Құқық қорғау қызметі

Приглашены в музей ДВД ВКОШҚО ІІД  мұражайына шақыртылды

Қазақстан полициясы құрылуының 25 жылдығына орай ШҚО ІІД Шемонаиха ауданының ІІБ ақпараттық-имидждік жұмыс жоспарының тармақтарын орындауда Шемонаиха АІІБ 2017 жылдың 28 наурызында Өскемен қаласындағы ШҚО ІІД мұражайына Шемонаиха ауданының  мектептерінде 9-10 сыныптарда оқитын, жалпы саны 24 оқушы шақырылды, мұражайда Қазақстан полициясының қалыптасу тарихы әңгімеленіп, полицияның мұражайлық құндылықтары көрсетіліп, Ішкі істер органдарының дамып жетілуіне ат салысқан және қылмыспен күресте өз өмірлерін құрбан еткен ІІО адал да ақжүрек қызметкерлері туралы айтылды.

Шемонаиха АІІБ бастығының орынбасары
полиция подполковнигі Е.М. Қабидуллин

 

«Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері

Бұрын сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу, сондайақ оларға алдын-алу әрекеттеріндегі шараларды қолдану мақсатында 2017 жылдың 16 қаңтарынан 18 қаңтары аралығында Шемонаиха ауданының аумағында «Есептегі тұлға» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
ЖАІШ өткізу барысында Шемонаиха ауданының аумағында 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  1. ӘБтуралыҚРК 73 б. бойынша отбасылық қарым-қатынас аясындағы бұзушылықтар – 9 құқық бұзушылық.
  2. ӘБтуралыҚРК 127 б. бойынша бала тәрбиелеу бойынша өз міндетін орындамау – 1 құқық бұзушылық.
  3. ӘБтуралыҚРК 133 б. бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сату – 1 бұзушылық.
  4. ӘБтуралыҚРК 200 б. бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдік сату – 1 құқық бұзушылық.
  5. ӘБтуралыҚРК 408 б. бойынша ит және мысық ұстау ережелерін бұзушылық – 13 құқық бұзушылық.
  6. ӘБтуралыҚРК 434 б. бойынша ұсақ бұзақылықтар – 18 құқық бұзушылық.
  7. ӘБтуралыҚРК 440 б. бойынша спрттік ішімдік ішу – 39 құқық бұзушылық.
  8. ӘБтуралыҚРК 441 б. бойынша белгіленбеген жерлерде темекі тарту – 6 құқық бұзушылық.
  9. ӘБтуралыҚРК 442 б. 2 б. бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарды үйлерінен тыс жерлерден табу – 8 құқық бұзушылық.
  10. ӘБтуралыҚРК 461 б. бойынша қорғау өкімін бұзу – 1 құқық бұзушылық.
  11. ӘБтуралыҚРК 480 б. бойынша қадағалауды бұзу – 1 құқық бұзушылық.
  12. ӘБтуралыҚРК 492 б. бойынша ҚР тіркеусіз тұру – 21 құқық бұзушылық.
  13. ӘБтуралыҚРК 505 б. бойынша абаттандыру ережелерін бұзушылық – 11 құқық бұзушылық.
  14. ӘБтуралыҚРК 608 б. бойынша мас күйде көлік құралын басқару – 1 құқық бұзушылық.
  15. ӘБтуралыҚРК 612 б. бойынша құжаты жоқ және басқаруға құқығы жоқ адаммен көлік құралын басқару – 7 құқық бұзушылық. 

