ТЖ

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты, жоғары адамгершілік және іскерлік қасиеттері бар, түрлі сипаттағы экстремалды жағдайдарда шешім қабылдай алатын, төтенше жағдайлар бойынша органдар мен бөлімшелерде қызмет ету үшін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімді білікті офицерлерді даярлайтын, Қазақстан Республикасы ТЖМ жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады. 2011 жылдан «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың әміршіл тактикалық күші» екі жаңа мамандық енгізілді.

Факультеттер:
- күндізгі оқу;
- сырттай оқу және біліктілікті арттыру.

Кафедралар:
- жедел-тактикалық пәндер;
- өрттің алдын алу;
- жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйелер мен технологиялар;
- әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық;
- азаматтық қорғаныс және әскери дайындық;
- өрттен құтқару және дене шынықтыру дайындығы;
- төтенше жағдайларда қорғау.

Бөлімдер:
- оқу-әдістемелік;
- ғылыми-зерттеу және редакциялық-шығару;
- ақпараттық технологиялар, байланыс және оқытудың техникалық құралдары;
- құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту;
- кадрлар бөлімі;
- тәрбие және психологиялық жұмыс;
- қаржы-экономикалық;
- мемлекеттік сатып алу, активтер және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Басқа құрылымдар және қосымша қызметтер:
- оқу өрт бөлімшесі;
- оқу-саптық бөлімше;
- медициналық бөлімше;
- кезекші бөлімше;
- арттехқару қызметі;
- кітапхана.

Оқу әрекеті:
Институт келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асырады:
- Институт «Әскери іс және қауіпсіздік» бакалавр академиялық дәрежесін бере отырып, 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі», 5В103100 «Төтенше жағдайларда қорғау» және 5В103200 «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалығы» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырады;
Орнатылған тәртіпте орнатылған мемлекеттік аттестацияны нәтижелі аяқтаған курсанттарға Мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешімі бойынша сәйкесінше мамандық бойынша біліктілікті бере отырып жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі, дипломға қосымша және орнатылған үлгідегі омырау белгісі, институтты үздік бітіргендерге «Оқу орнын үздік бітіргені үшін» омырау белгісі беріледі.
Оқудың толық курсын бітірген күндізгі оқу факультетінің курсанттарына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «өртке қарсы қызмет лейтенанты» арнайы атағы беріледі, жеке тарату хаттамасына сәйкес олар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, сонымен қатар ведомствоаралық келісімдерге сәйкес басқа құқық қорғау органдарына жолданады.
1997 жылдан бері институтта жоғары білікті 3200 астам маман дайындалды, оның ішінде 92 түлек үздік диплом алып шықты. Біліктілікті арттырудан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің 1700 астам қызметкері өтті.
Оқу пәндерін оқыту екі тілде жүргізіледі – мемлекеттік және орыс тілдерінде.
Қазіргі уақытта институттың екі оқу-зертханалық корпусы, курсанттар үшін жабдықталған бес қабатты жатақхана,бес дәріс залы, 18 оқу-әдістемелік бөлме, 5 зертхана, екі компьютерлік сынып, оның ішінде біреуі Интернет жүйесіне қосылған, екі кітапхана, оқу залы, әкімшілік корпус, 200 отыратын орны бар мәжіліс залы, спорт залы, үш автокөлікке оқу өрт бөлімшесі, 400 отыратын орынды екі тамақтанатын залы бар асхана, қала сыртындағы оқу-жаттықтыру орталығы.
Арнайы оқу аудиториялары қазіргі замандағы оқу құралдарымен жабдықталған, оқу барысында 150 аса компьютер әрекет етеді, олардың 45 халықаралық Интернет компьютерлік торына шығумен.
Күндізгі оқу факультеті бойынша 500 курсанттан артық оқып жүр. Оқу барысында курсанттар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болады. Оларға жалпы жарғы әрекеттерінің тәртібі, институттың ішкі тәртібі, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау органдары туралы» Заңы жайылады.
2010 жылдан бастап оқуда және қоғамдық өмірде жоғары нәтижелерді көрсеткен Көкшетау техникалық институтының үздік түлектеріне өртке қарсы қызмет лейтенанты погондарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Астана қаласында тапсырады.
Институтта курсанттардың мамандық бағыты, сондай-ақ жалпы техникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша ғылыми шығармашылықтың 12 үйірмесі әрекет етеді. Курсанттық құраммен ғылыми жұмыстар сайыстары, пәндік олимпиадалар, викториналар және ғылыми семинарлар өткізіліп жатады. Институт курсанттары ғылыми жұмыстардың халықаралық сайыстарына, республиканың және жақын шет елдердің ғылыми-практикалық конференцияларына қатысады.
Институтта «Республикалық пікір-талас етушілер ассоциациясы» РҚБ Ақмола филиалымен келісім бойынша күндізгі оқу факультетінің 1 және 2 курс курсанттары санынан пікір-талас клубы әрекет етеді.
Жыл сайын институттың ҒЗЖ жоспарына сәйкес ғылым айлығы және «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбына курсанттық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Үкіметаралық келісімге сәйкес, қазіргі уақытта институттың 99 курсанты Ресей Федерациясы ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс академиясында, РФ ТЖМ МӨҚ Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде, Беларусь Республикасы ТЖМ Командалық-инженерлік институтында оқып жүр. Өзара іс-әрекет туралы келісімге сәйкес жыл сайын күндізгі оқу түрі бойынша ақысыз негізде, Ресей ТЖМ МӨҚ академиясына - 15 адам, Азаматтық қорғаныс академиясына- 5 адам, РФ ТЖМ МӨҚ Санкт-Петербург мемлекеттік университетіне- 5 адам, Беларусь Республикасы ТЖМ Командалық-инженерлік институтына-10 адам жолданады.  
2009 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық келісімнің және 2009 жылғы 30 қарашадағы «Құқыққорғау, өртке қарсы, апаттан құтқару органдары және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымының арнайы қызметтері үшін кадрларды даярлау бойынша» №895 келісімнің негізінде 2012-2013 оқу жылынан бастап Қырғызстан Республикасының азаматтарын күндізгі оқу түрі бойынша даярлау басталды.

