«Оқитын уақыт келді»

«Саналы азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шемонаиха қ. Орталық аудандық кітапханасы «Аленушка» балабақшасында жас ата-аналар мен жасөспірім оқырмандарға Қазақстанда жаңа басылып шығарылған әдебиеттерге «Оқитын уақыт келді» атты шолу өткізді.

Танымдық-дамытушы әдебиеттер тәрбиешілерде ғана емес, жас оқырмандарда да сұранысқа ие. Кітаптардың түрлі-түсті иллюстрациялары баршаны бір көргеннен жаулап алды. Кітапханашы «Аруна», «Фолиант»  баспасының қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі кітаптарына, сондай –ақ кітапханада көбірек сұрыпталымы бар және еркін қол жетімді жерде орналасқан мерзімді басылымдарға тереңірек тоқталып өтті.