Учаскелік полиция инспекторларының ұсынысы бойынша спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын 2 адам Шемонаиха аудандық сотымен МЕЕМ маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделу үшін сотталды.
1 адамға қатысты – «В» тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнатылды.
Шемонаиха АІІБ ЖПҚ есебінде тұрған 865 адам тексерілді, оның ішінде әкімшілік қадағалаудағы 22 адам, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар – 63 адам, әкімшілік қадағалау туралы заңының әрекеттеріне формальді түсетіндер – 107 адам, бұрын сотталғандар – 91 адам, қорғау өкімдері шығарылған – 41 адам, жүріс–тұрыстарына ерекше талаптар белгіленген – 19 адам, алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланатын – 400 адам, нашақорлар – 61 адам, кәмелеттік жасқа толмағандар – 61 адам.
Сондайақ бей-берекеті кеткен 84 отбасы, 71 жалданатын пәтерлер, 47 саяжай үйлері және пәтерлер тексерілді.
35 адам есепке қойылды және оның ішінде 17 адамға қатысты қорғау өкімі шығарылды, 3 адамға қатысты жүріс-тұрыстарына ерекше талаптар орнатылды, сондайақ алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланатын 8 адамға.
Өскемен қаласындағы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына 1 кәмелеттік жасқа толмаған орналастырылды.
Шемонаиха ауданының оқу орындарында 27 дәрістік іс-шаралар өткізілді. 

 Шемонаиха АІІБ ЖПҚ

«Өрмектор»жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері

Есірткі заттарын өткізу фактілерінің жолын кесу және анықтаулардың тиімділігін арттыру мақсатында Шемонаиха ауданының аумағында 2017 жылдың 16 қаңтарынан 20 қаңтары аралықтарында «Паутина» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
ЖАІШ өткізу барысында полиция қызметкерлерімен рейдтік, жедел-іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылды.
16.01.2017 жылы «Паутина» ЖАІШ өткізу барысында Октябрьское а. тұратын Д. деген азамат ұсталды, оны жеке тінту барысында өсімдік тектес зат салынған қағазды орам табылды және тәркіленді. 16.01.2017 ж. №11 СХС актісіне сәйкес аталған зат 02,96 гр жалпы мөлшеріндегі «кептірілген марихуана» есірткі заты болып табылды.
16.01.2017 жылы сағат 21.30 шамасында «Паутина» ЖАІШ өткізу барысында Ново-Ильинка а. тұратын Р. деген азамат ұсталды, жеке тінту барысында өсімдік тектес зат салынған полимерлі пакет табылды және тәркіленді. 16.01.2017 ж. №12 СХС актісіне сәйкес аталған зат 0,56 гр жалпы мөлшеріндегі «кептірілген марихуана» есірткі заты болып табылды.
16.01.17 ж. сағат 22.00 шамасында жедел сатып алу әдісімен  «Паутина» ЖАІШ өткізу барысында есірткі затын өткізудің фактісі құжаттандырылды. Шемонаиха қ. тұратын И. деген азаматтың А. деген азаматқа өткізген заты 16.01.2017 ж. №13 СХС актісіне сәйкес 0,67 гр жалпы мөлшеріндегі «гашиш» есірткі заты болып табылды. Сондайақ азамат И-дің үйін тінту барысында 175,4 грамм мөлшеріндегі «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Шемонаиха АІІБ есебінде есірткі заттарын қоладанатын 56 адам тұр. Осы санаттағы адамдармен жұмыстар үнемі негізде жүргізіледі,  туыстық және достық байланыстарының сызбасы белгіленеді, Шемонаиха ауданының аумағында есірткі заттарын таратумен және қолданумен айналысатын адамдар туралы жедел-маңыздылықтағы ақпараттарды алу үшін ұялы телефондарында бар контактілер тексерілді.