Мәдени-жаппай және тәрбие жұмыс:
Институт қызметкерлері мен курсанттары республикалық, облыстық және қалалық мәдени-жаппай және спорт іс-шараларына үнемі қатысады, жеңімпаздар және жүлдегерлер болады. Институттың көркемөнер ұжымы әр түрлі рангтағы халық шығармашылығының байқау-сайыстарының тұрақты лауреаты болып табылады, институттың «Отпетые пожарные» КВН командасы – Ақмола облысының және Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары арасында ауыспайтын көшбасшы.
Бос уақытта курсанттардың көркемөнер үйірмелерінде айналысуға мүмкіндік бар. Институттың көркемөнер ұжымы жыл сайын халықтық шығармашылықтың облыстық жарыс-сайыстарда жүлделі орындарға ие болады. Осылайша, мысалы ағымдағы жылғы маусым айында Институт курсанттары қатысатын «Көкшетау» хореографиялық ансамблі Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері шеңберінде Париж қаласында Қазақстанның өнер шеберлерінің концертіне қатысты.
Институт қызметкерлері мен курсанттары – Ұлы Отан соғысы және Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің құрметтеріне арналған әскери салтанаттардың тұрақты қатысушылары, сондай-ақ Астана қаласындағы әскери Шерудің қатысушылары болып табылады.

 

Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандықтар тізіміне сәйкес, жоғары кәсіби білімдері бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады.      
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің бұйрығымен қабылдау, мандаттық және аппеляциялық комиссиялар құралады.
Институтқа күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу барысы басталғанға 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (ортадан кейінгі), әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, кіріспе емтихандарын нәтижелі тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Институтқа қабылдау біріңғай ұлттық тестілеу немесе Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым Министрлігі тестілеудің Ұлттық орталығымен әзірленген, абитуриенттің кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Институтқа күндізгі оқуға азаматтарды қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- бірінші кезеңде мемлекеттік қабылдау комиссиясы БҰТ сертификат немесе кешенді тестілеу балдарымен сәйкестікте реттеу өткізеді (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика, кәсіби пән – математика);
- екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер реттеу өткізіледі;
- үшінші кезеңде физикалық көрсеткіштер бойынша реттеу өткізіледі (салмада тартылу, 100 метрге жүгіру, кросс 3000 метрге);
- төртінші кезеңде – мандаттық комиссия курсанттар санына енгізеді.
Өз жұмысында мандаттық комиссия Қазақстан Республикасы іс-әрекеттегі заңнаманы, Министрліктің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрліктің нормативті құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы төтенше жғадайра Министрінің 2012 жылғы 23 тамыздан №370 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты» РММ азаматтарды қабылдау Ережелерін басшылыққа алады.  
Институтқа оқуға азаматтарды іріктеуді күндізгі оқу факультетін жасақтау бойынша разнарядкаға сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар Департаменттері, Министрліктің әскери бөлшектері, Министрліктің құтқару қалыптастыру бөлшектері өткізеді. Оқуға үміткерлердің жеке және оқу істерін рәсімдеу Министрліктің кадрлық бөлімшелеріне жүктеледі. Күндізгі оқу түрі бойынша кіріс емтихандарды тапсыру кезінде үміткерлер казармалық жағдайда болады, институттағы күн тәртібін және жарғы талаптарын сақтайды.
Орнатылған тәртіпте күндізгі оқу түріне енгізілген тұлғалар, әскери есептен шығарылып өртке қарсы қызмет органдарының арнайы есебіне қойылады.
Курсанттардың оқытуы, киім-кешегі және тамақтануы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Одан басқа шәкіртақы төленеді: : 1-2 курс 4601,22 теңге, 3-4 курсы 7963,65 теңге. Институтқа қабылданған курсанттармен келісім- шарт жасалады, маңызды тармақтарының бірі - оқудан шығарған кезде оқуға, тамақтануына және киім-кешегіне мемлекетпен жасалған барлық шығыстар үшін оқудын шығару уақытына төлейді. Институтты бітіргеннен кейін бес жылға келісім-шарт жасалады, онда негізгі тармақтардың бірі – мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан кету кезінде бес жыл бойы ол институтта оқып жүрген барысында мемлекетпен кетірген шығыстарды өтейді.
Көкшетау техникалық институтының күндізгі факультетінің толық курсын бітірген тұлғалар үшін, нақты айтқанда – 4 жыл, оқу мерзімі жеделдетілген әскери қызметке теңеледі. Бірінші және екінші курс курсанттары казармалық жағдайда болады, үшінші және төртінші курс курсанттары еркін тұрады.
Институт, оның орналасу жері, байланыс телефондары, іріктеу және қабылдау ережелері жайлы ақпарат институттың ресми сайтында орналасқан www.emer.kti.kz
Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтының пошта мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан-сері көшесі, 136.
Факс: (87162)25-14-96, қабылдау бөлімі: 25-52-49, кадрлар бөлімі: 25-04-01, кезекші бөлімше: 25-13-36, 25-48-52.
Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу сұрақтары бойынша Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті кадр бөліміне: Өскемен қ., Протозанова к-сі., 97/1 мекен-жайы бойынша бару. Қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма 15.00 ден 18.30 дейін, телефон 57-03-28, 25-07-94.

 

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017