Жас виртуоз

Виртуоз деген кім? Ол музыкант – өзінің өнерін жетік меңгерген орындаушы. Өздерінің техникалық мүмкіндіктерін дамыту және көрсету үшін музыканттар соған арнап жазылған музыкалық шығармалар – этюдтарды қолданады. 26 қарашада Шемонаиха өнер мектебінің 18 жас виртуозы өздерінің техникалық мүмкіндіктерін көрсетті. Этюдтар фортепианода, гитарада, домбырада, аккордеонда, домрада, флейтада орындалды. Конкурсқа музыкалық бөлімнің 2-сынып оқушылары қатысты. Корнева Аленаны, Колосова Софияны, Лесечко Марьянаны, Ступина Софьяны, Мейрам Нұрайымды ерекше атап өту керек. Біздің болашақ жұлдыздар жақында біздің ауданды республикалық және халықаралық конкурстарда танымал ететіндігіне сенеміз.

Худякова С.Ю.