ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу

Ағымдағы жылдың 13-24 мамыр аралығында Шемонаиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қорытынды диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.

Тестілеу 4 деңгей бойынша өткізілді, ол А1-А2 деңгейінде тілді қарапайым пайдалануды, В1-В2 деңгейінде тілді өз бетінше пайдалануды көздейді. Тестілеуге барлығы 134 тыңдаушы қатысты, Тестілеуге барлығы 134 тыңдаушы қатысты. Мемлекеттік тілді білудің шекті деңгейі (60%) 52 адам өтті, оның ішінде 9 адам мемлекеттік тілді білудің жақсы деңгейін көрсетті.

Ересек тұрғындар арасындағы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау тестілеуге келмегендер, сондай-ақ сертификатқа тапсыратындар үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айында жалғастырылады.

Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы