«Улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыс аяқталды»

Шемонаиха ауданында 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының басынан бері көп балалы отбасылардың, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің үйлеріне ТЖ бөлімі жергілікті атқарушы органмен бірлесе саны 62 дана улы газды анықтайтын датчик орнатты.

Датчиктің жұмыс істеу принципі улы газ бөлмеге кіргенде және СО газының шоғырлануы рұқсат етілген нормадан асқан кезде дабыл сигналы арқылы хабарландыру болып табылады. Қатты дыбыс қауіптің бар екендігін хабарлайды. Түнгі уақытта, тұрғындар ұйықтап жатқан кезде, сигнал дер кезінде оянуға және өзін құтқаруға шаралар қабылдауға мүмүкіндік береді.

Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі еске салады: жылу беру маусымының алдында пештерді және олардың мұржаларын мұқият тексеріңіздер, күйеден тазалаңыздар және жөндеңіздер. Пештің есігінің алдында жанғыш еденде көлемі 50х70 см болатын отын мен басқа да жанғыш материалдардан тазартылған металлдан жасалған парақ шегеленуі тиіс. Пешке жиһазды, кілемді жақын орналастырмаңыз – олар өртенуі мүмкін. Пешті жағу үшін тез жанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданбаңыз.