Шемонаиха аудандық мәслихатының алтыншы шақырылым депутаттарының  және аудан тұрғындарының назарына:

Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы 2017 жылғы 16 қазанда сағат 10.00-де «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында (Советская көшесі,59) мынадай күн тәртібімен өтеді:

1.  "Шемонаиха Орталық аудандық ауруханасы" КМҚК 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы. Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.

2.  Шемонаиха ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы.

3.  Әлеуметтік саясат, заңдылық, құқықтық тәртібі, азаматтардың өтініштері және депутаттық өкілеттілік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.

4.  Бюджет, экономикалық реформалар, өңірлік даму және экология мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.

5. Әртүрлі мәселелер