Жолдарға ерекше назар

Аудан әкімі Григорий Акулов жол қызметі мен оған жауап беретін лауазымды тұлғалардың жұмысын жіті сынға алды. Осы мәселе бойынша қысқы жолдардың жағдайына жауапты адамдардың қатысуымен кеңес өтті.
Өңір басшысының пікірінше, жол қызметтері алғашқы қар жауған күні-ақ жұмыс істей алмады.
Бұл барлық деңгейдегі - қалааралық және Шемонаиха ішіндегі жолдарға қатысты.
Тротуарлар және аялдамалар тазартылмады, нәтижесінде адамдар жол бойымен жүруге және маршруткаларды аялдамадан тыс орындарда күтуге мәжбүр болды.
Жолдар сапасыз тазаланды, бірнеше күннен кейін ғана алыс тұйық көшелер мен ықшам көшелерді і тазалауға мүмкіндік туды.
Орталық Вокзальная көшесі ұсқынсыз болды: қар тазаланған соң жолдың ортасында әсерлі бөлу жолағы, ал сол және оң жағы бойынша апатты жағдайлар туғызып отыратын– тар табанды жол пайда болды.
Нарықтық алаң мен А. Капорин көшесін қар жауғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ғана қардан босатылды.
Кеңес жұма күні таңертең өтті, содан кейін ғана қала орталығындағы қар тазартылды, және басқа да көшелер тазаланды: мәселен, Вокзальнаякөшесінде техника сенбі мен жексенбіде жұмыс істеді.
Аязды күндері солярка проблемасы туындаған: техника от ала алмады, оған мүлдем жол беруге болмайды, -деп санайды аудан әкімі.
Григорий Иосифович Акуловтың сын ескертпелері аудандық және қалалық деңгейдегі басшыларға да айтылды, олар жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстарының орындалуын қадағалауы тиіс.
«ШемТазалық» ЖШС директоры Ринат Каспаков осы күндері техника жетіспегендіктен, 6.00-ден бастап жұмысқа шыққанын айтып ақталуға тырысты. Бұған Григорий Иосифович ешқандай ақтау қабылданбайды, ал дүрмек кезінде тракторлар тәулік бойы кезекшілік етуі тиіс деп жауап берді.
Сондай-ақ кеңеске қатысқан басқа да жол қызметтері: "Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолдың жол шебері Рашид Тюлюпов және "ОблШығысЖол" КМК ПДУ - 9 жол шебері Болат Тұрсұмбековқа да қатысты.
Егер бұл кәсіпорындардың өз техникалары жеткіліксіз болса, мұндай жағдайда жеке басын тарту керек, деп есептейді аудан әкімі,
Если же у этих предприятий не достаточно собственной техники, в таком случае надо привлекать частную, считает аким района, ал мемлекеттік ақша нашар орындалған жұмыстар үшін емес, сапалы орындалған жұмыстар үшін аударылуы тиіс.
Аудан әкімі Григорий Акулов аудан әкімінің орынбасары Б. Молдахановқа, ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің басшысы А. Тицке және Шемонаиха қаласының әкімі М. Желдыбаевқа қысқы жолдарды күтіп ұстауға бақылау жүргізуге ерекше тапсырмалар берді.


Елена ГРИГОРЬЕВА