Шемонаиха АІІБ КПБ

ҚР ІІМ оқу орындарына қабылдау

Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімінде ҚР ІІМ Алматы Академиясы, Карағанды Академиясы, Ақтөбе заң институты, Қостанай заң институты сынды оқу орындарында жоғары білім алуды қалайтындарға іріктеу жарияланады. 
Оқыту ақысыз негізде жүзеге асырылады, оқыту процессінде тыңдаушылар казармалық жағдайда болады, тамақтандыру мен киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Тыңдаушының оқыту уақыттары оқуды толық аяқтап шыққан жағдайда ішкі істер органдарындағы қызмет өтілімен есептеледі және жедел әскери қызметті өткеруімен теңеледі. Оқып болғаннан кейін курсант полиция лейтенанты атағын алумен аймақтық ІІБ қызмет өткеру үшін жолданады.
Профильді пән «Дүние жүзі тарихы». БҰТ немесе талапкерлерді кешенді тестілеу нәтижелері бойынша тыңдаушылар қатарына енгізуге конкурсқа қатысу үшін қажетті ең төмен балдық деңгей 2008 жылдың 23 қаңтарындағы №58 Үкімет қаулысымен бекітілген білім беру грантын беру Ережелерімен белгіленеді.
Оқу орындарына денсаулығының жай-күйі бойынша әскери қызметке жарамды деп табылған, жалпы орта білімі бар, 17 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

АІІБ бастығының орынбасары
полиция подполковнигі  Е.М. Қабидуллин

«Зорлық-зомбылықсыз отбасылар ауданы» акциясы

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты ШҚО ІІД ақпараттық-имидждік жоспарын орындауда, сондайақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу және ескерту, ана мен бала күзетін, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мақсатында әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық формаларын жою туралы конвенциялардың ережесіне сәйкес 2017 жылдың 1 наурызынан 30 сәуірі аралығында аудан аумағында «Зорлық-зомбылықсыз отбасылар ауданы» акциясы өткізіледі.;

Шемонаиха АІІБ ЖПҚ ҰАЖТ
аға инспекторы
полиция майоры   А.Ж.Даулетпаева

«УЧАСКЕ» жедел профилактикалық іс-шарасы 

Шемонаиха ауданның аумағында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсаны аралығында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Еліміздегі жедел жағдайды тұрақтандыру, оның ішінде қызмет көрсететін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықты алдын-алу жөніндегі жұмыстарды жандандыру, әкімшілік учаскені аралап шығу жолымен экстремизм және терроризм көріністерінің алдын-алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ халық арасында Жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Шемонаиха ауданының ІІБ қызметкерлерімен қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде пәтер аралау және аулаларды аралаулар әкімшілік учаскеде тұратын адамдарды есепке алу журналдарына мәлімет енгізумен жүзеге асырылатын болады.  Сондайақ қылмыстылықтың алдын-алу мақсатында ІІО алдын-алу және тізімдік есебінде тұрған адамдарды тексерулер жүзеге асырылады.

  1. Барлық есептер бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жеке азаматтық қару йелері.
  2. Базарлар және басқада сауда орындары.
  3. Қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан қадағалаусыздық фактілерінің жолын кесу мақсатында кәмелетке толмағандардың және жастардың жиналатын орындары.
  4. Саяжай алабтары, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған объектілер, шатырлардың асты, жер тілелер, қанализациялық құдықтар және тағы басқа да жерлер тексеріледі.
  5. пәтерлерді, ғимараттарды және үй-жайларды жалға беру фактілерін анықтау.
  6. Елде болу тәртібін бұзған, соттың шектен шығару туралы шешімін орындамай жүрген шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзушы жұмыс берушілерді анықтау.

Заңсыз әрекет ететін діни бірлестіктерді, тіркелмеген миссионерлерді (оның ішінде шетелдіктерді) анықтау мақсатында, мешіттер, шіркеулер, басқа да діни ғимараттар, діни оқу орындары тексерілетін болады. 

