VI шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының  кезектен тыс қырық үшінші сессиясы

2019 жылғы 9 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Шемонаиха ауданы әкімінің м.а. Д.А.Горьковой, аудан әкімінің орынбасарлары,  аудан басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, Шемонаиха ауданының партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 33/2-VI «2019 - 2021 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының, Первомайский және  Усть-Таловка кенттерінің, Вавилон, Верх-Уба, Выдриха және Зевакино ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Л.Ю.Фоминых сөз сөйледі, онда республикалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен нысаналы трансферттерді нақтылау туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жеке кірістерін нақтылау туралы хабардар етті.    

Бірауыздан шешімдер қабылданды.