Ақпараттық хабар

Шемонаиха ауданының әкімдігі 2019 жылғы 21 қарашада сағат 11-00-де Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 59 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелерін сату аукционын өткізеді.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығы:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстар мен ғимараттар) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, жер учаскесі 230/2 мекенжайында орналасқан алаңы 0,06 га, бастапқы бағасы     932012 тг, жер салығы  5647 тг/ж.

2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстар мен ғимараттар) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Серикказы Бекбосынов атындағы көше, жер учаскесі 7/1 мекенжайында орналасқан алаңы 0,0160 га, бастапқы бағасы 278512 тг, жер салығы 1506 тг/ж.

3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстар мен ғимараттар) қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Тимирязев көшесі, жер учаскесі 15/1 мекенжайында орналасқан алаңы 0,4380 га, бастапқы бағасы 6468262 тг, жер салығы 41225 тг/ж.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстар мен ғимараттар) қызмет көрсету үшін Михайловка аулы, Михайловская көшесі, жер учаскесі 1В мекенжайында орналасқан алаңы 0,0611 га, бастапқы бағасы                 249421 тг тг, жер салығы 425 тг /ж.

5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстар мен ғимараттар) қызмет көрсету үшін Узкий тұйық көшесі, жер учаскесі 1/1 мекенжайында орналасқан алаңы 0,0109 га, бастапқы бағасы 213694 тг, жер салығы 1105 тг/ж.

Ауыртпалықтар (шектеулер): Инженерлік желілердің қорғау аймағын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары.

Ұйымдастырушы объектінің бастапқы бағасын және бағаны көбейту қадамын жариялайды. Конкурсқа қатысушылар жарияланған қадам бойынша бағаны көтереді. Объект бойынша сауда-саттық объектінің ең жоғары ұсынылған бағасына дейін жүргізіледі. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар ұсыну, жер салығын мерзімінде енгізу.

Қосымша шарттар: құжаттардың бастапқы пакетін ресімдеу бойынша шығын сомасы сатып алушымен өтеуге жатады.

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны, бағаның 50% мөлшерінде аванстық төлем түрінде 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

    жеке тұлғалар үшін:

    1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

    2) кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 

    3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

    заңды тұлғалар үшін:

    1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

    2) кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

    3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің анықтығын растау үшін тексеруге арналған түпнұсқалары ұсынылады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын құрайды. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі.
Қатысушылар кепiлдiк жарналардың кез келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау  құқығын сатып алуға құқық бередi.

Аукционда жеңіп шыққан жағдайда қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік жарна болып табылады: 
аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 
конкурсқа қатысу кезінде жер учаскесіне құқығын сатуға жарияланған шартпен, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау; сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау.

Аукционды жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан адамның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жазылады.

Кепілдік жарналар сатушыларға келесі жағдайларда:

    1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

    2) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтарылмайды.

Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Кепілдік жарна «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БИН 060140014182, БИК ККМFZ2A қаражаттарды уақытша орналастырудың бақылау есебіне (ҚБЕ) енгізіледі. «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі ҚБЕ нөмірі: KZ 200705034631503006.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Анатолий Иванов көшесі, 59, № 114  кабинетте жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Анықтама телефоны 3-19-57.