«Мемлекеттік қажеттілік үшін  жерлерді алып қоюға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі қорытындылары бойынша жобаны талқылау» атты дөңгелек үстел

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Шемонаиха ауданының бөлімінде судья Л.А.Федосова және бөлімінің қызметкерлерінің  қатысуымен «Мемлекеттік қажеттілік үшін  жерлерді алып қоюға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі қорытындыларын  талқылау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік қажеттілік үшін  жерлерді алып қоюға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі қорытындылары бойынша негізгі  ережелерін талқылады.

Дөңгелек үстел соңында мемлекеттік қажеттілік үшін  жерлерді алып қоюға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірленіп, облыстық сотқа жолданды.

Шемонаиха аудандық сотының баспасөз қызметі