«Мектепке жол»

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 30 қыркүйегіне дейін дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.

     Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде материалдық және өзге де көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын-алу.

      Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, оның Мектепке барар жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға нақты қамқорлық пен назар аудара аламыз!

Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» ММ біздің ауданның барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге зор үлес қосуға шақырады.

Акцияға қатысуға ниет білдіруші азаматтар Шемонаиха ауданының білім беру бөлімінің  сенім телефонына хабарласа алады 8 (72332)98115.