Mемлекеттiк қызметтер

Электрондық сандық қолтаңба – Сіздің болашаққа деген кілтіңіз! ЭЦҚ деген не?

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктемелер еніп жатыр. Е – үкімет саласыныдағы ең маңызды терминдердің бірі – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ).
Оны құжаттардың заңдылық мәнін сәйкестендіру және растау құралы ретінде қолдану біздің өміріміздің қалпы болып келе жатыр. Электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың жалған құжаттан қорғауға арналған реквизиті. ЭЦҚ қолтаңбаның иесін, және де электрондық құжат мәтінінің бұзылуын болмауын анықтауға жол береді. Электрондық цифрлық қолтаңба – бұл маңызды құжатпен алмасу үшін ең ыңғайлы қазіргі заманғы құрал, электрондық қолтаңба механизімін енгізудің арқасында Қазақстан өңірлерінің шекаралары енді экономикалық іс-әрекеттер үшін шектеу болмайды.
ЭЦҚ қалай қолдану керек?
Қолтаңбамен жұмыс жасау өте оңай. Ешқандай арнайы білімнің, дағдылықтың және ептіліктің қажеті жоқ. Электрондық құжатпен алмасуға қатысатын, ЭЦҚ әрбір қолданушысына ашық және жабық (құпия) бірегей криптографиялық кілттер сақталынып беріледі. Құпия (жабық) кілт маңызды элемент болып табылады, оның көмегімен электрондық құжаттар шифрланады және электрондық цифрлық қолтаңба қалыптастырылады. Құпия кілт қолданушыда қалады және оған жеке тасымалдауышта беріледі. Бұл дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны желінің басқа қолданушыларынан құпия сақтау қажет. ЭЦҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілт қолданылады. Қазақстан Республикасының куәліктендіру орталығында ашық кілттің көшірмесі сақталады, ашық кілттерді тіркеу куәлігінің кітапханасы құрылған. Куәліктендіру орталығы ашық кілттердің бүлінуін енгізуді және көшірмесін жасауды болдырмау үшін тіркеу және сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.
Ашық кілтпен тек қана жабық кілтпен бірге жұмыс істейді.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның қандай артықшылықтары бар?
Сандық қолтаңбаны пайдаланып:

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қайдан алуға болады?
Электрондық сандық қолтаңбаны жеке, және де заңды тұлғалар ала алады. Халыққа ЭСҚ берумен Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы (ҰКО) айналысады. Біздің облысымызда ЭСҚ беру жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00 дейін, демалыс - жексенбі күні, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылған, келесі мекенжайда орналасқан: Шемонаиха қаласы. 3 ықшам аудан, 12 үй.
Электрондық қолтаңбаны Ұлттық куәландыру орталығында қалай алуға болады?
Электрондық қолтаңбаны алу үшін Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz «Қолтаңбаны қалай алуға болады» сайтына кіріп, нұсқаулықты орындау қажет.

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017