Аудан туралы

Шемонаиха ауданының тарихы

1766 жылы Уба өзенінің жағалауында алғашқы тұрғыны Шемонаевтың тегімен аталған қоныс құрылған. Кенді Алтайдағы тау-кен зауыты ісінің дамуы халық санының өсуіне ықпалын тигізді. 1897 жылғы санақ нәтижесіне сәйкес, біздің Александровский болыстығы (Шемонаев а. орталығымен) қазіргі Шығыс Қазақстан аумағындағы халықтың тығыз орналасқан жері болды, 26 мыңнан астам тұрғындары болды.

Шемонаев ауылы үш пошта жолдарының қиылысында орналасты, оның ең басты көрікті орындары тас шіркеу, мектеп, пошта, телеграф, болыстық басқарма, аурухана, сауда дүкендері болды.
Шемонаиха ауданы құрылғаннан кейін 1928ж. ауыл шаруашылығын ұжымдандыру процесі басталды. Шемонаихада 3 колхоз құрылды: «Колос», «Новая жизнь» және «Красный партизан».
Біздің өлкенің тарихындағы түбірлі өзгеріс Рубцовка-Риддер темір жол құрылысы болды, ол Шемонаиханың өмірін анықтады- 1938 жылы жұмысшы кенті болды. 1930ж. темір жол кентінде жаңа мектептер, банк, әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер салынды, кентті көгалдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Ұлы Отан соғысы Шемонаиханың дамуына ұзақ уақыт бойы кедергі жасады. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!» атты ұранмен бірлескен аудан тұрғындарының еңбегі, азық-түлікті жеткізудің мемлекеттік жоспарын орындаға бағытталған болатын.

1950 жылдардың басында ауыл шаруашылығы басымды болып қала берді,  өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесті салмағы 6,3 %,- ол «Обувщик», «15 лет Октября» және К.Ворошилов атындағы өнеркәсіп кооперацияларының артельдері, Уба өзенмен ағызу кеңсесі мен май зауыты.
Шемонаиха өміріндегі үлкен оқиға 1953ж. «Заря» кинотеатрының құрылысы мен ашылуы болды, ол шемонаихалықтардың көптеген буындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Кейін оның бәсекелесі жаңа Мәдениет үйі болды, сол уақытта онда 18 көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істеді, оның ішінде халық атақтары бар хор мен театр болды. Көркемөнерпаз әртістер қалада құрметті де атақты адамдар, мұғалімдер, дәрігерлер, қызметкерлер, жұмысшылар болды. Спектакльдерге костюмдер, декорациялар дайындалды, жергілікті типография бағдарламалар мен билеттерді басып шығарды. Әрбір премьера Шемонаиха мәдени өмірінің үлкен оқиғасы болды.

1960жж. басындағы үлкен құрылыс Уба өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы болды. Көпір құрылысы ауданның экономикалық дамуына, сондай-ақ тұрғындар санының артуына себебін тигізді. 1961ж. халық саны 16 мың адам болды, Шемонаихаға қала мәртебесі берілді.
1964ж. Николаевский кен орнын өнеркәсіптік игеру басталды, оған қомақты мемлекет қаражаты бөлінді.
1964ж. ақпанда «Химстрой» тресі құрылды. Кейін құрылыс матариалдар зауыты, жиһаздар фабрикасы салынып, жұмыс істей бастады.
1965ж., Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20 жылдығына қаза болған жерлестерге естелік ретінде обелиск орнатылды. Жеңістің 40 жылдығын 1985ж.  шемонаихалықтар жаңа мемориалдық кешенде қарсы алды.

1891ж. шемонаихалық аурухана өз тарихын бастады, көпес Павел Плещеев тас ғимарат салды. Жаңа ғимарат 1978ж. пайдалануға берілді.
Шемонаиха қаласында алғашқы мектеп 1865ж. пайда болды және сыныпты училище деп аталды. Қазіргі уақытта 4 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік  мектеп, 2 колледж бар, оқушылардың жалпы саны 3855 адамнан астам. 40 жыл бұрын музыка мектебі ашылған болатын..
Аудандық көлемдегі әр қалада өз мұражайларының болуы екіталай.  Мұражайды ашуда нағыз патриоттарВ.В.Викулов пен К.А.Феклистовтың еңбектері зор болды. 35 жылдан астам, 1973ж. бастап аудандық мұражай Шығыс Қазақстанда алдыңғы қатардағы мұражайлардың қатарына кіреді

 

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017