«Мәдени мұра» - халық игілігі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту мақсатында Шемонаиха орталық аудандық кітапханада жас пайдаланушыларды «Мәдени мұра» жобасы бойынша құрылған https://e-history.kz веб-порталымен таныстырдық.
Тыңдаушылар электрондық ресурс бойынша саяхат жасап ел тарихы, халықтар өмірі, олардың мәдениеті мен дамуы жайлы білді. Балаларға біздің елімізде тұратын халықтардың мәдениет ескерткіштері мен архитектурасы, әдебиеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары аса толығырақ ұсынылды.
Шара соңында кітапханашы жастарды өз елінің тарихын білу және мәдени дәулетін сақтау үшін таныстырылған ақпараттық ресурсты пайдалануға шақырды.