"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясын өткізумен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою Халықаралық күні атап өтіледі. Осыған байланысты ағымдағы жылғы 25 қараша  мен 10 желтоқсан  аралығында Шемонаиха ауданының аумағында "Бірлесіп - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсымыз» ұранымен  "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты жаһандық Республикалық акция өткізіледі.

 Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықтың қалың жігін таныстыру болып табылады.

         Акция өткізу кезінде отбасы-тұрмыстық қарым – қатынас саласында құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдер анықталған жағдайда сіз 3-10-21 немесе 102 телефоны арқылы хабарлай аласыз.

 

О. Н. Рыспаев, Шемонаиха ПБ бастығының
орынбасары, полиция подполковнигі