Ұрлыққа жол жоқ

кн Ұрлық бойынша бейнеролик  
кн Прокуратура предупреждает! *ppt 2.8 MB

Бөтеннің мүлкін ұрлау және мал ұрлығына қарсы іс-қимыл. Ұрылардан сақ болыңыздар!!!

Бөтеннің мүлкін ұрлау және мал ұрлығына қарсы іс-қимыл. Ұрылардан сақ болыңыздар!!!Шемонаиха ауданының прокуратурасы: 8(72332)3-16-47
Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімі: 8(72332)3-10-21

Ұрылардан сақтану әдістері
- Қоғамдық орында болған кезде құнды заттарды (ақша, ұялы телефон және т.б.) бөгде адамдардың алуға мүмкіншілігі жоқ жерге салу қажет;
- Тұрғын үйдің немесе басқа да ғимараттардың есігін мұқият ішкі құлыппен құлыптау (аспалы құлыпты ашу жеңіл);
- Тұрғын үйде ірі мөлшерде ақшаны сақтамау;
- Адам көп жиналатын объектілерді (дүкендер, әкімшілік ғимараттар, ойын-сауық орындары) бейнебақылау камералармен жабдықтау және тиісті ескертпелер орнату;

Мал ұрлықтарын алдын алу жолдары:
- Ауыл шаруашылық жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы) бағымсыз дала жайылымына жібермеу қажет, себебі малдардың 90% далада бағымсыз жүрген жерінен ұрланады;
- Күн сайын кешкі мезгілде дала жайылымынан малдарды түгендеп, үйге айдап келіп, аулаға қамау қажет. Ұрылар негізінен түнгі мезгілде далада бағымсыз жүрген малдарды ұрлауды көздейді;
- Тұрғын үйлердің ауласының артқы есіктерін және мал тұратын шаруашылық құрылыстардың есіктерін мұқият құлыптау қажет;
- Ауыл шаруашылық жануарларын уақытылы және толық бірдейлендіру қажет;
- Шаруа қожалықтарға жұмысқа қабылданған мал бақташылармен еңбек келісім шартын және материалдық жауапкершілік шартын жасасу қажет;
- Шаруа қожалықтарға жылқы және ірі қара малдарына GPS-трекер орнату қажет.

Ескертпе:  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес ұрлық үшін кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп 3 – 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу әкімшілік жауаптылық көзделген.

«Ұрлыққа тосқауыл!»«Ұрлыққа тосқауыл!»

Ағымдағы жылы Шемонаиха ауданының аумағында республикалық жобасы «Ұрлыққа жол жоқ» іске асырылуда. Осы жобаның мақсаты бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық төмендету болып табылады.

Үстем жағдайға ие қылмыскерлік құрылымында бөлінетін меншікке қарсы қылмыстар. Көпшілігі қылмыстық қол сұғушылықтың меншікке қарсы мүлікті ұрлау байланысты.
Қол сұғу нысанасы болып табылған ақшалай қаражат, азық-түлік, тауарлық-материалдық құндылықтар, мал. Негізінен, тәуліктің түнгі уақытында, халқы аз жерлерде, қорғалған қорғау жүйесі ұрлық жасалады.

Ауданының прокуратурасы ұсынады барлық азаматтарға, кәсіпорындардың басшыларына, дүкендері иелерінің қажетті шараларды қабылдасын барлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз үйлерін, кәсіпкерлік нысандарының, атап айтқанда, бейнебақылау, күзет  дабыл және басқа да қауіпсіздік жүйесі орнату.

«Ұрлыққа тосқауыл!»

25 жылда елімізде 2 млн. астам ұрлық орын алған. Оның 1,5 млн.-ы ашылмай қалды. Ұрлық жалпы қылмыстың 60% құрайды. Тек соңғы 5 жылда ұрлықтан келген шығын 70 млрд. теңгеден асып кетті.
Жағдайды жақсарту мақсатында 2016 жылдың қазан айында Бас прокуратурамен ІІМ бірлесіп «Ұрлыққа тосқауыл!» жобасын бастады. Оның мақсаты – ұрлық санын түбегейлі азайту, азаматтардың қауіпсіздік жүйесін нығайту, жаңа ұрлықтардың жасалуын ескерту. Жоба аясында мадақтау жүйесін енгізу арқылы бейнебақылау камералар жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, бейнекамераның иесіне сол бейнекамераның көмегімен ашылған қылмыстық құқықбұзушылық үшін өндірілген айыппұлдың пайызын төлеу ұсынылды.
Сонымен қатар пәтер ұрлықтарын алдын алу үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен көппәтерлі үйлерде бейнекамералар жүйесін кеңейту бойынша– «Бұлтты бейнебақылау» жобасы ұсынылды. Оның қызметі, айсайынғы төмен бағамен төлемақы арқылы тұрғындар смартфон мен басқа гаджеттер арқылы өздері онлайн-режимде өздерінің үйін бақылай алады. Өз кезегінде, жеке кабинет арқылы архивті жазбаларды көруге мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

 

Новости по теме

2017/11/14
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ол ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу болып табылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру процедурасына Толығырақ...
2017/11/14
Выдриха селолық округі аумағында тұрғындармен кезекті кездесу өтікізілді, онда мүлікті өз бетімен сақтау қажеттілігі және қандай да құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы мәселе тал... Толығырақ...
2017/08/10
Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінде ішкі істер органдарына жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мен қамтамасыз ету, қылмыстар ме... Толығырақ...