Бұрынғы тәрбиеші деуге болмайды!

Усть-Таловка кентіндегі «Сәби Әлемі»   балабақшасының  ұжымы  үнемі зейнетке шыққан әріптестерін ұмытпай еске алып отырады. Биылғы жылы  «Педагогтардың еңбегін бағалау» атты республикалық шара төңірегінде мектепалды даярлық тобы мен тәрбиешілері зейнеткер-тәрбиешілерді құттықтап қайтты.

Балалар өздерінің алдын ала дайындаған құттықтау қағаздары мен үй-үйді аралап  мерекемен құттықтады.Бұл құттықтаулар зейнеткер-тәрбиешілерді  ерекше қуанышқа бөледі.Олар балалардың құттықтап келген ниеттеріне ризашылықтарын білдіріп, олармен бірге суреттерге түсті.

Аталған  шара әрбір қатысушының ерекше есінде қалды: педагогтар өзіне көңіл аударуды, балалар мен тәрбиешілердің құттықтауларына тәнті болып, алдағы уақытта жаңа іс-шараларды ұйымдастырып отыруды жөн көрді.

Тюрина Т.С.