2019 жылғы 5-7 қарашада облыстың аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелерін оқыту өтті

Ағымдағы жылдың 5-7 қараша аралығында Шемонаиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары-Р.Д. Косинов және комиссия хатшысы-О.Г. Ушакова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында кәсіби тұрақты негізде жұмыс істейтін облыстың аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелеріне арналған Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы ұйымдастырған оқыту семинар - кеңеске қатысты.

Тыңдаушылар алдында облыстық комиссия мүшелері, сондай-ақ Өскемен қаласының әкімшілік сотының өкілдері, облыс прокурорлары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, құқықтық актілерді, ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысқан тұлғалар сөз сөйледі.

Барлық оқу үрдісі кейстік тренинг түрінде өтті. Үш күндік оқыту барысында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің бірқатар мәселелері, соның ішінде сайлау заңнамасын бұзу, сайлау күнін ұйымдастыру кезінде және өткізу барысында кездесетін әртүрлі стандартты емес жағдайлар қаралды.

Ұсынылған кейстер сайлау заңнамасынан алынған білімді сайлауды өткізу тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ сайлау процесінің қатысушыларын оқыту жалғастырылатын болады.