ІСБ қызметіне түсу

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 06.01.2011ж. №380-IV3 ҚР Заңының  6 бабы:

1. Ішкі істер органдарына қызметке өз еркі негізінде өздерінің жеке, моральды, іскерлік, кәсіпкерлік  қасиеттері, денсаулығы, дене шынықтыру дамуы, және білім деңгейі  бойынша оларға жүктелген  лауазымдық міндеттерді атқара алатын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары  қабылданады.

2. Құқық қорғау қызметіне қабылданбайды:

1) бекітілген тәртіпте әрекетке қабылетсіз, шектеулі қабілетті деп танылған;
2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша лауазымдық өкілеттерін орындауға кедергі болатын ауыруы бар;
3) өз мәртебесін және оған негізделген беделін жеке, топтың және басқа қызметтік емес мүддеге пайдалануға әкеліп соғуға мүмкін болатын  әрекеттерді жібермеу мақсатында заңмен белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқандар;
4)құқық қорғау қызметіне  түскенге дейінгі үш жылдың ішінде  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
5) құқық қорғау қызметіне  түскенге дейінгі бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық үшін сот тәртібімен әкімшілік сөгіс жарияланған;
6) құқық қорғау қызметіне  түскенге дейінгі үш жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сот тәртібімен әкімшілік сөгіс жарияланған;
7) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін  жұмыстан босатылған;
9) ертеректе сотты болған және ақтамау негізі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, басқа құқық қорғау органдарынан, соттар мен әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылған.

3.Осы баптың 2 тармағында көрсетілген  мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау құқық қорғау қызметіне  қабылдауға бас тартуға негіз болып табылады.

4.  ІІО қызметіне түсу азаматтардың міндетті түрде арнайы тексеруден өту шарты бойынша жүзеге асырылады.
5. ІІО қабылданатын тұлғалар  міндетті түрде  әскери қызметке жарамдығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан медициналық тексеруден өтеді.
6. Құқық қорғау қызметіне  түсу кезінде  азамат (азаматша) және оның жұбайы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тұрғылықты тұратын жерлері бойынша  салық органдарына  табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсырады.

7. Құқық қорғау органдарына үміткерлерді іріктеу:

1. Құқық қорғау қызметіне үміткерлерді іріктеу, оларды алдын ала зерделеу құқық қорғау органының кадр бөлімімен жүзеге асырылады. 
2. Құқық қорғау қызметіне  түсу  конкурстық негізде үміткерлердің міндетті түрде  тағылымдамадан өтуімен жүзеге асырылады. Конкурстық негізде орын басатын лауазымдардың тізілімі, конкурс өткізу және  тағылымда шарттары мен тәртібі  Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді. Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында конкурс өткізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын орталық басылымдарды хабарландыру жарияланады. Аумақтық бөліністерде  конкурс жариялау туралы хабарландыру  сәйкес әкімшілік-аймақтық бірліктің аумағында таратылатын басылымдарда жарияланады. Конкурстан өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымдық тұлға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіптік жауапкершілкке тартылады.
3.Құқық қорғау  органдарының білім беру ұйымдарын аяқтаған, бұрын қызметкер және әскери қызметші болған адамдардың, Парламент депутаттарының, саяси мемлекеттік қызметшілер, өз мүдделерін қысқартқан судьялар, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған немесе мүдделерін қысқартқан адамдардан басқа, көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкес тұлғалардың құқық қорғау қызметіне конкурстан тыс түсуге құқықтары бар.
4.Құқық қорғау қызметі барысында қызметкердің бос лауазымды алуы сәйкес бос лауазымға деген біліктілік талаптарға ол сәйкес болған жағдайда  конкурстан тыс негізінде ауысу тәртібімен жүзеге асырылады

8 бап. Құқық қорғау қызметіне қабылдау.

1. Құқық қорғау қызметіне қабылдау лауазымға тағайындау жолымен, оның ішінде құқық қорғау органдарының білім беру  ұйымдарына күндізгі оқу орындарына түскен тұлғалармен келісім-шарт құру жолымен жүзеге асырылады.
2.Құқық қорғау органдарына  қызметке қабылдау құқық қорғау органының басшыларының немесе мүдделі басшылардың бұйрықтарымен рәсімделеді. Бұйрық қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қол қоюмен жарияланады.
3. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өз мәртебесін және оған негізделген беделін жеке, топтың және басқа қызметтік емес мүддеге пайдалануға әкеліп соғуға мүмкін болатын  әрекеттерді жібермеу мақсатында осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа заңдарымен белгіленген шектеулерді өзіне қабылдайды.
4. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға  тағайындалған немесе құқық қорғау органдарының кадрына енгізілген әскери міндеттілер, оның ішінде құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушылары белгіленген тәртіп бойынша  әскери есептен шығарылып, құқық қорғау органдарының арнайы есебіне қойылады.

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017