"Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы музыкасы"

Мемлекет Басшысы қойған және "Рухани жаңғыру" бағдарламасында белгіленген міндеттерді іске асыру шеңберінде, өскелең ұрпақтың қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылығын тәрбиелеу, өткен және қазіргі заманғы музыкалық мәдениет туралы білімдерін кеңейту, Шемонаиха Достық үйінің "Қазақ тілі" қоғамының активімен аналар кеңесінің төрағасымен бірлесіп "Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы музыкасы"атты танымдық бағдарлама өткізілді.

Шара "Қазақ халқының музыкалық қазынасы" атты слайд - презентациямен сүйемелденді.  Бағдарламаға Ю. Гагарин атындағы мектеп оқушылары, Достық үйінің "Асыл әжелер" қазақ вокалдық тобы қатысты.   Іс-шара балалармен "Еркін микрофон" рефлексиясы  өткізумен аяқталды.