Дос болайық!

3 қазанда Шемонаиха өнер мектебінің оқушылары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қонақта болып қайтты. Жас музыканттар мүмкіндіктері шектеулі балаларға концерт көрсетті. Көрермендер бізді қошеметпен қарсы алды. Бұл концерттер дәстүрлі болып табылады. Әдеттегідей біздің оқушылар суреттер мен әуе шарларын табыс етті.