенде ең кемi 15 м белдеуде құламасыз, жарғабақсыз болып келуi, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегi, таскесек, шыны, құты және өзге заттардан таза болуы тиiс, теңiз бен өзеннiң суға шомылатын айдын бетi бiр шомылушы адамға 5 шаршы м., ал тұйық суда бұл аудан 2 - 3 есе көбейтiлуi қажет;
- жағажайлар мен көпшiлiк демалатын орындар жергiлiктi өкiмет органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақаба сулар құйылатын тұстан кемi 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, кеме тоқтайтын жерлерден, пирстерден, мұнай өнiмдерi сақталатын орындардан және т.б. кемi 100 м төмен орналасуы керек;
- шомылуға бөлiнген орындар, су жағасы бойынша айдын шекарасы көрсетiлген орындарда арнайы таңбалармен белгiленуi қажет;
- шұғыл құлама түбі бар орындарда, судың кесiндiсiнен 5 - 10 м жерде, арнайы белгi орнатылуы қажет;
- су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, су иiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м-ден аспауы тиiс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерде оны бәсеңдететiн қосымша құралдар қондырылуы керек;
- жыл сайын суға түсу маусымы алдында шомылуға арналған су айдынының түбін тексерiп шығып тазарту керек. Су түбін тексеру және тазарту  бойынша сүңгуірлік жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерi немесе су қоймасы бекiтiлген кәсiпорындардың мiндетiне кiредi.

Суға шомылатын орынның 1,2-1,3 м тереңдiгiнде су өлшейтiн шыбық шаншылады. Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25 - 30м қашықтықта және тереңдiгi 1,3 м болатын тұстан әрi 25 метрге дейiнгi жерде орналасатын сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуi тиiс.
Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзу бiлмейтiндер үшiн, шомылуға арналған тереңдiгi 1,2 м аспайтын айдын бет учаскелерi жасалады. Аталған учаскелер темiр арқанға бекiтiлген желiсiмен бөлiнедi немесе арнаулы қоршаумен қоршалады.
Жағажайларда және суға шомылатын орындарда суға секiретiн учаскелер жабдықталуы мүмкiн. Мұндай учаскелер айдынның суға қауiпсiз сүңгуге мүмкiндiк беретiн тереңдетiлген жағасы бар табиғи орындардан таңдап алынады. Ондай орындар болмаған жағдайда, сүңгудi қауiпсiз ететiн, судың терең жерiне дейiн жететiндей ағаш көпiршелер немесе салдар орнатылады. Суға секiруге арналған учаскелерiнде су айдынының түбі мұқият зерттелiп және қауiптi көлденең заттардан тазартылуы керек. Суға секiруге арналған учаскелер шамамен жалпы суға шомылатын орыннан бiраз алшақ жерде құрылады немесе тым болмаса, оның бiр жағында орналастырылады.
Суға секiретiн қауiптi орындар осы нұсқаулыққа сәйкес арнайы белгiлермен қоршалуы қажет.
Суға түсуге тыйым салынған орындарда осы нұсқаулыққа сәйкес «Суға түсуге болмайды» деп жазылған белгiлер орнатылуы қажет.
Жағажай аумағы жақсылап жазықталып қоршалуы қажет, жаңбыр суының ағуына жағдай жасалуы керек. Жағажай аумағы оңаша ерлерге, әйелдерге арналған және жалпы учаскелерге бөлiнуi мүмкiн. Жағажайларға және суға шомылу орындарына түсу қиясы жатық болуы қажет, сонда әрбiр суға түсушi адамға жағажайда кем дегенде 2 шаршы метр ауданнан, ал шомылатын су айдынының кем дегенде 3 шаршы метрi келуі керек.
Шомылатын су айдынының қоршаулары берiк бекiтiлуi қажет және жағамен көпiрше немесе басқыштармен қосылуы керек, суға түсетiн сатылар жайлы да және сүйенiшi бар болуы тиiстi.
Жаға аумағынан алшақ тұрған шомылатын су айдынының қоршауларында қараңғы түскенде кем дегенде 2 м биiктікте кемелер жүретiн жақтан анық көрiнетiн ашық түстi шеңберлi жарық жағылуы қажет.
Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына, әдетте, радио жүргiзiлуi және оларда мүмкiндiкке қарай телефон байланысы болуы, қалалық көлiкпен қызмет көрсетiлуi керек.
Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттiк iшiмдiктердi сату барынша шектеледі.
Жағада ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш дөңгелектер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қалқандар қойылады. Дөңгелектің бiр бетiнде «Суға батушыға лақтыр» деген жазу және келесі бетінде жағажайдың (демалыс базасының) аты жазылуы керек.
Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн кезекшi қызметкерлерi бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажет құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Әрбiр жағажайда және су маңындағы көпшiлiк орындарда кездейсоқ жағдайларды ескерту мен суда зардаптанушыларға жедел көмек көрсету үшiн жағажай иесі немесе осы су қоймасы бекiтiлген ұйымдар өз есебiнен ведомстволық құтқару күзеттерiн шығарады, құтқару iсiн жетiк игерген құтқарушы-кемешілердің тұрақты кезекшiлiгiн ұйымдастырады.
Күзет ведомстволық құтқару күзеттерiн жабдықтау мен құтқару Ережелерiне сәйкес ұйымдастырылуы және жинақталуы қажет.
Қалалық және аудандық әкімшіліктер өкімімен жағажайларда және су маңындағы демалыс орындарында судағы қауiпсiздiкті сақтау үшiн құқық қорғау органдарының патрульдік қызметі ұйымдастырылады.
Көпшiлiк суға түсетiн орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуiттерiнде қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған мағлұматтары бар стендiлер көрнекi жерлерге жабдықталып қойылады.

