Жеке тұлғалармен жер салығы және мүлік салығын төлеу тәртіб

Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесі мәліметті хабарлайды:

ҚР Салық кодексінің 514 бабының 3 тармағы және 532 бабының 6 тармағына сәйкес жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын және мүлік сылығын есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей бюджетке төлейдi.

Сондай-ақ  салықтық міндеттемелерін уақытылы орындамаған барлық салық төлешілерге салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда,жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

Қажетті ақпарат алу үшін Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 8(72332)3-25-18 телефон нөмері арқылы хабарласуыңызға болады және Шемонаиха қаласы, Б. Момышулы көшесі, 43 үй, 105 каб. Мурсалиев Ержан Ержанулы, Сулейменова Жанар Аманжоловна.