Тіл фестивалі

5 қыркүйек күні Семей қаласының Абай атындағы кітапханасында Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған "Бір Отан, бір тіл, бір тілек" атты фестиваль өтті. Мерекелік күнге орай қалаға Достық үйлерінің аймақтық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері жиналды.

Шақырылғандардың қатарында Шемонаиха Достық үйінің орыс этномәдени бірлестігінің "Золотая россыпь" вокалдық тобы болды.

Этникалық бірлестіктердің белсенділері өз таланттарын көрсетті. Олар өздерінің ең үздік хореографиялық және музыкалық нөмірлерін ұсынды.

Кітапхана холлында қолданбалы өнердің талантты шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында біздің қоғамымыздың тілдік байлығы, ал залда өзара түсіністік пен достық жағдайы орнады.

 

Достық үйінің директоры В.Соболева