Қазақстанның таланттары

4 мамырда Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Тарбағатай, Көкпекті, Катонқарағай, Ұлан аудандарынан, Риддер, Семей, Өскемен, Алтай, Глубокийден 163 қатысушыны жинаған «Қазақстан таланттары» атты көп жанрлық халықаралық конкурсы өткізілді. Шемонаиха өнер мектебін екі ұжым ұсынды. Пианистер ансамблі «Тутти – Фрутти»: Ройгер А. және Лопаткина А. (оқытушы Силантьева Е.А.) және оқытушылар ансамблі «Калинка»: Худякова С.Ю., Росина Е.А, Абуталипов А.М. Екі ансамбльде жақсы өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алып, Гран – при иеленді.

 Худякова С.Ю.