Жастар

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы» КММ ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу және жастар бастамаларына қолдау көрсететін, жастар ортасындағы жағдайды бақылап саралайтын заңды тұлға болып табылады


kn Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтарын табыстау туралы ереже *.doc 37 KB


Буднецкий Константин Николаевичkn Директор – Буднецкий Константин Николаевич
1971 жылдың 26 қазан күні дүниеге келген. Білімі жоғары (Түрікменстан мемлекеттік мәдениет институты, мамандығы – ұйымдастырушы-әдіскер). 

kn Отбасылық жағдай: үйленген
Жұмыс істеген жылдары марапатталған: ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен.

kn Заңды мекенжай:  ШҚО, Шемонаиха қ., Астафьева к., 81а
kn Телефон: 8(72332)3-03-08
kn Электрондық мекенжай: mc19vko@mail.ru 
kn Сайт: http://www.mc19vko.kz/

Жастар ресурстық орталығы қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарына қолдау және көмек көрсету.
Жастар ресурстық орталығының негізгі міндеттері:
1) ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу және жастар бастамаларына қолдау көрсету;
2) жастар ортасындағы жағдайды бақылап саралау болып табылады.

Ресурстық орталық жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі атқарымдарды атқарады:
1) жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау;
2) жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген мақсаттарды іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
2) жастар және жастар ұйымдары үшін әдістемелік материалдар жинағын, білім беру және басқарушылық технологияларын, семинарлар және вебинарлар материалдарын, анықтамалық ақпараттарды жасайды.
3) жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді;
4) жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізеді;
5) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсене қатысады;
6) жастар арасында туындаған мәселелерді талқылау үшін жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдар құрады және ұсынады;
7) жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандандыруды жүзеге асырады;
8) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өкілеттік шеңберінде өңірлік және республикалық жастар форумын өткізуге қатысады;
9) жастардың қажеттіліктері мен проблемалары бойынша олардың басымдықтарын анықтайтын ақпараттар жиынауға қатысады;
10) жастармен жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының қызметін зерделейтін, жастардың өзін-өзі басқару, партиялардың жанындағы жастар қозғалысын, этномәдени орталықтарды, өңірдегі құқық қорғау және діни ұйымдардың, жастар арасындағы тенденциялармен мен ағымдарды анықтайтын ақпарат жинауға қатысады;
11) өңірдегі, аудан және ауылдағы жастар арасындағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысады;
12) өңір аумағындағы жастар саясатының даму тенденциялары мен жастар арасындағы тәуекелді болжайтын әлеуметтік зерттеулерге қатысады;
13) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелік шаралар, ұсынымдарды, жобаларды әзірлеуге қатысады және зерделейді;
14) жастардың бос уақытын дамытуға көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді;
15) өз құзыреті шегінде жастар және жастар ұйымдары үшін, мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға өз қызметтері туралы ақпараттарды ұсынады.

Мұрағат

kn 2017 ж. *.doc 7.6 MB
kn 2016 ж. *.doc 6 MB
kn 2015 ж. *.doc 8 MB
kn 2014 ж. *.doc 6,3 MB
kn 2013 ж. *.doc 7.9 MB

 

Парақтар өзгертілді: 02-02-2018