VI шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы

2019 жылғы 6 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Шемонаиха ауданының әкімі Г.И.Акулов, аудан әкімінің орынбасарлары,  аудан басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, Шемонаиха ауданының партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 33/2-VI   «2019 - 2021 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының, Первомайский және  Усть-Таловка кенттерінің, Вавилон, Верх-Уба, Выдриха және Зевакино ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М.Самойлова сөз сөйледі, онда  бюджеттік бағдарлама ішіндегі іс-шараларды нақтылау туралы ақпарат берілді. 

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларына және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді. 

Барлық қарастырылған мәселелер бойынша  бірауыздан шешімдер қабылданды.