ТЖ басшылары

kn  Шемонаиха қ. М.Горький көшесі, 97 тел. 8(72332) 3-04-04

Тойбаев Ерик Мамбетович Ерік Мәмбетұлы Тойбаев - ШҚО ТЖД Шемонаиха ауданы  Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылында 1974 жылы 3 тамызда дүниеге келген. Алматы Жоғары техникалық училищесін (өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру және техникасы) және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (Мемлекеттік және муниципалды басқару) бітірген. Өртке қарсы қызмет органдарында 1994 жылдың тамыз айынан қызмет етеді. Қызметті ШҚО Ішкі істер басқармасы Өрт күзетінің басқармасы № 23 әскерилендірілген өрт күзетінің жасағы «Казтяжпромарматура» ӨК күзету бойынша № 177 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығынан бастап, онда 1996 жылға дейін жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары - ШҚО Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы № 1 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасағы № 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы. 1997-1999 жылдар аралығында ШҚО Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы № 2 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасағы № 11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы. ШҚО Өртке қарсы қызмет департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалының Өскемен қ. № 1 Мемлекеттік  өртке қарсы қызмет жасағы № 11 өрт сөндіру бөлімінде 1999-2004 жылдары бастықтың орынбасары, кейін 2004-2007 жылдары бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2007-2013 жылдары – ШҚО ТЖД Зайсан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы. 2013 жылдың қазан айынан бері ШҚО ТЖД Шемонаиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы. - Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және  жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және  жою мемлекеттік жүйесінің қызмет етуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. 
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде ШҚО ТЖД-ға ұсыныстар енгізеді.  
-Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты бағдарламалық дайындауды әзірлеу бойынша ШҚО ТЖД-ға ұсыныстар енгізеді.  
-  Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепке алуға бақылау жүргізеді.  
- Өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік есепке алуға бақылау жүргізеді.  
- Өз құзіреті шегінде төтенше жағдайларды жоюда басшылық етеді.  
- Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою іс-шараларына Азаматтық қорғаныс күштерінің, оның қарамындағы жағдайды қадағалау, бақылау және болжау, төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қызметінің қытысуына басшылық етеді.      
- Меншік нысанына және ведомствалық бағыныстылығына қарамастан қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады.
- Ұйымдардың басшыларын және халықты жаңа зақымдау құралдарын қолданған кезде қорғану тәсіліне және төтенше жағдайлардағы іс-қимылға оқытуды ұйымдастырады.  
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестереді.  
- Бейбіт және соғыс уақыттарына Азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді.  
- Өз құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ халықтың орындауы үшін міндетті Азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселері бойынша шешімдерді әзірлеп, қабылдайды.  
- Басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс күштерін дайындауды ұйымдастырады.
- Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мүдделерінде техниканы, қорғаныс құралдарын және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін анықтайды.
- Төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ШҚО ТЖД ұсыныстар енгізеді.
- Санатталған қалалар мен шаруашылық ету объектілерінің дәрежесіне қарай отырып Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларынының көлемі мен ұстау бойынша ШҚО ТЖД ұсыныстар енгізеді.
- Бөлімді бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйемен басқарады.  
- Қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен  жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабарландыруды ұйымдастырады.
- Халыққа хабарлау және байланыс, оларды жарықтандыру және дамыту жүйелерін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті қамтамасыз етеді.  
- Мониторинг, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті эгзогендік құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектілерін хабарлауды ұйымдастырады.
- Мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асырады.  
- Өртпен күреске олардың ведомствалық бағыныстылығынан тыс елді мекендерге және объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылау жасауды жүзеге асырады.  
- Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде бақылауды жүзеге асырады.
- Меншік нысанына қарамастан авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметтерін үйлестіреді.  
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, оларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарынан халықты, елді мекендерді және шаруашылық ету объектілерін қорғау жөнінде перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлейді.
- Өз құзіреті шегінде төтенше жағдайлар туындауға әкеп соққан аварияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.  
- Өртті анықтау мен сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу бойынша шараларды жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде талап арыздарын жасауды және оны сотқа жіберуді ұйымдастырады.
- Меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтің жұмысын үйлестіреді.  
- Салынып жатқан объектілердің олардың жобалау-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.
- Бөлім жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Департамент бастығына бекітуге ұсынады.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді.

   
Данияр Тұрсынұлы Мамбетов

Данияр Тұрсынұлы Мамбетов – Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны: 

- Вавилон, Октябрьский, Разин, Каменевка, Волчанка ауылдық округтарындағы елді мекендер, Усть-Таловка кенттік округі және Шемонаиха қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
- Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
- ұйымдардың басшыларын және  халықты жаңа зақымдау құралдарын қолданған кезде қорғану тәсіліне және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастырады; 
- мониторинг,  техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектілерін хабарлауды ұйымдастырады; 
- мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырады; 
- белгіленген тәртіпте елді мекендерді, кәсіпорындарды және объектілерді тексеруді жүргізуді ұйымдастырады. 
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; 
- өртті табу және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу бойынша шараларды жүзеге асырады; 
- бекітілген нысандарға уақтылы және сапалы профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
- жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасының сәйкестігін және құрылысы аяқталған жұмыстардың өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін тексереді;
- ТЖБ бөлімшелерінде нормативтік-техникалық жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ  әртүрлі объектілердің құрылыстары мен қайта салынулары бойынша келіп түскен өтініштерге жауап береді;
- лицензиялау және нормалау бойынша жұмыстарды жоспарлайды және жүргізеді.

   
Ерболат Бектұрғанұлы Бурабаев

Ерболат Бектұрғанұлы Бурабаев – Шемонаиха ауданының төтенше жағдалар бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны: 

- Выдриха, Верх-Уба, Зевакино ауылдық округтарындағы елді мекендер, Первомайский кенттік округі және Шемонаиха қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
- өз құзыреті шеңберінде өрт бойынша анықтау жүргізеді; 
- өртпен байланысты қылмыстар туралы арыздар бойынша материалдар жинауды, дайындауды және олар бойынша мына процессуалдық шешiмдердiң бiреуiнiң қабылдануын жүзеге асырады: қылмыстық iс қозғау туралы, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы, әрi қарай тергеуге жiберу туралы және қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзушылық анықталса өрт шығуына себепшi болған тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, өрттердiң тергеу қорытындысы бойынша өрттiң шығуы мен таралуына себеп болған бұзушылықтарды жою туралы заңды және лауазымды тұлғаларға, азаматтарға ұсыныс дайындайды;
- статистикалық есеп деректерiн жинауды жүзеге асырады және ШҚО Шемонаиха ауданы бойынша анықтау органы жұмысының статистикалық есебiн дайындайды;
- мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асырады, бекітілген округтардағы объектілерге ӨТТ жүргізеді;
- есепке алу-тiркеу тәртiбiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия отырыстарына хатшы ретiнде қатысады және ЕАТТ бақылау жасау комиссиясы туралы Ережеге сәйкес оған жүктелген барлық мiндеттердi атқарады.
- бекітілген нысаналарда уақтылы және сапалы профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
- әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар бойынша тоқсан сайын салыстыру жүргізеді;
- уақытылы орталықтандырылған әкімшілік деректер банкін жүргізеді (ӘДБ).

   
Парақтар өзгертілді: 01-06-2017