Шемонаиха АІІБ Жергілікті полиция
қызметі бастығының орынбасары
полиция майоры Е.С. Оразалин 

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы

ІІМ комитеттері мен департаменттерінің 2015 жылдың 3-тоқсанына арналған жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операциялар өткізу кестесіне сәйкес 16.06.2015 ж. Қазақстан Республикасы ІІМ шығ. №1-5-113/2552-И нұсқауын орындауда, аймақтық жоспары аясында жеке күзет ұйымдарының қызметтік қаруының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 25 маусымынан 25 шілдесі аралықтарында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Аталған іс-шара барысында жеке күзет ұйымдарына, қызметтік қаруды қолданатын филиалдарына (объектілеріне) тексерулер жүргізулер ұйымдастырылуда.
Бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шараның негізгі мақсаты –барлық жеке күзет ұйымдарының пайдалануындағы қызметтік қарулардың және оларға арналған оқтардың түрі, нөмірі бойынша салыстыру тексерулерін жүргізу, сондай-ақ қарулардың сақталынуын тексеру. Іс-шараларды өткізу кезеңінде бұзушылықтарды анықтау, ҚР заңнамасына сәйкес қаруды тәркілеумен кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша ұйымдастырылған-тәжірибелік шаралар қабылдануда.

 «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы

Шекаралас ынтымақтастық бойынша өңірлік жоспарлар шеңберінде және Қазақстан Республикасы ІІМ 16.06.2015 жылғы № 1-5-3-75/1-8877  нұсқауын орындауда, ағымдағы жылдың 1-30 шілдесі аралықтарында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағы бойынша «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
Аталған іс-шараның  негізгі мақсаты - заңсыз кәсіпшілік әрекеттерін және биоресурстарды қорғау, заңсыз тапқан биоресурстар объектілерін, оның ішінде жануарлар және өсімдіктер дүниесі дериваттарын («Артемия Салина», киік мүйізі, т.б.) елімізден тыс жерге контрабандалық әкету, заңсыз кәсіпшілік әрекетпен және биоресурстар объектілерінің айналымымен заңсыз айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады. 
Іс-шараларды өткізу кезеңінде аталған санаттағы қылмыстарды тергеуге және ашуға бағытталған ұйымдастырылған-тәжірибелік шаралар қабылдануда.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасының нәтижелері

Шемонаиха ауданының аумағында ағымдағы жылдың сәуір айында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді. 
Жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу барысында  Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімімен 152 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
ӘҚ туралы ҚР К 434 б. бойынша ұсақ бұзақылықтар -31
ӘҚ туралы ҚР К 440 б. бойынша спирттік ішімдіктерді ішу – 37
ӘҚ туралы ҚР К 204 б. бойынша белгіленбеген жерлерде сауда жасау – 5
ӘҚ туралы ҚР К 434 б. бойынша жылдамдықты асыру -3
ӘҚ туралы ҚР К 434 б. б. мас күйінде автокөлікті басқару  -31
ӘҚ туралы ҚР К 434 б. бойынша ҚР келу тәртібін бұзушылықтар -2
ӘҚ туралы ҚР К б. бойынша  бұзушылықтар – 7.
Спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланушы адамдарды мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеу үшін мамандандырылған алдын-алу емдеу мекемесіне жіберуге 7 материал дайындалды.
Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімінің есебінде тұрған 283 адам тексерілді.
Заңсыз сақталған 2 бірлік қару тәркіленді, аталған фактілер бойынша ӘҚ туралы ҚР К 482 б. бойынша материалдар жасалды.
Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 1 азамат ұсталды, 21.04.15 ж. 22.00 шамасында Шемонаиха қ. Астафьева к. бойында, Шемонаиха қ. Советская к. тұратын, жұмыс істемейтін 1973 ж.т. К. деген азамат ұсталды, одан жеке тінту барысында футболкасының сол жақ кеуде қалтасында жасыл-қошқыл түсті өсімдік тектес заты бар орам табылды және тәркіленді. 21.04.15ж. №127 сарапшының қорытындысына сәйкес 0,85 грамм мөлшеріндегі кептірілген марихуанна болып табылды. ҚР ҚК 296 б.2 б. бойынша 21.04.2015 ж. № 156368031000401 сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрлары. 
Шемонаиха ауданының ішкі істер бөліміне 34 адам жеткізілді және дактилоскопияландырылды.

