Құрметті кәсіпорындар және ұйымдардың басшылары!

Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ассоциациясы (ӘҚХА) өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмауға және персоналдың кәсіби ауруларын алдын алуға бағытталған "Vision Zero" тұжырымдамасын әзірледі. Қызметкерлердің қауіпсіздігін, еңбекті қорғау және амандығын қамтамасыз ету осы тұжырымдаманың басымдығы болып табылады. Травматизмнің көрсеткіштерін төмендету бойынша негізделген принциптері бағдарламаның жеті «алтын қағидаларында» көзделген.

Өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар тағдырмен алдын ала белгіленбеген және шарасыз болып табылады: олардың үнемі себептері бар. Алдын алудың тиімді мәдениетін дамыту оларды жоюға және өндірістік апаттар мен залалды, сонымен қатар кәсіби ауруларды болдырмауға мүмкіндік береді. «Vision Zero» немесе «Нөлдік травматизм» - өндірістің барлық деңгейлеріндегі қызметкерлердің қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және амандығы секілді үш бағытты біріктіретін алдын алуды ұйымдастыруға сапалы жаңа тәсіл.

«Vision Zero» тұжырымдамасы оралымдылығымен ерекшеленеді және қандай да бір кәсіпорында қызметшілердің қауіпсіздігін, еңбек гигиенасын және амандығын қамтамасыз ету үшін басымды мәні бар алдын алудың нақты шараларына бейімделуі мүмкін. Оралымдылығының арқасында «Vision Zero» әлемнің барлық өңірлерінде жұмыстың кез келген жерінде, кез келген кәсіпорында және кез келген салада қолданылады.

Осыған орайаудан кәсіпорындарын «Vision Zero» Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ассоциациясына (нөлдік травматизм) қосылуды сұраймыз.

Жобаға қосылған кезде әр жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін озық халықаралық тәжірибені қабылдауға мүмкіндік болады. Келешектегі өзгерістердің негізгі элементі – бұл өндірістік қауіпсіздіктің талаптарын сақтау.

Туындаған сұрақтар бойынша Өскемен қ., Карл Либхнет көшесі, 19 мекенжайында орналасқан «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ жүгінуге болады, тел. 8 (7232) 25-65-83,70-01-25,25-24-84.