Гендерлік саясат

ШЕМОНАИХА АУДАНЫНДА ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ

Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасында-2030 гендерлік және отбасы саясаты Тұжырымдамасын іске асыру жұмыстарын жүргізуде, Шемонаиха ауданында әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты бойынша аудандық комиссияның жұмысы бойынша жұмыс жоспары әзірленген.
Ауданда 45 590 тұрғын бар, оның ішінде  23786 –әйелдер (52,1 %). Жыл сайын әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігі артып келеді, Мемлекеттік қызметтегі 158 қызметкердің 106-ы әйелдер, бұл 67% құрайды, аудандық мәслихаттың 14 депутатының 6-ы әйелдер, 11 ауылдық аумақтық округ әкімдерінің-3-і әйелдераудан әкімінің орынбасары және аудан әкімінің аппарат басшысы әйел адамдар.
Аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп «Благополучная семья- благополучное детство» жоба іске асуда. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарына арнап тақталар орнатты. Мақсаты қиын сәттерге тап болған балалар үшін «сенім» жәшігін орнатты, сонымен қоса мемлекеттік органдардың тізімі мен байланыс телефондары көрсетіліп, балаларға уақытылы көмек беруге және қолдау көрсетуге арнайы стендер сондай-ақ барлық білім беру мекемлері мен колледждерде орналастырылады.
Тұрмысы төмен көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларды аудандық әкімшіліктегі ведомствоаралықжұмыс тобының отырысына шақыртылып, мәселелері шешіледі. Тұрақты жүргізілген жұмыстың нәтижесі-88 бала тәрбиелеп отырған 51 осындай отбасына материалдық, әлеуметтік, құқықтық және бұдан өзге де көмек жасалды.

  1. 2017 жылдың мамыр айында Отбасы күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
  2. 2 мамырдан 12 мамырға дейін ауылдық округтерде «Я пример своему ребенку», «Папа, мама, Я- спортивная семья!» атты отбасылық командалар конкурсы өтті.
  3. Халықаралық отбасы күні мерекесі аясында1225 адам қамтылған 40 іс-шара, оның ішінде 2- аудандық деңгейде іске асты.
  4. 2017 жылдың қазан айында Шемонаиха қаласының мешітінде «Исламдағы әйелдер ролі» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, оған Өскемен қаласындағы  «Халифа Алтай» мешіті жанындағы «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі-Талшын Қожахметова қатысты.  «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығында «Гость месяца» жоба аясында    аудандағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры-Дубинчик Н.Г. мектеп оқушыларымен кездесті.

Гендерлік білімді білім беру жүйесіне енгізуде белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде, аудан тұрғындарына да құқықтық және гендерлік білімнің қажеті жеткізілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарында отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынастарды реттеуде гендерлік теңдіктің принциптері мен бала тәрбиесіндегі ата-аналардың ролі мәселелері туралы материалдар орналастырылады. 
Ауданның саяси, әлеуметтік және экономикалық, қоғамдық өиіріне белсене араласқан әйелдер тұрақты түрде насихатталып тұрады.Аудан тұрғындарын ақпараттандыруды жақсарту үшін ауданның БАҚ мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің имиджін көтеру бойынша тақырыптарда материалдар жиі шығады.
2017 жылы  гендерлік саясат бойынша 46  материал жарық көрді (әйел мемлекеттік қызметкер, кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, шаруа қожалықтарындағы, ҮЕҚ, қоғамдық бірлестіктердегі, әйел-кәсіпкерлер және тұрмыстық зорлық жтың алдын-алу), аталған материалдар «ЛЗ сегодня», «Уба-информ», «Шемонаиха тынысы», «Мой город Шемонаиха» газеттерінде басылды.

Әйелдер және отбасылық - демографиялық саясат істері жөніндегі комиссиясының құрамы

Лисина Вика Владимировна Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары,  комиссия төрағасы

Аяганова Миргуль Нигметолдиновна

«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі»  ММ сектор меңгерушісі , комиссия хатшысы

  Комиссия мүшелері:

Федосова Лариса Александровна      

Шемонаиха аудандық сотының судьясы

Толстопятова Татьяна Агафоновна

«Шемонаиха ОАА» КМҚК  бас дәрігердің орынбасары 

Банникова Наталья Николаевна

  «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы 

Шабанова Елена Ивановна

«Нұр-Отан» Партиясының  Шемонаиха аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары

Штрошерер Елена Эдуардовна

«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Н. А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы»  КММ  директоры   

Хайлова Наталья Александровна

 «Шемонаиха ОАА» КМҚК   клинико-диагностикалау поликлиникасының меңгерушісі  

Крекова Вера Ивановна

 «№10 дәріхана» ЖШС  директоры

Григорьева Елена Николаевна

  «Литера LTD» ЖШС  директоры,    «ЛЗ Сегодня» газетінің  редакторы

 

Гендерлік саясат мәселесі бойынша азаматтарды қабылдау

Әйелдер және отбасылық - демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия төрайымы Вика Владимировна Лисина.
Қабылдау күні сәрсенбі сағат 9:00 – 12:00 дейін
телефон: 3-23-23

 

Парақтар өзгертілді: 29-01-2018