Біздің құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Күздің әдемі қазан айы -Қарттар күнімен басталады. Қарттар күні... Бұл сөзде қанша мән жатыр… Оны - қарттардың көздерінен көруге болады. Аудандық мәдениет үйінің әртістері ардагерлер, әжелеріміз мен аталарымызға әрдайым үлкен ықыласпен өнер көрсетеді.
Выдриха ауылындағы «Уба» шипажайына және Зевакино ауылындағы МӘМ-не көшпелі концерттік бағдарламалар көптен бері дәстүрге айналды. Григорий Кужильский мен Екатерина Борисованы, Нұрболат Раисов пен Екатерина Бейсембаеваны, Дәулетбек Тұрыспеков пен ГульвираҮсенованы, Марина Тыщенко мен Мария Бутакованы көрермендер үлкен қошеметпен қарсы алды. Олардың орындауында ардагерлер мен зейнеткерлер үшін әр жылдардағы сүйікті әндер шырқалады. Ал Ксения Прохорованың орындауындағы әсерлі биі барлығының көңіл-күйін көтереді.

Біз барлықтарыңызды қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз және баршаңызға күш-қуат тілейміз. Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Әрқашанда күздеріңіз тамаша болсын!
 

Аудандық мәдениет үйі