Конституция Ата Заңымыз

Каменевка ауылдық кітапханада жасөспірім оқырмандарға Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция Ата Заңымыз» атты құқықтық тәрбие сағаты өткізілді.

Кітапханашы Конституция тарихы жайлы айтып, еліміздің басты заңы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық достықтың кепілі болып табылатыны жайлы әңгіме қозғады. Шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы рәміздері бейнеленген кітапшалар таратылды.