14 бақытты қоныстанушылар

11 шілде күні «Nur Otan» партиясының Шемонаиха филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ауданымыздың ауылдарында тұратын 14 көп балалы отбасы өз балаларын өсіретін және тұратын қайтарымсыз үйлердің кілттерін алды.

Еске сала кетсек, балаларды қорғау күні қарсаңында 13 отбасы аудан орталығында пәтер кілттерін алып, қоныс тойын тойлады. Бұл біздің елімізде әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға ерекше көңіл бөлінетінін тағы да растайды.

Қоныстанушыларға құттықтау сөзімен аудан әкімінің орынбасары Дмитрий Горьковой бет бұрды.

Ол мемлекет тиімділігінің басты мақсаты мен өлшемі - халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және табысын арттыру екенін атап өтті.

- Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау жөніндегі жаңа ауқымды әлеуметтік шараларды іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл көмектің көлемі біртіндеп ұлғаятынын атап өтті. Бұл мектептегі оқушылардың тегін тамақтануы және тегін мектеп формасы, бала бақшаға ақы төлеу шығындарын өтеу және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық көмек, бұлда тұрғын үй көмегі,-деді Дмитрий Анатольевич.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылы аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен Шығыс Қазақстан облысына 1 600 млн.теңге, сонымен қатар құрылысқа - 800,97 млн. теңге, сатып алуға - 799,03 млн. теңге бөлінгенін атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі Даниал Ахметовтың басшылығымен бюджеттен тыс көздер есебінен облыс аудандарында кезекте тұрған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің үш деңгейлі бағдарламасы әзірленді.

Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша облыстық қоғамдық Комиссия құрылды. Осыған ұқсас комиссиялар қалалар мен аудандар деңгейінде құрылған.

«Парыз» қорының қаражаты есебінен ауданымызға 14 көп балалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 60 млн.теңге жіберілді.

Бұл күні үйлердің кілттерін Садовоедан Ковалёвтар отбасы алды, енді олар Октябрьское ауылына қоныс аударады.  Төрт баланы тәрбиелеп отырған Мамаевтар мен Зелениндердің отбасылары өздері тұратын Верх-Убада қоныс тойын тойлайды. Рулихадан Каратаевтер отбасында да төрт бала бар және оларда жаңа салынған үйге қоныс аударатындарына қуанышты. Сугатовкадан Полина Кудрявцева бес баланы тәрбиелеп отыр, және ол үшін басқа аналар сияқты  балалары жақсы, жайлы үйде өсетініне, онда әр баласының өз бұрышы болатындығына өте қуанышты. Выдрихадан Колмаковтар отбасында төрт бала өсіп келуде, сол ауылдың өзінде олар үлкен жақсы үй алды.

Бұл күні Усть-Таловкалық Светлана Горенко да үйдің кілтін алды: Светлана Андреевнада-төрт бала.

Первомайскийден Чагайдак отбасы бес баланы тәрбиелеуде, және көп жылдар бойы олар 32 шаршы метр уйді паналады. Чагайдактар отбасы көшетін үй-кең: төрт бөлмелі, асхананы санамағанда, жайлы, барлығы сыйымды.

Первомайскийде төрт балалы отбасы Калиевтерде қоныс тойын тойлайды.

Зевакинодан төрт балалы отбасы Шарманкиндер де қоныстануға дайындалуда. Олар Первомайскийге қоныстанады.

Зевакино және Убинкадан Сизиковтар, Маланиндер, Ковалёвтардың отбасылары Первомайский кентінің жаңа тұрғындары атанады. Мысалы, Сизиковтар отбасында – 6 бала, жақында жетінші қыз дүниеге келеді.

8 бала тұратын Бабаковтар отбасы өздері қалағандай Зевакино ауылынан үй алды. Аулада жақсы шаруашылық құрылыстары бар, демек, бұл отбасында қосалқы шаруашылықпен айналысуға мүмкіндік пайда болады.

Жаңа тұрғын үйдің кілтін алған барлық көп балалы аналар осы күні бақыттарында шек болмады, алғыс сөздерімен Первомайскийден Расима Сұлтанқызы және Выдрихадан Алена Колмакова сөз сөйледі.

Әйелдер мемлекет, облыс және аудан басшыларына олардың мәселелеріне үлкен көңіл бөлгені үшін және осы күні мемлекеттен алған осындай жомарт сыйлықтар үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Аудандық мәдениет үйінің әртістері де көп балалы аналарға сыйлықтар - музыкалық нөмірлер дайындады. Олар «Погода в доме», «Птица счастья» және т.б. әндерін орындады.

Олардың үйлерінде, отбасыларында бақыт, сенім, үміт, құрмет, өзара түсіністік, ең бастысы - махаббат орнауын тілейміз.

 

Елена Григорьева