Стендтерде төмендегiлер:
- «Жүзудi үйрен», «Судағы құтқару әдiстерi» т.б. плакаттар;
- күн астындағы ваннаны қабылдау әдiстерi мен тәртiбi туралы демалушыларға кеңес;
- жел бағыты мен күшiн, су ағыны жылдамдығын су мен ауа температурасын көрсететiн тақтайша;
- жақын жерде орналасқан құтқару станциясы мен полиция мекен-жайы және олардың телефон нөмiрлерiнiң көрсеткiштерi;
- жағажай аумағы мен су айдынының үлкен тереңдіктері мен қауiптi орындарын бейнелейтiн сызбалық кескiнi;
- жүзу сабақтары, жаттығулар, жарыстар кестелерi, оған қатысушылар мен судағы қауiпсiздiкке жауапты адамдардың тiзiмi көрсетiлуi қажет.
Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кiр жууға, аң-құс шомылдыруға тыйым салынады. Аң-құс шомылдыруға бөлiнген орындар осы нұсқаулыққа сәйкес су айдыны шекарасының жағасы бойынша орналасқан белгiлерiмен көрсетiлуi қажет.
Су маңындағы көпшiлiк демалыс орындарында терi ауруы бар, мас күйiндегi және шомылатын костюмсiз немесе iш киiмсiз адамдарға суға түсуге тыйым салынады.

Суға түсушiлерге:
- белгiнiң және қоршаудың сыртына жүзiп шығып кетуге;
- моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға жақындап жүзуге;
- қайықтан, катерден, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секiруге;
- су қоймаларын ластауға, қоқсытуға;
- спирттiк iшiмдiктердi iшуге;
- жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
- жағажайда және гардеробта қағаз, құты, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға;
- суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға;
- жалған дабыл соғып, айғайлауға;
- тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автокөліктің доңғалағының резеңкесiмен жүзуге;
- мас күйiнде, нашамен мастану кезінде суға түсiп, шомылуға тыйым салынады.
Биiктiгi 3 м және одан да жоғары суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және оның көзiнше жүргiзiледi.

Сақ болыңыздар: Кенелер!

