«Жаңа тіл – жаңа әлем» акциясы

Ағымдағы жылдың мамыр айында Шемонаиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының оқытушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын графикасына көшу үдерісін ұйымдастыру-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында «Qazlatyn, Sózdikqor.kz, Til-qural.kz, «Tіlalemi.kz» ақпараттық  жобаларды қолдануды насихаттау бойынша «Жаңа тіл – жаңа әлем» атты акциясын Шемонаиха қаласының өрт сөндіру бөлімінде өткізді. Мақсаты – қазақ тілінің латын графикасына көшудегі маңыздылығын қоғамға насихаттау, қолданысын кеңейту, латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіріп жеткізу. Акцияның өткізілу барысында  ақпараттық  жобаларды қайдан қарауға  және оны қалай қолдануға болатыны туралы ақпараттар берілді.

Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы