«Ұлттық валюта күні»

«Business» базалық жоба аясында Шемонаиха ауданының Волчанка ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Ұлттық валюта күні» тарих сағатын өткізді.

Балалар теңге жайлы қызықты деректермен, ұлттық валютаның шығу тарихымен, Өскемен қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық Монета Сарайы» өнеркісібінің пайда болу тарихымен танысты. Іс-шара «Ұлттық валюта- тәуелсіздік факторы» кітап көрмесімен сүйемелденді, онда «Экономика Независимого Казахстана: история рыночных реформ», «Анаңсыз қарттық», «Балаларға қаржы жайлы» және басқа да  еліміздің ұлттық валютасының шығуына арналған кітаптар, мерзімді басылымдардағы жариялымдар ұсынылды. Тарих сағатын «Теңге- Қазақстанның ұлттық валютасы» бейнеролигі толықтырды.