ТЖ басшылары

kn  Шемонаиха қ. М.Горький көшесі, 97 тел. 8(72332) 3-04-04

Даиров Құрмаш Сапарұлы

Даиров Құрмаш Сапарұлы – азаматтық қорғау полковнигі, ШҚО ТЖД Шемонаиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.

1978 жылдың 22 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Рассыпное ауылында туған. 1995 жылдың қыркүйек айынан 1998 жылдың сәуір айы аралығында ҚР ТЖК Көкшетау жоғарғы техникалық училищесінде «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алды. 1998 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың қаңтар айына дейін ШҚО МӨҚҚ Шемонаиха ауданының № 7 МӨҚҚЖ инспекторы лауазымында болды. 2002 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қаңтар айы – ШҚО МӨҚҚ 7-МӨҚҚЖ МӨИ аға инспекторы. 2003 жылдың қаңтар айынан 2006 жылдың шілде айына дейін – ШҚО МӨҚҚ ММ 7-МӨҚҚЖ 28-ӨСБ бастығының орынбасары. 2007 жылдың шілде айынан 2019 жылдың шілде айына дейін – «ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Шемонаиха қ. 28-ӨСБ бастығы. 2019 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін – ШҚО ТЖД Шемонаиха ауданы ТЖ бөлімінің бастығы.
Шемонаиха ауданы ТЖБ бастығының міндеттері:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, салааралық үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өрт қауіпсіздігі саласында, Азаматтық орғаныс іс-шараларын орындауда,  мемлекеттік бақылауды орнату, Шемонаиха ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ШҚО ТЖД-ға төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
ШҚО ТЖД-ға Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының басшыларын даярлау бағдарламаларын  әзірлеу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша ұсыныстар енгізу;
ТЖБ жұмысын жоспарлау және бақылау, ТЖБ қызметкерлерінің арасында міндеттерді үлестіру;
өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылық жасау;
Шемонаиха ауданының аумағында орналасқан ШҚО ТЖД   бөлімшелерінің   қызметіне шұғыл басшылықты жүзеге асыру;
ұжымдағы моральдық-психологиялық, қызметтік-әскери тәртіптің жағдайына, сондай ақ  бағынысты бөлімшелердің қызметкерлерінің заңды, сондай ақ  қызметтегі және тұрмыстағы өзін-өзі ұстаудың міндетті нормаларын сақтауына   бақылау орнату;
жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі  саласындағы  қызметін  үйлестіруге қатысу;
Шемонаиха ауданының аумағында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу;
Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс уақытына арналған жоспарларын  әзірлеу;
Шемонаиха ауданының аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметтерін үйлестіру;
төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке ұсыныстар дайындау мен жолдау;
қалалар мен шаруашылық ету объектілерінің санаттау дәрежесіне қарай Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шаралардың көлемі мен ұстауы бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;  
қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабарландыруды ұйымдастыру;
мониторинг, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны және басқа да қауіпті құбылыстар туралы халыққа және шаруашылық ету субъектілеріне хабарлау жүйесін ұйымдастыру;
мемлекеттік өрт бақылау мен азаматтық қорғаныс саласында бақылауды жүзеге асыру;
өртпен күреске елді мекендердегі және олардың ведомствалық бағыныстылығынан тыс объектілердегі өрт сөндіру бөлімшілерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;
тұрғындарды, елді мекендерді және шаруашылық ету объектілерін табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша болашақ және ағымдары жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-әрекет жоспарларын әзірлеу;
өз құзіретінің шеңберінде төтенше жағдайларға әкелген аварияларды, апаттар мен табиғи апаттарды тексеруді ұйымдастыру және қатысу;  
өрттерді табу мен сөндірудің автоматтық құралдарын енгізу бойынша шараларды қабылдау;
заңмен белгіленген тәртіпте талап арыздарды құру және сотқа жіберу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау;
тұрақты мониторинг, талдау жүргізуді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың туындауын болжау;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары үшін азаматтық қорғаныс саласында анықталған мәселелерді және олардың туындау себептерін жою бойынша шараларды қалыптастыру; 
ТЖД басшылығын шұғыл ақпараттандару үшін материалдар дайындау;
өкілеттігі шеңберінде әкімшілік өндірісті қозғау;
өз құзіреті шеңберінде терроризммен күрес бойынша штаб жұмысына қатысу;
Қағидалардың талаптарына сәйкес ақпараттарды есепке алу кітабын (бұдан әрі – АЕК) нақты, уақытылы қалыптастыру бойынша бағынысты қызметкерлердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлар қабылдаған шешімдерді келіседі;
өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторларға АЕК-дағы қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды орындауға жібереді (жүктейді);
АЕК журналының жүргізілуіне ұдайы мониторингті жүзеге асырады;
ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдануға тыйым салынады;
азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдану оқиғаларын білген жағдайда басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау.   

   
Данияр Тұрсынұлы Мамбетов

Данияр Тұрсынұлы Мамбетов – азаматтық қорғау майоры, ШҚО ТЖД Шемонаиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.

