Полиция бастығының есептік кездесуі

2019 жылғы 10 қыркүйекте Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Төлеқанұлы Синиязовтың халықпен есептік кездесуі өтті.

Өз есебінде Қ.Т.Синиязов қылмыстың жай-күйі, жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстың алдын алу туралы айтып берді. Қанат Төлеқанұлы ағымдағы жылы тіркелген және ашылған қылмыстардың саны туралы статистика мәліметтерін келтірді. Қылмыс жасаудың нақты мысалдары және оларға қарсы әрекет ету тәсілдері айтылды.

Аудан полиция бөлімінің бастығымен тікелей қарым-қатынас жасау барысында азаматтарды құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ полицияға жұмысқа орналасу мәселелері қызықтырды, оларға жауаптар алынды.