Кенелер - кене энцефалиті мен кенелік боррелиоз (Лайма ауруы) вирусының көзі және тасымалдаушылары.
Вирустық энцефалит – орталық нерв жүйесін зақымдаумен сал, парез, делбе (кейде өлімге әкеп соқтырады) ауруына әкеп соқтыратын және уланумен, қалтыраумен сипатталатын қауіпті инфекциялық ауру. Кейде ауру жеңіл және білінбейтін түрде болады. Дене қызуы, бас ауруы, науқастану белгілері болуы мүмкін.
Лайма ауруы (кенелік боррелиоз) бірінші 4-5 апталықта науқастанумен, қалтыраумен, бұлшық еттердің ауруымен білінеді. Кененің жабысқан орнында білікшеше оралған қызару пайда болады және келе-келе мөлшері ұлғая береді (60 мм-ге дейін). Одан әрі неврологиялық (менингит, энцефалит, миелит) және жүрек-қандық (миокардит) шиеленісулері дамиды.
Табиғаттағы энцефалиттің көзі- кемірушілер, жәндік улы сүтқоректілер, құстардың жеке түрлері. Вирус ешкінің, сиырдың, қойдың сүттеріне түсуі мүмкін.
Адамға вирус кененің шағуы арқылы, жабысқан кенені сыққанда және сүрткен кезде, шикі сүтті ішкен кезде тарайды. Кене энцефалитінің вирусы адамнан адамға тарамайды!
Вирус кенеде өмір бойы сақталады (2-4 жыл), ұрпақтан ұрпаққа тарауы оны «табиғи резервуар» инфекциясы етеді.
Кене энцефалитетінің инкубациялық кезеңі 1,5-2 аптаны, кейде 3 аптаны құрайды. Бұл шағу сипатымен түсіндіріледі - кене неғұрлым көбірек сорып жабысып тұрса, соғұрлым денеге вирус көп кіреді және ауру тез дамиды.

Есте сақтаңыз!
1. Орманға жорыққа шығар алдында өзіңізді кененің шағуынан қорғаңыз: жеңіңізді түймелеңіз, шалбарыңыздың балағын шұлыққа және аяқ-киімге тығыңыз. Киімнің ашық түсті болғаны өте жақсы, өйткені кенені тез таба аласыз;
2. Өзіңізді әрбір 15-20 минут сайын қараңыз. Кене бірден жабысып сормайды. Біріншіден ол киімге жабысады да, «тамақ» үшін орын іздеп жоғары өрмелейді;
3. Кенені үркітетін және өлтіретін химиялық қорғаныс құралдарын (аэрозольдарды, арнайы қарындаштарды) елемей қоймаңыз. Оларды шеңберлі жолақтармен буындарыңызға, тізелеріңізге, бөксеңізге, беліңізге, жағаңызға жағыңыз;
4. Төмен өскен бұталардың астынан жүрмеңіз. Тұрақ және түнеу үшін, құмды топырағы мен қарағайлары бар биік шөптері жоқ жерді таңдап алыңыз. Кенелер, әртүрлі ой-пікірлерге қарамастан, ешқашан ағаштан басқа түспейді және бір метрден жоғары биіктікке көтерілмейді.
5. Кене бірнеше күннен кейін де шағуы мүмкін. Үйге келген соң, киіміңізді, өзіңізді және жақындарыңызды, үй жануарларын, гүл шоқтарын мұқият қарап шығыңыз.
6. Шикі сүтті ішпеңіз. Сүтті қайнатқанда вирус өліп қалады.
7. Үй жануарларында кенені байқағанда, оны алып тастау, ал жануарыңызды ветеринарға көрсету керек.
Шұғыл шаралар:
Жабысып тұрған кенені байқаған кезде оны бірден алып тастауға тырысыңыз, өйткені ол тері талшықтарын ашады да, сілекейінде қатырғыш зат болғандықтан жабысып әрі қарай біртіндеп кіре береді;
Кенені бас жағына жақынырақ пинцетпен қысыңыз (немесе саусағыңызды таза дәкемен орап алып), оны теріге перпендикуляр күйде қатаң ұстап, мыжып алмауға тырысып, ақырындап бұраңыз. Кенелер басымен емес, «құйрығымен» (демтесік) дем алғандықтан, процедураның алдында оған өсімдік майын немесе вазелин жақса, ол өзі шыға бастайды.
Шаққан орынды спиртпен, йодпен, әтірсумен дезинфекциялаңыз. Егерде кенені толығымен ала алмасаңыз және алдыңғы бөлігі жарада қалып қойса, ол орынға йод жағыңыз және дәрігерге көрініңіз.
Процедурадан кейін қолыңызды мұқият сабынды сумен жуыңыз.
Кененің қалдығын лабораторияға тексеруге өткізу қажет. Онда сізге кененің індетті екенін немесе еместігін және емдеу керектігін немесе керек еместігін айтады.
Инфекцияның алдын алудың аса тиімді түрі – жылдың суық мезгілінен бастауды қажет ететін, үш кезеңдік егілу. Бұл 99 % қорғаныс береді.

Біздің Шемонаихада кене шағуына душар болғандар, Тәулік бойы АОА дәрігеріне қаралуы қажет.

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017