Шемонаиха ауданы ТЖБ бас маманының міндеттері:
өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істі жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің нысандарында, сонымен қатар Шемонаиха ауданының нысандар тізіміне сәйкес бекітілген нысандарда мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін жүзеге асыру;
ШҚО ТЖД-ға, атқарушы билік органдарына, шаруашылық ету субьектілеріне өрт қауіпсіздігі саласында ақпараттық хаттар, шолулар, әдістемелік әзірлемелерді дайындау;
елдімекендер мен нысандарда азаматтық қорғау бұзушылықтары туралы мемлекеттік билік органдарын (аудан әкімін) белгіленген тәртіпте ақпараттандыру, ақпараттық хаттар, шолулар, әдістемелік ұсыныстар дайындау;
өрттерді есепке алу мен талдау және жүргізілетін өрт сөндіру-алдын алу жұмыстары негізінде меншік формасына қарамастан, елдімекендер мен шаруашылық нысандарды өртке қарсы қорғауды күшейту бойынша негізді ұсыныстар әзірлеу;
аудандық ведомстволары арқылы нысандардың азаматтық қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі ұйымдастырылған-алдын алу іс-шараларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау;
қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу;
тексерістерді ресімдеу, шаруа субъектілерінің қызметін тексерістерді тіркеуді бақылау, ШҚО бойынша ҚР МП СЕ және АЕКБ –мен жұмыс істеу;
жартыжылдықтар бойынша Шемонаиха ауданы объектілерінің тексеру кестесін әзірлеу;
бақылау-қадағалау істерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыру;
әкімшілік деректер базасын жүргізу;
әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың заңдылығына, уақытылығына, орындалуына бақылау жасау;
ШҚО ТЖД-ға азаматтық қорғаудың өрт қауіпсіздігі саласында есептер мен мәліметтерді дайындау және жолдау;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау;
Шемонаиха ауданының ТЖБ басшылығын жедел ақпараттандыру үшін материалдар дайындау;
өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғын секторда алдын алу жұмысын жүргізу;
мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы  жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына, немесе құқыққорғау органдарының мәліметіне осы міндетін орындамағаны үшін тәртіптік жазаны қолданылатын ескеріп, жеткізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде басқа жұмысты орындау;
жемқорлыққа қарсы болуы тиіс және де ол үшін жеке түрде жауап беру;
ракета-тасығыштарды ұшыру кезінде аумақтық бөлімшелерінің күштер мен құралдарды жоғарғы дайындыққа келтіру, жүргізілген апаттық-құтқару жұмыстар туралы шұғыл сипаттағы ақпаратты ШҚО ТЖД ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру, ракета-тасығыштарды ұшыруды жүргізу кезінде төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу және түзету;
ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдануға тыйым салу;
азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдану оқиғаларын білген жағдайда басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еу бойынша талаптарды сақтау.

   
Асипова Динара Валерийқызы

Асипова Динара Валерийқызы – азаматтық қорғау майоры, ШҚО ТЖД Шемонаиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

Шемонаиха ауданының ТЖБ аға инженерінің міндеттері:
азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істі жүзеге асыру;
өрт қауіпсіздік саласында әкімшілік құқықбұзкшылықтар мен оларды жасаған тұлғалар туралы деректер базасын құру;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің нысандарында, сонымен қатар Шемонаиха ауданының нысандар тізіміне сәйкес бекітілген нысандарда мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін жүзеге асыру;
ШҚО ТЖД-ға, атқарушы билік органдарына, шаруашылық ету субьектілеріне өрт қауіпсіздігі саласында ақпараттық хаттар, шолулар, әдістемелік әзірлемелерді дайындау;
азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша жаттығулар мен штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастыру және өткізу;
елді мекендер мен нысандарда азаматтық қорғау бұзушылықтары туралы мемлекеттік билік органдарын (аудан әкімін) белгіленген тәртіпте ақпараттандыру, ақпараттық хаттар, шолулар, әдістемелік ұсыныстар дайындау;
өрттерді есепке алу мен талдау және жүргізілетін өрт сөндіру-алдын алу жұмыстары негізінде меншік формасына қарамастан, елдімекендер мен шаруашылық нысандарды өртке қарсы қорғауды күшейту бойынша негізді ұсыныстар әзірлеу;
аудандық ведомстволары арқылы нысандардың азаматтық қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі ұйымдастырылған-алдын алу іс-шараларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау;
қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу;
тексерістерді ресімдеу, шаруа субъектілерінің қызметін тексерістерді тіркеуді бақылау, ШҚО бойынша ҚР МП СЕ және АЕКБ –мен жұмыс істеу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау;
өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғын секторда алдын алу жұмысын жүргізу;
тұрғындар, оқу ағарту мекемелерінде және еңбек ұжымдарда үгіт насихат жұмыстарын жүргізу;
ауданда өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша үгіт-бұқаралық жұмысын жүргізу;
өртке қарсы тақырыпта әңгімелер, дәрістер мен баянаттар әзірлеу, олардың ауданның кәсіпорындарында, білім беру орындарында, елді мекендердің тұрғын секторында өткізілуін ұйымдастыру;
газеттерге мақалалар, қысқажазбалар дайындау және жариялануын жоспарлау және бақылау;
ТЖБ қызметкерлерімен үгіт-бұқаралық жұмыстың жүргізілуін есепке алу. ТЖБ үгіт-бұқаралық жұмысы бойынша ақпараттар, есеп берулер мен анықтамалар дайындау;
ТСОБТ базасын жүргізу;
қауіпсіздік паспортын, Шемонаиха ауданының аумағының Қауіп-қатер каталогын жыл сайынғы түзету;
табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың Шемонаиха ауданы аумағындағы ұшырау картасына жыл сайынғы түзету енгізу; 
мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы  жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына, немесе құқыққорғау органдарының мәліметіне осы міндетін орындамағаны үшін тәртіптік жазаны қолданылатын ескеріп, жеткізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде басқа жұмысты орындау;
жемқорлыққа қарсы болуы тиіс және де ол үшін жеке түрде жауап беру;
ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдануға тыйым салу;
азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдану оқиғаларын білген жағдайда басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлау.
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еу бойынша талаптарды сақтау.

   
Парақтар өзгертілді: 23-12-2019