Выдриха орта мектебін жөндеуге 26 миллион

Өткен аптада аудан әкімі Григорий Акуловтың тұрғындармен тағы да бірқатар кездесулері өтті.

Выдриха ауылдық округінің тұрғындарымен Григорий Иосифович Анатолий Иванов атындағы мектептің акт залында кездесу өткізді. Ауыл тұрғындары алдында округ әкімі Любовь Ступенько есеп беру баяндамасымен сөз сөйледі. Ол 2019 жылы ауыл шаруашылығында қандай көрсеткіштермен шыққанын, ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын және жергілікті ЖШС мен ШҚ машина-трактор паркі қалай жаңартылып жатқанын айтты. Любовь Николаевна өткен жылы жергілікті қоғамдастықпен қандай жұмыс жүргізілгені, аудандық және жергілікті бюджет қаражатынан қанша ақша жұмсалғаны туралы айтты. Выдриха және Межовка ауылдарының көшелерін грейдерлеу, Выдрихинка өзені арқылы өтетін көпірді ағымдағы жөндеу жүргізілді, көшелер атауы және тұрғын үйлердің нөмірлері бар аншлагтар тұрғын үйлерінің меншік иелеріне берілді, Выдрихада хоккей модулі салынды. 2020 жылы инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бойынша бірқатар іс - шаралар жоспарланды, оның ішінде- блоктық-модульдік станциясын орнату, Выдриха ауылындағы су құбыры жүйесін жөндеу және су өткізу құбырын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу, "Выдриха ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ ғимаратының төбесін және көше жарықтандыру желілерін жөндеу. Сондай-ақ Любовь Николаевна мектепті жөндеуге 26 млн.теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті.
Аудан әкімі Григорий Акуловтың баяндамасын тыңдап, округ тұрғындары басшыларға сұрақтар қойды. Светлана Белькова Центральная көшесінің жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетінін сұрады. Юлия Рутц азық-түлік дүкендерінде бағалардың шексіз өсуіне наразылығын білдірді. Петр Серохвостов қуатты трансформаторлар кімнің қаражаты есебінен орнатылуы тиіс екенін сұрады, себебі оның кәсіпорнына қажетті жабдықтың жұмысы үшін қуаттар жетіспейді. Қазіргі таңда орталық аудандық ауруханада флюроаппараттың болмауы жөнінде залдан өзекті мәселе де айтылды: шаруашылық қызметкерлеріне медициналық комиссиядан өту мүмкін емес. Барлық сұрақтарға выдрихалықтар жауап алды. Барлық кездесулерге аудандық полиция бөлімінің бастығы Қанат Синиязов қатысты, ол халықты ҚР заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ аудандағы мал ұрлығы фактілері туралы және осы қиындықтарды болдырмау үшін үй малының иелері не істеу керектігін айтты. Қараусыз жүрген мал иелерінің жауапкершілігі туралы ескертті. Және онлайн жасалатын сатып алу кезінде адамдардың мұқият болуына және интернет-алаяқтардың құрбанына айналмауына ерекше назар аударды.

Елена ГРИГОРЬЕВА