«НЕРЕСТ» жедел алдын-алу іс-шарасы

ШҚО ІІД басшылығының нұсқауын орындауда ағымдағы жылдың 16 сәуірінен 30 мамыр аралығында Шемонаиха ауданының аумағында “НЕРЕСТ” жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты - балық және балық өнімдерін заңсыз тасымалдауды, аулауды, қымқыруды, шығару немесе алуды анықтау және ескерту. 
Іс-шараны өткізу кезеңінде аталған санаттағы қылмыстарды тергеуге және ашуға бағытталған ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар қабылдануда.

«Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу туралы

ҚР ІІМ 2015 жылғы 13 наурыздағы № 17 бейнеселекторлық кеңесі шешімінің 1.1 тармағын орындауда, 1-10 сәуір аралығында Шемонаиха ауданының аумағындағы «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және ескерту, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға тартқан ересек тұлғаларды анықтау, қорқытып немесе күштеп алушылық фактілерін анықтау және жолын кесу, дәрімен ататын, суық қару және басқа да сақтауға және ұстауға тыйым салынған заттарды алып қою.
«Жасөспірім» ЖАІШ өткізу кезеңінде заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта кәмілеттік  жасқа толмағандардың, жастардың  жиналатын орындарына, сондай-ақ ойын-сауық орындарында, түнгі уақытта үй-жайлардан тыс жерде алкогольдік ішімдіктерді пайдалану фактілеріне ерекше назар бөлінеді.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚтК 442 бабына сәйкес түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарына ескерту жасалады, жылдың ағымында осы бабты қайта бұзу жағдайында кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

«Stop трафик» жедел - алдын алу іс-шарасы

ҚР ІІМ 2015 жылдың 1-ші тоқсанына арналған жедел-алдын алу іс-шаралар жоспарын орындауда, арнайы операцияларды өткізу кестесіне сәйкес және адамдар саудасы, жеңгетайлық пен притондар ұстау фактілерін анықтау, алдын-алу және жолын кесу бойынша тиімді және нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Шемонаиха ауданының аумағында АІІБ барлық қызметтері мен бөлімшелерін тарта отырып 2015 жылдың 26-28 наурыз аралығында  «Stop трафик» ЖАШ жүргізілуде.
Іс-шара мақсаты: адамдарды пайдалану үшін тарту, ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ашу, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың және ұстаудың жолын кесу,  адам саудасының құрбаны болған тұлғаларды анықтау, басқа елдерден келген азаматтарға қатысты еңбекті пайдалану фактілерін анықтау.

«Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел - алдын алу іс-шарасы

Мереке күндерінде жол-көлік оқиғаларын ескерту, жолда жүру ережесін бұзғандардың салдарынан облыс жолдарында апаттылыққа жол бермеу, әсіресе көлік құралдарын алкогольдік мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында Шемонаиха ауданының аумағында 2015 жылғы 25-27 наурыз аралығында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде патрульдік жасақшалар құрамына ІІБ және ҚАІІБ аппараттарының қызметкерлері, келісім бойынша құқық бұзушылық жасалған орындарда медициналық куәландыруды өткізу үшін нарколог дәрігерлер, сондай-ақ БАҚ өкілдері енгізілді. Жергілікті маңызды және ауылдық жерлердегі жолдар желісіне аудандық ішкі істер органдары бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде учаскелік полиция инспекторлары тартылды.

«Іздеу» операциясы

ҚР ІІМ-нің №3/4-40-57 ҚБПҮ нұсқауына сәйкес, сондай-ақ ТМД елдерінің ІІМ-мен қол жеткізілген келісімге сәйкес 2015 жылғы 23-27 наурыз аралығында Шемонаиха ауданының аумағында «Іздеу» операциясы өткізілуде.
Іс-шара мақсаты: республикадан шет жерлерде тұратын іздестірілушілердің қосымша байланыстарын анықтау мақсатында соттан, тергеуден жасырынған тұлғалардың қылмыстық және іздестіру істерін зерделеу, ТМД елдерінің аумағында жасырынып жүрген іздестірілуші қылмыскерлерге қатысты ақпаратты қорытындылау және ШҚО ІІД КПБ-ға ұсыну, ШҚО ІІД ҰҚКБ қылмыстық ортадағы «беделділер», ҰҚТ белсенділері мен қатысушыларының, сондай-ақ бопсалаушылар ішінен іздестірудегі қылмыскерлерді ұстау, ШҚО ІІД ЕБҚКБ есірткі бизнесінің бағыты бойынша қылмыс жасаған қылмыскерлерді

