Шемонаиха аудандық сотында «Аудандық және оларға теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу ережесі» туралы семинар өтті

Шемонаиха аудандық сотында сот мамандарына сот құжаттарының рәсімделу тәртібін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының 2016 жылғы 5 наурыздағы № 6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген және 2018 жылдың 22 ақпанында өзгерістер енгізілген №6001-18-7-6/59 "Аудандық және оларға теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу ережесі" бойынша семинар сабағы өтті.

Семинарға кеңсе меңгеруші Г.Т.Отешова мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағының барысында бас маман М.Е.Байкетаева кіріс корреспонденциясын қабылдау, рәсімдеу, тіркеу тәртібін және шығыс корреспонденциясын жіберу тәртібін түсіндірді.

Семинарда іс қағаздарын жүргізу ережесіне сәйкес шығыс хат-хабарларын қалыптастыру және жөнелту, оның ішінде «Төрелік» ақпараттық жүйесінде адресаттарды таңдау бөлігіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірынғай жүйесі арқылы жолданатын шығыс хаттардың барлығының міндетті түрде тек электронды нұсқасы жолданып, олар қайталанып шабарман немесе пошта арқылы жолданылмайтындығы түсіндірілді.

Семинар барысында «Төрелік» АЖ-дегі шығыс хаттың жобасын жасау арқылы мысалдар көрсетілді.

Кеңсе меңгерушісі мамандарға сотта іс қағаздарын жүргізу талаптарын қатаң сақтауды тапсырып, аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және енгізу тәртібін анықтайтындығын түсіндірді. 

Семинар соңында сот қызметкерлері пікірлерімен бөлісті.

Шемонаиха аудандық сотының баспасөз қызметі