Шемонаиха ауданының аумағында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» ақциясын өткізу туралы

ШҚО ІІД нұсқауын орындауда 2015 жылдың наурыз айының 16-18 аралығында Шемонаиха ауданының аумағындағы жалпы білім беретін мекемелерді толық қамти отырып «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» ақциясы өткізу жоспарланған.
Ақция мақсаты – жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту, сондай ақ олардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату, нақтылай айтсақ алкогольді сусындар, есірткелік және психотропты заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарды, оқудан жалтарылатын жасөспірімділерді, кәмелетке толмағандардың алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерін және құқыққа қарсы бағытталған жасөспірімділер топтарын анықтау және ажырату. Түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерінсіз болған кәмелетке толмағандарды және де оларға қатысты қылмыстады анықтау, сонымен қоса көңіл көтеру орындарының иесі мен ата-аналарға әкімшілік ықпалды іс-шара қолдану.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Наурыз мейрамын» мерекелеу қарсаңында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында, Шемонаиха ауданының аумағында ағымдағы жылғы 17 - 19 наурыз аpалығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі міндеттері:
- ПКК жасақтарының тығыздылығын арттыру, қосымша патрульдеу бағыттары және бекеттерін, сонымен қатар ҚАЖ түзету мекемелері ІІО арнайы мекемелеріне жақын аумақтарды, ІІД, ІІБ, ҚАІІБ және жұртшылықты, ішкі істер органдары және ішкі әскер барлық қызметтері және бөлімшелерінің жеке құрамын есебінен жабуды қамтамасыз ету;
- қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру, көп қабатты үйлер, көңіл-көтеру орындары аудандарында және басқа да азаматтардың көпшілік жиналатын орындарында патрульдеуді ұйымдастыру:
- заңдылықты  қатаң ұстану, азаматтармен сыпайы және ықыласты қарым-қатынас  жасауы туралы ПКК жеке құрамымен күнделікті нұсқамалар өткізу кезінде нұсқаулар беру;

«Тұрмыс» жедел - алдын алу іс-шарасы

ІІМ-нің 2015 жылға арналған операциялық жоспарының 6-тармағын орындауда, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік маскүйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, ағымдағы жылғы 2-6 наурыз аралығында Шемонаиха ауданының аумағында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Өткізу барысында: отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, көше мен қоғамдық орындардағы алкогольдік мас күйдегі адамдарды жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Учаскелік полиция инспекторларының маңызды нысандарды пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша жұмыстар жандандырылады. Әр әкімшілік учаске бойынша жұмыстарды талдау жүргізіледі, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға жол беретін спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдаланатын адамдарды анықтау және оларды ішкі істер органдарының есебіне қою бойынша тиісті ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылданады.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы

Апаттылықты азайту және 2015 жылдың 17 ақпанындағы ҚР ІІМ № 1-5-4-98/569-и нұсқауын орындау мақсатында Шемонаиха ауданының аумағында мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп ағымдағы жылғы 23-27 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу ұйымдастырылды.
Іс-шараны өткізу барысында:

  1. Әкімшілік полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшеді;
  2. АІІБ ӘПБ аппарат қызметкерлерін жол қозғалысын қадағалауға тарта отырып, автожолдарда жасақшылар тығыздығы арттырылады, тәуліктің түнгі уақытында жол-патрульдік полициясы жасақшылары күшейтіледі, ауылдық жерлерде іс-шараларға учаскелік полиция инспекторлары тартылады, бұл ретте жылдамдық режимін бұзушылықтардың жолын кесу бойынша арнайы техникалық құралдар мен аспаптар барынша пайдаланылады;
  3. Көлікті мас күйінде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын асыру және басып озу, қарсы келіп жол айырысу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ЖҚҚ бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жандандырылады;
  4. Жергілікті атқарушы органдармен, көлік инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық көлік жүргізушілері жол беретін ЖҚҚ бұзушыларды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу ұйымдастырылды;
  5. Ішкі істер және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ЖҚҚ сақтауына ерекше назар аударылады. ЖҚҚ өрескел бұзушылықтарға жол берген полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
  6. Жол-патрульдік полициясы қызметтерінің санитариялық авияция және медициналық құтқару бекеттерінің қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасу бойынша, олардың жауапкершіліктері аймағында ЖКО кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету бойынша жұмыс жандандырылады

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 363 қаулысын орындауда, азаматтық қару ұрлығының алдын алу және Шемонаиха ауданы аумағында тұратын азаматтық қару иелерінің қару сақталатын үй-жайларда күзет жүйесін орнатуды тексеру, сондай-ақ азаматтардың тіркелмеген травматикалық қаруын ерікті түрде өтемді негізде тапсыру жөніндегі түсіндіру жұмысын жандандыру мақсатында, ағымдағы жылғы 10-20 ақпан аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты – Шемонаиха қ. елді мекендерде тұратын барлық азаматтық қару иелеріне қару сақталатын үй-жайларда күзет жүйесінің бар-жоғы және оны пайдалану бойынша тексеріс ұйымдастыру, қару сақталатын үй-жайларда күзет жүйесін орнатпаған азаматтық қару иелерін анықтау, азаматтық қару иелерінің қару сақталатын үй-жайларда күзет жүйесін орнатпау себептерін анықтау (қаруды тіркеу орны бойынша иелерінің болмауы және т.с.с.). Қаруды тіркеу және сақтау орны бойынша ұзақ уақыт бойы тұрмаған, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырған және жаңа тұратын жері бойынша есепке тұрмаған қару иелерін анықтау бойынша, қару сақталатын үй-жайларда күзет жүйесін орнатпаудың анықталған фактілері бойынша қару иелерін қаруды алып қоя отырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау. Травматикалық қару иелерімен оны ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның соңына дейін ерікті түрде өтемді негізде тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізу.

«Жасөспірім – Көше» жедел-алдын алу іс-шарасы

2015 жылғы бірінші тоқсандағы арнайы операцияларды және ІІД жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кестесін орындауда, 2015 жылдың 13-15 ақпан аралығында Шемонаиха ауданының аумағында жалпы білім беретін оқу орындарын түгелдей қамту арқылы «Жасөспірім – Көше» жедел-алдын алу іс-шараларасын жүргізу жоспарланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және ескерту, есірткі және психотропты заттарды, алкогольдық сусындарды кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің пайдалануын, мектепке бармайтын, оқудан жалтаратын жасөспірімдерді, алкогольдік сусындарды және темекі өнімдерін кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге сату фактілерін анықтау. Түнгі уақытта ойын-сауық клубтарында заң өкілдерінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау және клуб иелеріне, ата-аналарына әкімшілік шара қолдану.

 

Новости по теме

2017/10/19
13.10.2017ж. Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімінің 2017ж қаңтар-қыркүйек айларындағы жедел қызметтік-қызметінің қорытындысы кеңейтілген жедел кеңесте қаралды. Толығырақ...
2017/08/31
2017 жылдың тамыз айының аяғында Шемонаиха ауданының аумағында жедел жағдайды сауықтыруға Толығырақ...
2017/05/10
Шемонаиха ауданының ішкі істер бөліміндегі 19 жас полиция қызметкерлері 4 - мамыр күні Ұлы Отан соғысында шейіт болғандарға қойылған ескерткіш... Толығырақ...